Сертификаттау



Pdf көрінісі
бет236/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

9.3 Сапа жүйесін енгізу 
 
Сапа  жүйесін  табысты  енгізудің  бірінші  және  негізгі  шарты  жоғары 
басшылықтың үнемі қатысуы арқылы, жеке қызығушылығы арқылы ғана әсерлі 
сапа жүйесін құруға болатынын түсінуі болып табылады. Әсерлі сапа жүйесіне 
қол  жеткізу  сапа  жүйесі  бойынша  оқытусыз  жүзеге  асырылуы  мүмкін  емес. 
Бірақ жоғары басшылықтың тығыз жұмысына байланысты оқыту курсы қысқа 
болу керек. 
Екінші маңызды шарты – өз кәсіпорынындағы қызметкерлерін сапа жүйесі 
бойынша  дайындау.  Себебі  кеңесшілік  фирмалар  кәсіпорынның  барлық 
ерекшеліктерін біле алмайды. Сапа жүйесі бойынша оқытылған өз мамандары 


 
224 
қолда бар құжаттарды талдап, қайта жасап, толықтырып, қайта қарай алады. Ал 
кеңесшілер  барлығын  қайта  жасауды  ұсынады.  Мұндай  жағдайда  құжаттар 
жұмыс  істемейді.  Олардың  «процестерді  идентификациялау»,  «сапа 
критерийлері»  деген  сияқты  ұсыныстары  әрине  дұрыс,  бірақ  қатардағы 
орындаушылар үшін бұл үйреншікті емес, яғни, сапа жүйесін енгізу процесінде 
кеңесшілерді тартудың қажеті жоқ, олар тек бағыттаушы рөл атқаруы тиіс, ал 
жұмыстың  барлығын  жұмыскерлер  істеуі  тиіс.  Егер  директор  өз 
қызметкерлерінің пікірін барлық уақытта құптамаса, онда кәсіпорын басшысы 
кеңесшілердің  көмегін  қажет  етеді.  Сондай-ақ  кәсіпорын  жұмысы  үшін  жаңа 
адамның пікірі маңызды болып табылады. 
Сапа  жүйесін  дайындауды  ең  алдымен,  «Сапа  бойынша  жалпы 
жетекшілікті»  жазудан  бастаған  дұрыс,  яғни  жүйе  құрылымын  «жоғарыдан» 
бастау керек. Ол үшін «біздің кәсіпорында ИСО-9001 талаптарының әрқайсысы 
қалай  орындалып  жатыр?»  деген  сұраққа  жауап  беру  керек.  ИСО  бойынша 
талап  етілген  әрбір  бағыттағы  жұмыстардың  орындалуын  сипаттау  кезінде 
қолда  бар  құжаттарға  немесе  дайындалатын  құжаттарға  сілтеме  жасау  қажет, 
яғни,  сапа  жүйесінің  келесі  деңгейінде  қажетті  құжаттар  мен  процестер 
анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет