СӘтбаевтану оқу-әдістемелік құралы (хрестоматия) Павлодар Кереку 2009 (574) ббк 72(5каз)я7 с 23 С. Торайғыров атындағы пму-нің тарих және кұқық факультеті әдістемелік кенесінің отырысында басуға ұсынылды Пікірсарапшы


Қазақстанда ғылымның жайы мен негізгі мәселелері



бет8/16
Дата15.09.2017
өлшемі4,77 Mb.
#33273
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

Қазақстанда ғылымның жайы мен негізгі мәселелері

Советтер Одағының барлық халықтарымен бірдей, қазақ халқы совет өкіметі орнағаннан бергі жылдардың ішінде өзінің тарихи дамуы жолында зор табыстарға жетті. Қазақстан өте-мөте мешеу жатқан отар өлкеден осы күнде ауыр өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өркендеген Одақтас Советтік Социалистік Республикаға айналды. Қазақстан жерінде көмір өндіру жағынан бүкіл Одағымызда үшінші орын алатын Қарағанды, ССР Одағы мен Европада бірінші орын алатын Балқаш мыс заводы мен Шымкенттің қорғасын заводы салынды. Мұнай, түсті металл, сирек кездесетін металл, алтын, ферросплав өндіретін ірі өнеркәсіп жаңадан құрылды. Қазақстан Советтер Одағының Шығыстағы негізгі мал шаруашылығы базасына айналды, ауыл шаруашылығы өркендеп, механикаландырылған елге айналды, қазіргі уақытта біздің республикамызда мақта, қант қызылшасы, каучук сықылды техникалық егістер өте-мөте үлкен орын алып отыр. Көптеп мектеп салынуы, орта, жоғары дәрежелі оқу орындарының ашылуы, ғылыми зерттеу институттарының құрылуы Қазақстанда ғылымның мықтап өркендеуіне қолайлы жағдай туғызды. Өз Отанының мүдделеріне, Ленин-Сталин партиясының ұлы идеяларына жан-тәнімен берілген сан мың қазақ интеллигенттері өсіп жетілді. Қазақ халқының түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениеті көркейіп өркендеді. Көркейген қазақ халқы Советтер Одағының туысқан халықтарының достық отбасында қазірдің өзінде-ақ лайықты орын алып отыр. 180 жылдан астам уақыт қазақ халқы патшашылдықтың тепкісінде езіліп келді. Қазақтардың тарихи тіршілігіндегі осындай қиын кезеңінде, Ресей империясындағы отар халықтардың басына түскен сондай қиын дәуірге ұшыраған кезеңінде, бір-біріне қарама-қарсы екі жағдайдын ықпалы болды: біріншісі, патшашылдықтың әскери-отаршыл кертартпа саясаты еді де, екіншісі ілгері бастаушы, мәдениетті өркендеу жолын бастаған орыс халқының еңбекші бұқарасы мен ілгері бастаушы-демократияшыл интеллигенттерінің өкілдері еді. Патшашылдықтың және жергілікті сұлтандар мен байлардың екі жақтан бірдей езушілігін көрген қазақ халқы, алдыңғы қатарлы адал ұлдары, орыс халқының ілгері бастайтын азаматтарының игілікті ықпалымен сол қара түнек заманда Европаның ұлы мәдениетінің арналарынан сусын алды. Мұны біз қазақ халқының асқан ғалымдары қазақтың бірінші оқымыстысы Шоқан Уәлихановтың, қазақ әдебиетінің негізін салған Абай Құнанбаевтың, көрнекті педагог, халық ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің тіршілігі мен өнегесінің айқын үлгілерінен көреміз. Социалистік Ұлы Октябрь революциясы ғана, оның халықтар бостандығын орнату деген жалпы адамзатқа ортақ мүдделерді алға қоюы, халықтардың өз билігін өзіне беру, халықтар достығын орнату мүдделері ғана Советтер Одағы халықтарының, соның ішінде қазақ халқының тарихи өркендеуінде өнегелі бір үлкен жаңа үлес болып қосылды. Біздің елімізде ғылымның өркендеуі халық шаруашылығын жалпы өркендетумен, еліміздің бүкіл мемлекеттік тіршілігінің өрлеуімен тығыз байланысты. Елді индустрияландыру мәселелері, алдыңғы қатарлы агротехниканы өркендету, деревняны машиналандыру және коллективтендіру негізінде қайта құру мәселелері, еліміздің тіршілігіндегі осы сияқты толып жатқан күрделі істер гылымға байланысты негізгі мәселелер болып, ғылым негізінде шешілді. Біздің елімізде озат ғылымның социалистік құрылыстағы негізгі мәселелермен тығыз байланысуы керек деген пікірді ұлы кемеңгер Ленин 1918 жылда айтқан болатын. РСҚСР-да ғылыми-техникалық жұмыстардың жоспарының данышпандық жобаларын белгілеуде, ол елді экономика жағынан өркендету жөніндегі зор жұмыстарда ғылымның көрнекті қызмет атқаратындығын атап көрсеткен болатын. Біздің Қазақстандада ғылым совет дәуірінде қарыштап өркендеді. Ұлы Октябрь революциясына дейін қазақтардың сауаттылары екі проценттен артық емес еді. Тарихи жағынан алып қарағанда қысқа мерзім ішінде, 28 жылда, Қазақстан Советтер Одағының басқа республикаларымен қатар, шынында да зор мәдениет