Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Сәтбаев қаласының Құрметті азаматтары



бет33/44
Дата31.01.2018
өлшемі3,86 Mb.
#37149
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44

Баймұханова Ғалия Жәркенқызы


Жоғарғы санатты дәрігер. 1948 жылы 19 сәуірде Жезқазған поселкесінде туған. Қарағанды медицина институтын бітірген (1972). Еңбек жолын 1973 жылы Жезқазған облыстық ауруханасында терапевт болып бастады. 1976-1996ж. – Жезқазған облыстық ауруханасы терапевтік бөлімінің меңгерушісі, облыстық консультациялық емхана меңгерушісі, Сәтбаев қаласы медициналық-санитарлық бөлімшесі бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары болды. 1996 жылдан Сәтбаев қаласы медициналық-санитарлық бөлімшесінің терапия бөлімі меңгерушісі. Еңбектегі жетістіктері үшін бірнеше рет қала, облыс әкімшілігінің грамота алғыс хаттарымен марапатталған.



Борисов Петр Евгеньевич
Еңбек ардагері. 1944 жылы 29 маусымда Волгаград облысы Котельников қаласында туған. Семей автомеханикалық техникумын бітірген. 1963-1965 жылдары әскери қызметте болды. «Покро» шахтасының жөндеу-механикалық шеберханасында жұмыс істеді, 1966 жылдан жерасты автосамосвалының жүргізушісі, ауысым шебері, механик, №55 және №31-32 шахталар дизельді көлігі учаскесінің бастығы болды. 1987 жылы Батыс Жезқазған кеніші кәсіподақ комитетінің төрағалығына сайланды. 1996 жылдан «Қазақмыс» корпорациясы кәсіподақ комитеті төрағасының 1-ші орынбасары болды. Сәтбаев қалалық мәслихатының екі шақырылымының депутаты. «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен наградталған.

Жанасылова Шынар Қаппасқызы


ҚР-сы оқу ісінің үздігі. 1957 жылы 27 тамызда Шет ауданы Ақсу-аюлы жерінде туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағнды мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген. Еңбек жолын Қарсақпай поселкесіндегі №1 орта мектепте тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі болып бастады. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болды. 1982-1987ж.- Қарсақпай металлургия зауытында саяси ағарту кабинеті меңгерушісі болып еңбек етті. 1987 жылдың маусымында Қарсақпай поселкелік Кеңесі атқару комитетінің төрайымы болып сайланды. 1992-1993ж. – Қарсақпайдағы №3 орта мектеп мұғалімі, 1994-1996ж.-осы мектеп директоры болды. 1996 жылы Сәтбаев қаласы білім бөлімінің әдіскері, 1997 жылдың қаңтарынан бастап білім бөлім меңгерушісі. «ҚР-сы Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР-сы конституциясына 10 жыл» медальдары және қала, облыс әкімдерінің, облыс білім департаментінің құрмет грамоталарымен марапатталған.



Ахметов Шакур Шәріпұлы


Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері. 1925 жылы 25 маусымда Башқұрт АКСР Архангельский ауданының Верхний Лемезей ауылында туған. Жетіжылдық мектепті бітіргенсін «Урал» колхозында жұмыс істеді. 1943 жылы қаңтарда әскер қатарына шақырылды. Витебск және Смоленск бағытында жаумен шайқасты. 1944 жылы мамырда жаралауына байланысты әскерден қайтты. Уфа педагогикалық училищесін бітіріп (1950), бастауыш мектепте мұғалім болып етті. 1962 жылы Никольский поселкесіне келді, зейнеткерлікке шыққанша тау-кен кәсіпорындарында жерасты жолшысы, забойшы, жерасты машинисі болып жұмыс істеді. «Отан соғысы» ордені, «КСРО маршалы Г.К.Жуков», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет