10.8 Аккредиттеу және сертификаттауды өзара мойындау
Сәтті сертификаттау нәтижесі сертификаттауға қатысушылардың жоғарғы
біліктілігінде сынау мен тексеру жүргізгенде, олардың бір-біріне өзара
сенімінде ғана мүмкін болады. Тапсырыс беруші сертификаттау органы мен
сынау зертханасына сену керек. Осылайша сертификаттауға қатысушылардың
тәуелсіздігі мен біліктілігін анықтау үшін сәйкес механизм қажет. Осындай
механизм аккредиттеу болып табылады. Аккредиттеу – сынақ зертханасының
(сертификаттау органының) нақты сынақтары немесе сынақтың нақты түрлерін
өткізуге
құқылы
екендігінің
ресми
түрде
мойындауы.
Қазақстан
Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
аккредиттеуді «Ұлттық аккредиттеу орталығы» АҚ-на өткізуді бекітті.
Аккредиттеу мақсаты:
– Сынақ зертханаларына және сертификаттау органдарына тапсырыс
берушіден, мемлекеттен және басқа мүдделі құрылымдар тарапынан сенімді
күшейту мен жұмыс сапасын жоғарылату, нарықта қызмет көрсету және
өнімнің бәсекелестікке қабілеттігін қамтамасыз ету,
– Ұлттық және халықаралық деңгейлерді сәйкестік сертификаттары мен
сынақ нәтижелерін мойындау.
Бұл мақсаттарға жету үшін:
– Сынақ зертханалары мен сертификаттау органдарына бірыңғай талаптар
орнату;
– Аккредиттеу органдарына талаптар және аккредиттеудің жалпы
ережелерін орнату мәселелеріншешу керек,
Аккредитдеудің бүкіл үрдісі 4 кезеңнен, әрбір кезең стандартты