революциясын жасады. Октябрь революциясына дейін Қазақстанда бір ғана ғылыми мекеме кәріпшілікпен өмір сүрген болса, яғни Семейде императорлық географиялық қоғамының бөлімшесі болған болса, казіргі уақытта біздің республикамызда ғылыми мекемелер он-ондап саналады. Қазақстанның ғылыми-зерттеу мекемелерінің арасында ССР Одағының Ғылым академиясының Қазақ филиалы көрнекті орын алады. Филиал 1932 жылы ұйымдастырылды. Бұдан 14 жыл бұрын ССР Одағы ғылым академиясының Қазақстандағы ұясы өзінің жұмысын бастаған кезде ботаника, зоология секторлары ғана болған болса, қазіргі уақытта ССР Одағының Ғылым академиясының Қазақ филиалының қарамағында 16 ғылыми-зерттеу институты, 7 секторы бар, бұл институттар мен секторлар ғылымның барлық негізгі тарауларын қамтиды. Ғылым академиясының Қазақ филиалы ұйымдастырылу қарсаңында оның қаражаты он мың сомдай ғана есептелетін болса, 1946 жылы Филиалдың бюджеті 44 миллион сомнан астам болып отыр. Ғылым академиясының Қазақстандағы базасының істеп жатқан алуан жұмыстарын, оның негізгі ғылыми-зерттеу мекемелерінің-институттарының атқарып жатқан қызметін, яғни геология, кен зерттеу, химия, металлургия, кен байыту, отқа төзімді және құрылыс материалдарын шығару, энергетика, астрономия-физика, жер қыртысын зерттеу, ботаника, зоология, тәжірибе-биология, физиология, өлкелік патология, емдеу хирургиясы, тарих-археология, этнография, тіл және әдебиет; секторлардан математика, механика, география, экономика, заң, транспорт, көркем өнер, архитектура мәселелерін көтерудің өзі-ақ сан-алуан еңбек істеліп жатқандығына айқын дәлел. ССР Одағы Ғылым академиясы Қазақ филиалының республикамыздың өте маңызды облыстары мен аудандарында көптеген гылыми-зерттеу тараулары бар. Бүкіл еліміз қасарысқан жауға қарсы қиян-кескі соғыс жүргізіп жатқан уақытында Қазақстан филиалының ғылыми жұмыстары өркендеуде болды. Қазақстан Отан қорғауға қызмет ететін өте ірі заводтардың көптеп көшіріліп әкелінген кезінде, Отан қорғау заводтарының үлкен бір ордасы болған кезінде, Қазақстан майданды металмен, қару-жарақпен, азық-түлікпен жабдықтаудың үлкен бір арнасына айналған кезеңінде, нақ сол кездерде, ССР Одағы Ғылым академиясының Қазақстандағы филиалы соғыстың осындай қиын-қыстау жылдарында, Отан қорғау өнеркәсібін өркендету жолында бар күшімен қызмет ете отырып, еліміздің Отан қорғау күшін нығайту жолында өздерінің ынта-жігерін толық жұмсады. ССР Одағы Ғылым академиясының Қазақ филиалының ғылыми-зерттеу жұмыстарының өсіп өркендеуімен қатар, оның ғылыми қызметкерлері де өсіп, өз қатарын ұйымдастырып отырды. Қазіргі уақытта Ғылым академиясының Қазақ филиалында 75 ғылым докторы мен профессор, 188 ғылым кандидаты мен доцент бар, олардың ішінде көптеген оқымысты казақтар бар. Республиканың негізгі халқының өкілдерінен шыққан аспиранттардың тең жартысынан көбі қазақтар. Қазақ ССР Ғылым академиясының жанындағы қуатты аспирантурада осы күні 187 аспирант бар. Бұлардың бәрі ғылым кандидаты дәрежесін алу үшін диссертация қорғауға әзірленіп жатыр және доктор диссертациясын алу жөнінде 54 ғылыми қызметкер жұмыс істеп жүр. Қазақ ССР Ғылым академиясының барлық кадрлары 1200 адам, оның жүздегені қазақтар. Республикадағы ғылым докторларының барлық санының төрттен үш бөлегі, ғылым кандидаттарының бестен үш бөлегі Қазақ ССР Ғылым академиясының қарамағындағы ғылыми-зерттеу мекемелерінде қызмет істеп жүр. Осының өзі-ақ біздің Академиямыз республиканын ғылыми мекемелері жүйесінде үлкен орын алып отырғандығын айқын көрсетеді. Совет үкіметі тұсында Қазақстанда маңызды ғылыми-зерттеу жүмыстарының нәтижесін қысқаша төмендегімен дәлелдеуге болады. Карта-геодезия жұмыстарының орындалу нәтижесінде Қазақстанның барлық жеріндегі жұмыстардың 90 проценті дерлік 100 мындық, 200 мыңдық масштабта топография карталарымен толық қамтамасыз етілді. Октябрь революциясына дейін, шамалап айтқанда, Қазақ ССР-ның барлық жер көлемінің 6 процентке жуығы ғана геология жағынан суретке түсірілген болатын. Қазіргі уақытта Қазақстан территориясының геологиялық картаға түсірілуі 86,6 процентке жетті. Совет геологтары кең және жемісті ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде Қазақстанның жерінде әртүрлі минералды шикізаттардың бай қорларын таптьқ. Бұл Қазақ Республикасын хром және ванадий қоры жөнінде дүние жүзінде бірінші орынға, мыс, күміс, мырыш, қорғасын, бериллия, қайрақ тас, барит және басқа толып жатқан аса маңызды минералдық шикізаттардың қорлары жөнінде Советтер Одағында бірінші орынға шығарды. Қазақстанның бірқатар кен ордалары, атап айтқанда Алтай (полиметалл), Жезқазған (мыс), Ақтөбе (хром мен никель), Қаратау (ванадий мен фосфорит) кендері, минерал қорларының маңыздылығы жағынан бүкіл дүние жүзіндегі сирек кездесетін металл кендерінің қатарына қосылды. Совет геологтарының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері Қазақстанда бірқатар ірі өнеркәсіп орталықтарын құруға, ССР Одағының ғана емес, бүкіл Европада да өзінің тендесі жоқ өндірістік қуаты бар өнеркәсіптерін орнатуға мүмкіндік туғызды. Атап айтқанда, Балқаштың мыс заводын, (Шымкенттің қорғасын заводын, Ақтөбе, Жезқазған өнеркәсіп орталықтарын алсақ та жеткілікті, Қарағанды бассейнін мысалға алсақ та болады. Осылардың өзі-ақ Қазақстанның совет дәуірі кезіндегі орасан зор индустрияландыру жұмыстарының қаншалықты зор көлемде жүргізілгендігін көрсетеді. Осының нәтижесінде Қазақстан бұрын революцияға дейін артта қалған өте-мөте мешеу ауыл шаруашылығы отарынан осы күнгі қуатты индустриялы-аграрлы Советтік Социалистік Республикаға айналды. 1920 жылы Қазақстанның өнеркәсібі өнімі республикадағы халық шаруашылығының барлық өнімінің 6,3 проценті болған болса, қазіргі уақытта республиканың халық шаруашылығы өнімінің үштен екісінен артығы өнеркәсібі өнімі болып отыр. Қазақстанның жер қыртысын үздіксіз зерттеу, пайдалану ісінде ғалымдарының сіңірген еңбегі аз емес, атап айтқанда: Қазақстанның жер қыртысын, оның жер бетіндегі өсімдіктерін, хайуанатын, табиғи көркемдігін, география аймақтарын тағы басқаларын зерттеу жөнінде көп еңбек сіңірді. Қазақ республикасының барлық 16 облысының жер жағдайы жөніндегі картасы миллиондық масштабта жасалып болды. Орталық Қазақстанның орман-тоғайлы, жидек-жемісті, қуаң-қүрғақ құм шөлдерінде көкеніс егудің жолдары мен әдістері толық белгіленіп жатыр; республиканың қарамағында үш мыңнан астам өсімдік түрі анықталып қағаз жүзіне түсірілді, бұл өсімдіктердің ғылым жөнінде зор маңызы бар. Қазақ республикасының өсімдіктері жөнінде үлкен атлас жасалды. Қазақстанның білімпаздары ауыл шаруашылық ғылымдары жөнінде едәуір табыстарға жетті. Советтік Қазақстанда мақта, қызылша, әр түрлі каучукті өсімдіктер сияқты жаңа техникалық егістердің көп егілуі олардьщ егін шаруашылығындағы табыстарының айқын белгісі. Ал каучукті өсімдіктер біздің Қазақстаннан таралып отыр. Мал шаруашылығы саласында малдың (көбінесе қой мен ешкінің) жаңа тұқымдарын өсіру, мал басының (әсіресе қойдың) тегіс көбейуіне жағдай туғызу, республикамыздың мал шаруашылығын өркендетуге қолайлы аудандары мен облыстарында мал азығының, су қорын зерттеу ісінде бірсыпыра табыстарға жеттік. Ғылымның медицина-биологиялық тараулары кең өрістетілді. Бұл жөнінде көбінесе бруцеллез, безгек, энцефалит, зоб сияқты ерекше аурулардың жұғу жағдайын, бұл ауруларға қарсы колданылатын шараларды, олардың таралатын жерлерін зерттеуге, қорғасын уымен улану, силикоз сияқты ауыр өнеркәсіп орындарында болатын белгілі бір жұмысқа, кәсіпке байланысты ауруларды зерттеуге, шок және республиканың курортта емдеу мүмкіншіліктерін зерттеуге көңіл бөлінді. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанда ғылыми астрономия-физика, химия және техникалық тараулары, оның ішінде энергетика, металлургия және тау-кен зерттеу ғылымы кеңінен өрістеді. ылым академиясының Қазақ филиалының академик В.Г.Фесенков және ССР Одағы Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Г. А. Тихов бастаған астрономия және физика институты ССР Одағының ғылыми астрономия-физика мекемелері қатарында құрметті орын алып отыр. Отан соғысы жылдарында бұл институт шын мәнінде ССР Одағындағы астрономия ой-пікірінің ордасы болды. Институт бірсыпыра күрделі ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқарды. Ғылымның химиялық салаларындағы білімпаздар республикамыздағы неше алуан және орасан мол химиялық шикізаттарды халық шаруашылығында неғұрлым тыңғылықты пайдалануды көздеген едәуір ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Әсіресе, Қаратаудағы дүние жүзілік маңызы бар фосфорит кені негізінде фосфориттің тыңайтқыштар өндіру технологиясын белгілеу, көмірдін, жанар сланецтің әр түрін кокстеуі мәселелерін, Қазақстан мұнайының әралуан түрін неғұрлым үнемді түрде өндеу мәселелерін шешу, Оңтүстік Қазақстандағы дүние жүзілік мол қоры бар кенінен ванадий мен арнаулы металдар айыру мәселелерін шешу жөніндегі жұмыстарды ерекше атап көрсету қажет. Энергетика саласында Қазақстанның су энергетикалық және бу энергетикалық қорларын зерттеу, бұл қорларды халық шаруашылығының кажетіне неғұрлым тиімді түрде пайдалану әдістерін және пайдалану кезегін белгілеу жөнінде көп жұмыс істелді. Қарағанды, Балқаш бу электр станцияларын, Ертіс су электр станциясын, Үлкен Іле, Сырдария, Қарақия және басқа сондай күрделі мәселелердің шешілуін су энергиясы саласындағы зерттеушілеріміз бен инженерлеріміз орынды мақтан етеді. Қазақстанда кен зерттеушілер де көп жұмыс істеді. Олар Қазақстандағы дүние жүзілік маңызы бар мыс қоры мен полиметалдар кендері қорын ашу және пайдалану жолдарын белгілеу, қолдану, Қарағанды бассейнінің қалың көмір қабаттарында кокстелетін, күлі аз көмірді шығару мәселелерін шешу ісінде зор табыстарга жетті. Түсті металлургияда ССР Одағындағы жаңа техникалық әдістерді қолдануда Қазақстан алдыңғылардың бірі болды. Түсті металдар кенін айырудың неғүрлым өнімді жаңа әдістерін Советтер Одағында кеңінен қолдану Қазақстанда басталды. Соңғы жылдардың ішінде металлургия және кенді байыту саласындағы зерттеушілер түсті металлургия заводтарындағы шыққан күкірт газдарын пайдалану, байыту фабрикалары мен заводтарының қалдықтарынан бірсыпыра маңызды тектер айыру мәселелерін кендегі темірді қалпына келтіру, темір, марганец кендерін, сирек кездесетін металдар кендерін, Қазақстанның маңызды кен ошақтарынан шығатын басқа металдарды байыту мәселелерін және басқа көп мәселелерді ойдағыдай шешуде. Отқа төзімді материалдар мен құрылыс материалдарын жасау саласында Қазақстанның зерттеу мекемелері республикамыздың өнеркәсіп және мәдениет орталықтарын жергілікті құрылыс материалдарымен және отқа төзімді материалдарымен қамтамасыз ету жөнінде едәуір жұмыс істеді. Жобаланып отырған Қарағанды металлургия комбинатының құрылысын және өндірістік жұмыстарын отқа төзімді материалдармен қамтамасыз ету жөнінде істелген жұмыстарды, біріктіретін құрылыс материалдарын жасау үшін металлургия заводтары мен бу электр станцияларының шлагын пайдалану мәселелерін және басқа көп мәселелерді шешу жөніндегі жұ-мыстарды ерекше атап көрсету керек. Ғылымның әлеуметтік салаларында орасан зор табыстарымыз бар. Қазақ халқының мейілінше бай ауыз әдебиеті, оның неше алуан батырлық жьірлары мен лирикалық жырлары жиналып тәртіпке салынды. Жиналған ауыз әдебиеті қазірдің өзінде мың баспа табақтан асады. Қазақ тілі грамматикасының ғылыми негіздері белгіленді. Екі томдық орыс-қазақ сөздігі жазылды. Қазақ әдебиетінің төрт томдық тарихы жазылып жатыр. Қазақстанның бірсыпыра тарих жөніндегі маңызды мұралары қазылып тексерілді. Қазақ тарихының деректері жиналып, тәртіпке салынуда. Отан соғысының ең қызу кезінде, 1943 жылы, «Қазақстанның ерте заманнаң қазіргі күнге дейінгі тарихы» алғаш рет жарыққа шықты. Қазақ халқының орасан бай халық музыкасын жинау, тәртіпке салу жөнінде көп жұмыс істелді. Қазіргі уақытта қазақ халқының асқан музыкалық дарындылығын көрсететін, кезінде зор баға алған, мәселен Европа мәдениетінің көрнекті өкілі Ромэн Роллан зор баға берген 1500-ден аса қазақ әндері мен күйлері бастырылды. Қазақстанда ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысын көрсете келіп, соңғы жылдарда басталған қазақ халқының табиғатты зерттеу, оның халық шаруашылығының қажетіне пайдалану ісіндегі нешеме ғасырлық тәжірибесін белгілі бір жоспармен зерттеу жұмыстарын атап көрсету қажет. Бұл жұмыстардың алғашқы қорытындысының өзі-ақ осы жөнінде зерттеушілер алдында кең өріс ашылып отырғанын көрсетеді. Мәселен, аң-құстарын қолдан түнетудің маусымы мен мерзімін белгілі бір тәртіпке салу үшін қазақ халқы хайуанаттьщ бездерін ежелден бері пайдаланып келгені анықталды. Ал, бұл аса маңызды физиологиялық әдіс дүние жүзілік ғылымда тек соңғы кезде мәлім болды. Мұны Румынияның академигі Пархону тапты деседі. Қазақ халқы мыңнан аса әр түрлі өсімдіктердің аттарын және пайдалы қасиеттерін білетіндігі анықталды. Қазақтың жер-су аттары жердің геологиялық және геоморфологиялық өзгешеліктерін көбінесе дәлме-дәл белгілейтіні зерттеушілердің бәріне жақсы мәлім. Қазақ халқының мал шаруашылығы жөніндегі нешеме ғасырлық тәжірибесін зерттеу ғылым мен халық шаруашылығы үшін орасан көп бағалы жаңалықтар болатыны анықталды. Партия мен өкіметтің ССР Одағы Ғылым академиясының Қазақ филиалын Қазақ ССР Ғылым академиясына айналдыру туралы қарары совет өкіметі тұсында Қазақстанда ғылымның ерекше өскендігінің айқын белгісі. Совет өкіметінің біз үшін ерекше маңызды бұл қарары Қазақстан білімпаздарының жанқиярлық ардақты еңбегіне лайықты баға. Ғылым академиясының Қазақ филиалының Қазақстан Ғылым академиясына айналдырылуы тек оның атын өзгерткендік емес. Бұл Қазақстанда ғылымның сапасы жағынан ерекше алға басқандығы. Қазақ ССР Ғылым академиясы республикамызда ғылымның күрделі ордабасы болуға тиіс. Қазақ ССР Ғылым академиясы төртінші бесжылдық жоспарды орындауға кіріскен кезімізде ашылғалы отыр. Халық шаруашылығын өркендетудің келешектегі ұлы жоспары сияқты, төртінші бесжылдық жоспарды орындау ісінде де Қазақстанға көрнекті орын беріледі. Жаңа бесжылдықта жұмсалатын қаражаттың көлемі жағынан Қазақстан Советтер Одағында РСҚСР мен Украинадан кейін үшінші орын алады. Жаңа бесжылдықтың ішінде Қазақстанның өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығына 8,8 миллиард сом жұмсалады. Төртінші бесжылдықта Қазақстанда қара металдар мен химияның үлкен өнеркәсібі құрылады. Түсті металлургия, көмір өнеркәсібі мен мұнай өнеркәсібі мықтап күшейтіледі. Соғысқа дейінгі мөлшермен салыстырғанда мыс өнімі 2,6 есе, қорғасын өнімі 1,3 есе көбейеді. Халық шаруашылығы мен Отан қорғау үшін аса маңызды, сирек кездесетін металдар шығаратын жаңа өнеркәсіп құрылады. Төртінші бесжылдықтың аяғында Қазақстанда егістің көлемі 7,5 миллион гектарга жеткізіледі, мал саны 25 миллионнан асады. Бұл ұлы міндеттерді орындау ісінде Қазақстаңда ғылым мен ғылыми мекемелерге ерекше жауапты және құрметті міндет жүктеледі. Кен қорларын табу және меңгеру ісінде де, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын жаңа техникамен жарақтандыру, тұрмысқа қолайлы жаңа социалистік қалалар салу, еңбекшілердің тұрмысы мен жұмысында денсаулыққа қолайлы жағдай туғызу, ауруға қарсы күресу, социалистік мәдениетіміздің, неше алуан салаларын онан әрі өркендету, яғни ғылымның барлық саласында Қазақстан білімпаздарының алдына тарихи міндеттер қойылып отыр. Сталин жолдастың 1946 жылғы 9 ақпандағы тарихи сөзінде елімізді өркендетудің ұлы жоспарын орындау ісінде, төртінші бесжылдықтың бұдан да күрделі мәселелерін шешуде ғылымның алдына қойылып отырған міндеттер онан да зор екені көрсетілген. Біз теориялық ғылымдарды да, ең алдымен ғылымның басқа барлық салаларын өркендетуге негіз болатын философияны, математиканы, физиканы мейілінше өркендетуге тиістіміз және өркендетеміз де. Совет ғылымының беделді болуы Қазақстан білімпаздарының да төл ісі. Қазақстанның ғылымы жалпы одақтық ғылым майданында көрнекті орын алуына күресуіміз керек. Қазақстанда ғылымның дұрыс жолмен ойдағыдай өркендеуі үшін оның штабы Қазақ ССР Ғылым академиясында өз халқының мүдделеріне, өз Отанының мүдделеріне, Ленин-Сталин ғылымының ұлы мүдделеріне шын берілген қызметкерлер жұмыс істейтін болуы керек. Қазақ ССР Ғылым академиясының ашылуына байланысты бүгінгі салтанатқа жеткізген Советтік Қазақстанның зор табыстары орыс халқы білімпаздарының үнемі туысқандық көмек көрсетіп отырғандығының нәтижесі. Қазақстанда ғылымды өркендету, Қазақ ССР Ғылым академиясын құру ісінде әсіресе, ССР Одағы Ғылым академиясының, оның Президиумы мен басты-басты институттарының еңбегі зор. Қазақстанда алғашқы ғылым ошағын орнатқан Владимир Леонтьевич Комаровтың жарқын бейнесін Қазақстан білімпаздары алғыспен еске түсіріп отырады. Қазақстанның білімпаздары келешекте де ұлы орыс халқының білімпаздарымен, озат совет ғылымының Бүкілодақтық бас штабы ССР Одағының Ғылым академиясымен байланысын онан сайын нығайта беретіндігіне күмәндануға болмайды. Советтер Одағының басқа барлық халықтарының табыстары сияқты, қазақ халқының экономикасы мен мәдениетін өркендету ісіндегі табыстары еліміздің халықтарының идеялық бірлігінің нәтижесі. Бұл идея бірлігіне тек бізде гана Ленин-Сталиннің ұлы партиясының данышпандық басшылығымен халық арасындағы шын туысқандық достықты қамтамасыз ететін даналық және әділетті принциптердің жүзеге асырылуы арқасында қол жетті.Экономиканың ғылым мен мәдениеттің барлық салаларында табысқа жетудің жеңімпаз құралы мен кілті өз қолымызда.
Қазақ ССР ғылым академиясына екі жыл

Россияның бұрын артта қалған аймақтарында, қазіргі одақтас республикаларда ғылым академияларын құру совет өкіметі жылдарында бул республикалардың кең құлаш сермеп гүлденгендігін, лениндік-сталиндік ұлт саясатының салтанат Құруын айқын сипаттайды.



Сталиндік бесжылдықтардың ішінде Қазақстанда алып өнеркәсіп орындары: бүкілодақтық үшінші көмір ошағы Қарағанды комбинаты, өзінің қуаты жағынан КСРО-да және Европада ерекше маңызды орын алатын Балқаш, Шымкент металлургия заводтары салынды, мүнай, қара және басқа металдар шығаратын ірі өнеркәсіп орындары, қуатты социалистік ауыл шаруашылығы, ССР Одағының шығысында ірі мал шаруашылық базасы жасалды. Құрғақта және әуедц транспорт жолы кең өркендеді. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылыгының өсуімен бірге республиканың мәдениеті де өркендеп отырды.

Осы табыстардың бәрі Қазақстанда ғылымды едәуір өркендетуге жол ашты.

Бұдан екі жыл бұрын, 1946 жылғы 1 маусымда ССР Одағы Ғылым академиясы Қазақ филиалының негізінде Қазақ ССР Ғылым академиясы құрылды.

Қазақ ССР Ғылым академиясы өзінің екі жылдық өмірі ішінде аса күшті ғылыми-зерттеу мекемесі болып өсті. Академияның құрамында қазір 17 институт, 13 дербес секторлар бар, бүлар техника, медицина, биология, физика, математика, химия, тарих, тіл, әдебиет, өнер тағы басқа білімдер саласының сан алуан мәселелері жөнінде жүмыс істеуде.

Академияда тұрақты жұмыс істейтін ғылыми-зерттеу базалары кеңінен ұйымдастырылды. Мұндай базалар Қарағандыда, Жезқазғанда, Гурьевте, Лениногорда және республиканың басқа маңызды аудандарында бар.

Қазақ ССР Ғылым академиясында 1200 ғылыми қызметкер жұмыс істейді, олардың арасында 85 ғылым докторы мен профессорлар, 246 ғылым кандидаттары бар. Академияда істейтін ғылыми қызметкерлердің жалпы саны ішінде 260 қазақ, оның ішінде 14 гылым докторы бар. 1947 жылы академияның 57 қызметкері мен аспиранты ғылым кандидаты атағына, 6 адам ғылым докторы атағына диссертацияны ойдағыдай қорғады. 1948 жылы 20 адам докторлық диссертация (оның ішінде 7 диссертацияны қазақтың ғылыми қызметкерлері) қорғайды және 50-ден астам адам ғылым кандидаттығына диссертация қорғайды.

Академияның ғылыми кадрлары арасында доктор және ғылым кандидаты атағын алған қазақ әйелдерінің болуы өте қуанышты.



Өткен 2 жылдың ішінде Академияның ғылыми мекемелері 633 тақырып мәселені зерттеп шешті. 300 ғылыми зерттеу жұмысының қорытындысы өндірісте қолдану үшін тапсырылды. Осы мерзім ішінде Академия 319 рет экспедиция отрядтарын ұйымдастырып жер-жерлерге шығарды.

Қазақ ССР Ғылым академиясының істейтін жұмысын 1948 жылға белгіленген ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарынан айқын көруге болады. Бұл жоспарда 500-ден астам комплексті ғылыми тақырыпты зерттеу белгіленіп отыр. Мұның ішіне 200 аспиранттық тақырып қосылмайды. Осыдан 300 тақырып бірнеше жылдардан бері зерттеліп келеді, 200 тақырып мүлде жаңа мәселе болып отыр.

Бұл мақалада жүздеген осы тақырыптың бәрін жеке-жеке түсіндіріп жату былай тұрсын, оны тізіп айтып шығуда мүмкін емес. Сондықтан біз аса маңызды ғылыми мәселелерге тоқталып өтпекпіз, бұл мәселелерді шешу үшін Академия ұжымы жұмыс жүргізіп жатыр.

Минералдық ресурстар бөлімшесінің ғылыми мекемелері 217 мәселені зерттеп жатыр.

Геологиялық ғылым институтының зерттеп жатқан басты тақырыптары мынандай: Қазақстандағы қара металл кендерін зерттеп, оған карта жасау, Қазақстандағы және ССР Одағындағы мысты құм кендерінің геологиясын зерттеу, Қазақстанның және ССР Одағының мыспорфир рудалары кендерін зерттеу, үлкен Алтайдың полиметалл рудалары кендерін зерттеу тағы басқалар.

Ғылыми және практикалық маңызы бар тақырыптарымен қатар мына төмендегі терең теориялық тақырыптар да зерттелуде, атап айтқанда: Қазақстанның тектоникасы зерттеліп, Қаратаудың структура-геологиялық картасы жасалынады, стратиграфияны, палеогеографияны және магматизм мәселелерін зерттеу, Қазақстанның геоморфологиясын зерттеу, жер сілкінетін аудандарда (Алатауда)жер қыртысының өзгеріп және ауысып отыруын зерттеу жұмыстары жүргізілуде.



Тау-кен институтының ғылыми қызметкерлері үстіміздегі жылы: Алтайдың полиметалл кендерін, Жезқазғанның мыс рудаларын және Қарағаңды бассейнінің көмірін табу және оны шығарудың рационализация әдістерін, таукен жұмысшыларының жұмыс жағдайын жақсарту және силикозға қарсы күресу мақсатымен Алтай полиметалл рудниктерінде вентиляцияны рационализациялау мәселелерін зерттеп шешуде.

Металлургия және байыту институтында: Балқаш пен Қарсақбай мыс балқыту заводтарының шлактары зерттеліп жатыр, бұл отын шығынын азайту және рудадан металды алуды көбейту мақсатында жүргізіледі, Орталық Қазақстанның және мыс рудасы бар Бощакөлдің никель-кобальт рудаларын металл қылып қорытудың тиімді жолдары, тағы басқалар зерттелуде.

Химия институты зерттеп жатқан тақырыптардың ішінде: кышқылдықтың амфотерлік қасиеттерін физика-химиялық әдіспен зерттеу, катализ мәселелерін зерттеу, Орталық Қазақстанның рудаларынан металл марганецін алу үшін, мысты никельмен цементациялау үшін электро-химияны қолдану, Қаратау фосфоритін азот қышқылымен ажырату жолымен комплексті азот-фосфор каучуктарын алу әдісі, тағы басқа мәселелер бар.

Энергетика институтының коллективі: Алтай мен Оңтүстік Қазақстанның гидроэнергетика ресурстарын, оларды тиімді жолмен пайдалануды, ірі өнеркәсіп узелдерін (Қарағанды, Жезқазған) сумен қамтамасыз ету үшін Орталық Қазақстандағы өзендердің гидрологиясын, жалпы сеть бойынша жұмыс істейтін орта және кіші көп электр станцияларының күрделі энергетика системасын есептеу әдісін зерттейді.

Физика-математика ғылымдары бөлімшелерінің жоспарында 51 тақырып белгіленіп отыр.

Астрономия және физика институты: күн системасындағы метеорит материясын зерттеу, актинометрия және атмосфера оптикасы мәселелерін зерттеу, галактиканың құрылысын зерттеу, Сихотэ-Алин метеоритін зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

1947 жылы жаңадан ұйымдастырылған астроботаника секторы 1948 жылы Марста өсімдік болу мәселесіне байланысты жер бетіндегі өсімдіктердің түрлі биіктіктегі спектральдық отражательдік қабілетін зерттеу, өсімдіктің флуоресценциясын зерттеу, люминисценция әдісімен өсімдіктерге инфрақызыл сәуле беруді зерттеу жұмыстарымен шұғылданады. Бұл сектор осы ғылым саласында тек бізде ғана емес, бүкіл дүние жүзінде тұңғыш ғылыми мекеме болып табылады.



Математика және механика секторы 1948 жылы тұрақтылық теориясы мәселесін зерттейді.

Биология және медицина ғылымдары бөлімшесінің ғылыми мекемелерінің зерттеп жатқан 189 тақырыпта: миллиондық масштабта республиканың 16 облысының жер картасы жасалып жатыр, бүл ССР Одағы Ғылым академиясы әзірлеп жатқан бүкіл Совет Одағы картасының тұтас бір бөлігі болып табылады.

Қазақстанда, әсіресе Таукен және металлургия өнеркәсіп орындарында физиология, өлкелік, патология, хирургия, неврология және профессионалдық аурулар мәселесі зерттеледі.

Қоғам ғылымдарының ғылыми мекемелері бөлімшелерінің 1948 жылғы жұмыс жоспарында идеология мәселелері жөнінде БҚ(б)П Орталық Қомитеті мен Қазақстан Қ(б)П Орталық Қомитетінің тарихи қаулыларында талап етілген қазіргі заманның ғылыми тақырыптарын кең зерттеу белгіленіп отыр.



Қоғам ғылымдары бөлімшесінің жоспарына енгізілгеи 82 тақырыптың ішінде ең алдымен мынадай тақырыптарды атап өту керек боладьг «Ерте заманнан алып қазіргі уақытқа дейінгі Қазақ ССР тарихыньің» түзетілген бір томдығының екінші басылуын аяқтап баспаға әзірлеу Қазақ ССР тарихының томдығын жасау жолында жүмыс жүргізу, қазақ тілінің академиялық сөздігінің бірінші және екінші томын бітіру, совет дәуірін қамтитын қазақ әдебиеті тарихының төртінші томын аяқтау, орыс ұйғыр сөздігін жасау, қазақ тілінің терминология сөздігін жасау, қазіргі заманның қазақ тілінің ғылыми грамматикасын жасау, ұлы орыс халқы мен қазақхалқы достығының тарихи негіздерін анықтау жөнінде «Абай және орыс классиктері» мәселесін зерттеу.

Қазақ ССР Ғылым академиясының коллективі жұмыс істеп отырған маңызды мәселелер міне осылар. Мұның бәрі ғылыми зерттеу жұмыстарының кең құлаш сермегенін сипаттайды, Қазақстанның жетекші ғылыми мекемесінің ғалымдары халық шаруашылығының жоспарларын орындау жолындағы, таяудағы бесжылдықтардың ішінде экономика жөнінен алдыңғы қатарлы капиталистік елдерді куып жетіп, басып озу туралы Сталин жолдастың нұсқауларын жүзеге асыру жолындағы бүкіл халықтық қозғалысқа белсене қатысып отырғандығын көрсетеді.



Қазақ ССР Ғылым академиясының зерттеу жұмысына бағыт беруде және оны өркендетуде партия мен өкімет тарапынан берілген көмек, басшылық шешуші роль атқарды.

Қазақстан К(б)П Орталық Қомитеті және Қазақ ССР өкіметі академияның кадрларына идеологиялық тәрбие беру және оларды өсіру мәселелері, сол сияқты оның материалдық базасы туралы маңызды қаулылар қабылдады. Қазақстан К(б)П Орталық Қомитетінің 19 пленумы академияның философия, құқық, экономика, өнер секторларының жұмысын қанағаттанғысыз деп тауып, республикада ғылымның жалпы майданын одан әрі өркендетумен қатар қоғам ғылымдары бөлімшесінін жұмысын жақсарту керек деп тапсырды.



Академияның гуманитарлық ғылыми мекемелерінің тақырыбын қазіргі заманның талаптарына одан әрі жақындату, ғылыми еңбектердің жоғары идеалы болуы қоғам ғылымдары бөлімшесінің ең басты міндеті болып табылады.

Қазақ ССР Ғылым академиясы республиканың өнеркәсібіне, ауыл шаруашылығына өндірісте қолдану үшін көп ғылыми зерттеу жұмыстарын беріп, зор көмек көрсетті. Бірақ біз бұған жайбарақаттанып отыра алмаймыз. Біз өнеркәсіппен, ауыл шаруашылығымен бұрынғыдан да тығыз байланыс жасап, оларға зерттелген жұмыстардың қорытындыларын үнемі беріп отыруымыз керек, сонымен қатар, сол зерттелген материалдардын қолданылуын батыл талап етіп отыруымыз керек.

Қазақ ССР Ғылым академиясы ғылыми ұжымы жұмысының жемісті болуы оның партия ұйытқысы болуына байланысты (ғылыми кызметкерлердің 37 проңенті коммунистер болып отыр). Бұл ұжым қазақтар мен орыс ғалымдарының берік достығы негізінде топталған. Біз өзіміздің кадрларымызды интернационализм, халықтардың достығы рухында арымай - талмай тәрбиелейміз. Мұндай достық социализм жеңген біздің елімізде ғана болып отыр.

Біз жұмысымызға шолу жасап отырмасақ, жұмысымыздағы кемшіліктерді және қателіктерді батыл сынап, өзара сынды кең өрістетіп отырмасақ, алға басуымыз мүмкін емес. Жданов жолдас, творчестволық өнер болмаған жерде, сын және өзара сын болмаған жерде алға басу да болмайды деп атап көрсетті.

Біздің келешекте жаңа табыстарға жетуіміздің негізгі шарты болған бірден ғылыми методологияны марксизм-ленинизм методологиясын, Маркстің, Энгельстің, Лениннің, Сталиннің ұлы ғылымдарының негіздерін әрқайсымыз меңгеруіміз керек. Біз Сталин жолдастың тамаша сөздерін әрқашан есімізде сақтап келеміз. Ол былай деген болатын: «...Ғылымның барлық саласындағы большевиктер үшін міндетті болған ғылымның білімнің бір саласы бар, ол қоғам туралы, қоғамның даму зандары туралы, пролетариат революциясының даму зандары туралы, социалистік құрылыстың даму зандары туралы, коммунизмнің жеңуі туралы маркстік-лениндік ғылым».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет