Күнеділов Жақия Асанғазыұлы
Инженер-технолог. 1948 жылы 26 қазанда Кеңгір совхозында туған. Жамбыл технологиялық институтын бітірген. 1972-1978ж. – бас ұнтақтаушы, бас инженер орынбасары, Жезқазған нан комбинаты директорының орынбасары болды. 1978 жылы облыстық колхоз базары басқармасының бастығы болып тағайындалды. 1981 жылы қалалық кооператорлық сауда директоры, нан өнімі инженері, Жезқазған облыстық тұтынушылар Одағы басқармасында өндірістік бөлім бастығы (1985-1994) қызметтерін атқарды. 1994 жылдан «Сарыарқа-нан» ашық акционерлік қоғамының президенті. Сәтбаев қалалық мәслихаты ІІІ, ІҮ шақырылымдарының депутаты, «ҚР-ң Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалінің иегері. Құрмет грамоталармен марапатталған.
Нагаева Ираида Галимжановна
Еңбек ардагері. ҚР-ның еңбек сіңірген дәрігері. 1938 жылы 20 мамырда туған. Қарағанды медицина институтын бітірген (1961). Еңбек жолын Қарағандыда Ленин ауданы туберкулез диспансерінің учаскелік фтизиатры болып бастады. 1964-1968ж. Жезқазған қалалық туберкулез диспансерінің бөлім меңгерушісі, 1968 жылдан құрметті демалысқа шыққанға дейін Рудник поселкесіндегі туберкулез емдейтін балалар санаторийінің бас дәрігері болып еңбек етті. «Қажырлы еңбегі үшін» медалі және құрмет грамоталармен марапатталған.
Аяшов Райымбек Аяшұлы
Инженер-механик, экономист, заңгер. 1953 жылы 12 қаңтарда Жезді ауданы Қарсақпай поселкесінде туған. 1973 жылы әскери міндетін өтеді. Қарағанды политехникалық институтын (1978), Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын (1995), Қазақстан-Ресей университетін (2007) бітірген. 1978-1994ж. – халықшаруашылығының әртүрлі салаларында еңбек етті: совхоздың бас инженері, аудандық «Казсельхозтехника» бірлестігі инженері, Жезді автокөлік кәсіпорнының директоры, Жезді аудандық халық депутаттары Кеңесінің төрағасы, Жезді аудандық әкімшілік басшысының бірінші орынбасары болды. 1995-2003ж. «Қазақмыс» корпорациясы МжКБ (УМиТ) кәсіпорнының директоры, қаржы-есеп басқармасының бастығы, Сәтбаев қаласы жылу-сумен жабдықтау кәсіпорны директоры, Сәтбаев «Жолжылусуқұрылыс» (Дортепловодстрой) тресінің бас директоры, Солтүстік Жезқазған кеніші директоры қызметтерін атқарды. 2003 жылы «Қаратас АБАД» ЖШС-нің директоры болды. Қарағанды облыстық мәслихатының екі шақырылымы депутаты, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты (2004-2007) болып сайланды, Парламент мәжілісінің экология және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі болды. «ҚР-сы Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР-ң конституциясына 10 жыл» медальдары және ҚР-сы құрмет грамотасымен марапатталған.
Достарыңызбен бөлісу: |