3. Стандарт бұйымдарды функционалдық өзара ауыстырымдылықпен қамтамасыз ету принципі Бұйымның өзара ауыстырымдылығын пайдалану көрсеткіштерімен
қамтамасыз етуге болады. Ескінің орнына келетін машинаның немесе
жабдықтың жаңа конструкциясы оның функционалдық қызметін ауыстырып
отыруы қажет, мысалы, автомобиль тарихы 100 жылдан асады, бірақ барлық
модельдер бір-бірін функционалды ауыстырып отырады. Жүргізушіге жаңа
модельді жүргізу үшін қайтадан оқып үйренудің қажеті жоқ. Сондай-ақ түрлі
қажеттілікке арналған автомобильдер, мысалы, жүк машинасы немесе жеңіл
машина бірдей жүргізіледі. Кешендік және озық стандарттауда, сонымен қатар
бұйымдар мен техникалық шарттарды стандарттауда бұл басты принцип болып
саналады. Осы принцип негізінде машиналарды, аспаптарды және т.б.
бірдейлендіру мен агрегаттау құрылады.