1. Титулдық бет
. Стандарттың бірінші беті болып келеді. Мемлекеттік
стандарттардың титулдық бетінің жоғарғы бөлігінде ҚР мемлекеттік ел
таңбасының суреті орналасады.
2. Алғы сөз.
Стандарттың титулдық бетінің екінші жағына орналасады.
«Алғы сөз» бас әріптен бастап жазылып, беттің ортасында орналасады. Алғы
сөзде келтірілген деректер соңына нүкте қойылмаған араб цифрларымен (1, 2,
3, және т.б.) нөмірленеді және келесі бірізділікпен орналастырылады:
-
Стандарты бекітуге жіберген ұйым туралы мәліметтер:
Әзірлеп енгізді (стандартты әзірлеп енгізуге ұсынған органның (ұйымның,
стандарттау бойынша техникалық комитеттің) аты және оның нөмірі).
Егер стандарт бір ұйыммен жасалып, ал бекітуге басқа ұйыммен ұсынылса,
онда стандарты жасаушы мен ұсынушы туралы мәліметтер бөлек келтіріледі:
-
стандарттың бекітіліп іске қосылғаны туралы мәліметтер:
Бекітіліп күшіне енгізілді стандартты бекіткен (орган, фирма, бірлестік
аталуы), стандарт бекітілген ұйымдастыру-өкімгерлік құжаттың аты, күні және
нөмірі;
-
жұмыс жасау мерзімі шектелмей енгізілген, стандарттар деңгейін бірінші
және келесі тексерулер туралы деректер:
Бірінші тексеру мерзімі;
51
Тексеру дүркінділігі;
Стандарттың тексерілу дүркінділігі
ҚР СТ 1.2 стандартына сәйкес тағайындалады,
-
мемлекетаралық, халықаралық, аймақтық немесе шетел мемлекеттерінің
ұлттық стандарттарын, Ж, И қосымшаларына сәйкес ҚР мемлекеттік
стандарттары санатында қолданылу туралы мәліметтер. Мәліметтер 4 араб
сандарымен нөмірленеді,
-
егер стандарт ҚР нормативтік құқықтық актілерін қабылдамай ҚР
заңнамалық билігі, халықаралық келісімдер мен конвенциялар деңгейінде ҚР
заңнамалық актілерінің және басқада нормативтік құқықтық актілердің
нормаларын, іске асырса, онда алғы сөзде көрсету қажет:
«Берілген стандартта нормалар іске асқан (заң (өкім) атауы), ҚР заңнамалық
билік органдары қаулылары мен жарлықтары, келісімдер, конвенциялар,
нөмірлері және оларды қабылдаған (қол қойған) күні.
-
лицензия бойынша жүзеге асырылатын өндірілетін өнім, орындалатын
процес және көрсетілетін қызметке жасалған стандарт туралы деректер:
«Стандарт талаптары лицензиар тағайындаған талаптарға сәйкес»,
-
стандарт жасауда пайдаланылған өнертабыс туралы деректер.
Өнертабысқа қабылданған өтінім, авторлық куәлік, патент нөмірлері және
берілген күні:
«Стандартты жасауда «___»_______ 2001ж берілген № _____ патентке,
«____»____________1988 ж. №_____ авторлық куәлікке сәйкес авторлық
өнертабыс пайдаланылды»
-
орнына стандарт жасалған нормативтік құжаттар туралы деректер:
Орнына енгізілді (нормативтік құжаттың белгіленуі) немесе
Орнына енгізілді (нормативтік құжаттың белгіленуі бөлігінде бөлім,
бөлімше немесе тармақ нөмірлері көрсетіледі).
Орнына стандарт жасалып жатқан нормативтік құжаттар санатында ҚР
«Техникалық реттеу туралы» заңымен қарастырылған стандарттау бойынша
барлық нормативтік құжаттар және техникалық регламенттер түрлері
келтіріледі.
Егер стандарт бірінші рет енгізіліп отырса, жазылады:
Алғаш рет енгізілген
-
стандарттың қайта басылуы туралы деректер:
Қайта басылым ( егер өзгерістер енгізілген болса) айы, жылы немесе
Қайта басылым өзгерістермен (жарияланған ақпараттық басылымның
нөмірі, өзгертілім нөмірі, айы, жылы)
Стандартты қайта басып шығару кезінде, оны жүзеге асыратын ұйым
қалауынша, стандарттың жұмыс жасау мерзімінің ұзартылуы, шектелуі немесе
шектелуін алып тастау, өзгеріс құрамына кірмеген ұйымдастыру- өкімгерлік
құжаттың нөмірі және күні туралы деректерді қосымша көрсетуге болады.
«Іске асыру мерзімі (құжаттың нөмірі мен күні) дейін ұзартылған
(шектелген).
«Алғы сөз» элементінің төменгі бөлігінде төмендегілер көрсетіледі:
-
мемлекеттік стандарттар, сонымен қатар мемлекеттік стандарт ретінде,
52
бекітілген тәртіп бойынша қабылданған мемлекетаралық, халықаралық,
аймақтық және шет мемлекеттердің ұлттық стандарттары немесе басқа да
нормативтік құжаттар;
«Бұл стандартты (стандартты бекіткен орган аталуы және (немесе)
мемлекеттік стандарт ретінде іске асыру туралы ұйымдастыру- өкімгерлік
құжатқа қол қойған) рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара
қайталауға, көбейтуге және таратуға болмайды»
-
ұйымдар және ғылыми-техникалық және басқа қоғамдар стандарттары:
«Бұл стандартты (стандартты бекіткен ұйым, бірлестік аталуы) рұқсатынсыз
ресми басылым ретінде толық немесе ішінара қайталауға, көбейтуге және
таратуға болмайды»
Қажеттілік болған жағдайда «Алғы сөзге» қосымша деректер кіргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |