Сәуірбаева Замира Сейділдақызы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің



Дата19.12.2016
өлшемі129,17 Kb.
#4172
Сәуірбаева Замира Сейділдақызы
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Шығыс ұлына хат



Мақсаты: Жазушы Баубек Бұлқышевтың өмір жолымен таныстыру.

Міндеттері:

Жауынгер жазушының өмірінен қысқаша мағлұмат беру, әңгіме мазмұнын түсіндіру, көркемдік ерекшелігін талдау.

Әңгіменің сюжеттік, идеялық тақырыбын меңгерту, түсініп, жүйелі, көркем әңгімелей білуге баулы;

Оқушыларды Отанын, туған халқын шексіз сүюге, оны қорғай білуге патриоттық сезімге баулу.



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс тәсілі: баяндау, түсіндіру, сұрақ- жауап, шығармашылық жұмыс, тірек сызба.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі , музыка, тарих

Көрнекілігі: презентация, интерактивті тақта, газет- журнал материалдары, жазушының портреті, нақыл сөздер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен амандасу

Назарларын сабаққа аудару

ІІ. Кіріспе бөлім

Үй тапсырмасын сұрау:

Сұрақ -жауап

Тахауи Ахтанов кім? Қандай шығармасын өттік?

Ақынның шығармаларын ата

«Окоп үстіндегі айқас» қандай романнан алынған.

Бұл роман не туралы жазылған?

Ұлы Отан соғысы туралы не білесіңдер?

Әңгіменің мазмұны

Жоспары:

Взводтың ерлігі

Жаралы жауынгерлер

Ұрыс даласында

Шығармадан үзінді көрініс көрсету

Үй тапсырмасын қорытындылау

....Жас еді Баубек жиырмада ғана,

От еді бірақ лаулап тұрған.

Деуші едік оны жалынды бала,

Карчагин сынды дауылдап тұрған.

Д.Әбілов



ІІІ. Жаңа сабақ

Баубек Бұлқышев 1916-1944жж

Баубектің өмірі

1916 жылы қазіргі Жезқазған облысы Ұлытау ауданындағы (бұрын Сарлық деп аталған) Амангелді ауылында дүниеге келген. Ауыл мектебінде сауатын ашады.

1932 жылы әке шешесінен бірдей айырылып, Қарсақпайдағы фабрика зауыт училищесіне оқуға түседі. Әдебиет үйірмесіне қатысады.

1935 жылы Алматыдағы есеп экономика техникумына оқуға түседі. Бітіргеннен кейін қазақтың жазушылар үйінің жанындағы ақын жазушылардың курсына оқуға түсіп, бітірген соң «Лениншіл жас» газетке әдеби қызметкер болып орналасады. «Октябрь балалары» ( «Ұлан») газетіне балалардың шығармашылық бөлімінің меңгерушісі болып орналасады.

1940 жылдың ақпанында әскер қатарына алынып, Мәскеудің мотоатқыштар дивизиясына түседі.

1942 жылы «Өмір мен өлім» туралы мақала жарияланады.

1943 жылы «Заман біздікі» атты кітабы жарық көрді.

1944 жылы ақпан айының ішінде Украинаның Софиев ауданындағы Ново Юльевка деген селосында ауыр шайқаста жау минасынан қаза тапты.


Баубек Бұлқышев





Өлеңдері

Шығармалары



Аудармалары



«Жамбылға»,«Қош қос қыран» ,«Май көркі», «Ана қабірінің басында» , «Ғашығым» ,

«Ер жеткенде», «Өмір» , «Тәтті жыр»

«Лагерьде», «Қыран», «Ұлы ақын», «Жиырма бес» , «Жолдас құстар, күттік сізді», «Өмір» , «Сіздер үшін ұшпасқа не»

«Айсұлу», «Адамзатқа хат» , «Алтын сағат» , «Өмір мен өлім» ,«Шығыс ұлына хат», «Өмір сүргім келеді», «Жауыздық пен махаббат», «Тыңда Кавказ», «Ана», «Алматы қалам менің»


Ер есімі ел есінде

Жастар өмірі туралы аяқталмай қалған «Алматылықтар» атты романы Алматы туралы алғашқы роман болатын.

Жезқазғанда, ауылында Б.Бұлқышев атындағы көшелер бар.

Баубек туралы Дихан Әбілов «Махаббат тағдыры» поэмасын жазды.

Хаттарын жинақтап құрастыған Рәзия Рүстембекова, Рахмитолла Ыдырысов.


Хат түріндегі жанр

(эпистолярлық жанр)



Жалпы амандықты білдіретін хаттар

Қызметтік хаттар

Шығармашылық хаттар



Жеке хаттар



Жеке іскерлік хаттар

Ресми іскерлік хаттар

Әдебиеттегі хаттар

Жазылу түрі





Қара сөз, өлең түрінде

Қара сөз түрінде

Қара сөз, өлең түрінде



Шығармашылық жұмыс. Еркін жазу стретегиясы.

Дос құрбыңа хат жаз

Мен сүйетін тұлғаға хат жаз

Болашаққа хат жаз

Бастауыш сыныпта сабақ берген ұстазыңа хат жаз.

Туысқандарыңның біріне хат жаз




Білемін


Білгім келеді

Үйренгенім

Таң қалғаным












Мәтінмен жұмыс

Хаттың мақсаты

Хатта аты аталған белгілі адамдар

Жазушы арманы












Баубек Бұлқышев

Жоқ болмайды,мен өлмен,

Өшпес менде өмір бар

Өлім мен өмір күресте,

Өлімді өмір жеңе алмас

Б.Бұлқышев

Үйге тапсырма:

«Шығыс ұлына хат» мазмұндап келу




Әуезов – ұлы заңғар жазушы

Әдеби- музыкалық кеш

Мақсаты: кемеңгер жазушы,дана ғалым,қазақ әдебиетінің классигі

Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың өмір жолы,шығармашылығы және еңбек жолы туралы айту,шығармаларын оқу арқылы адамгершілікке тәрбиелеу,оқушылардың ой өрісін,танымын,көзқарасын дамыту.



Көрнекілігі: жазушы суреті,шығармаларына арналған кітап көрмесі,суретті буклет,даналық сөздер,интерактивті тақтадан слайдтар кезегіне орай көрсетіледі.

Музыка ойналып тұрады «Туған жер » әні. 10-сынып оқушысы Сарқытбай Ержан



Кеш барысы:

Кіріспе сөз: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Біз үшін Абай қандай болса,Мұқаңда –сондай даналық мектебі. «Ол мектептен дәріс алу –әр қазақтың абыройлы борышы деп баға берген екен» мемлекет қайраткері Дінмұхаммед Қонаев.

Көркем сөздің пірі,заманымыздың кемеңгер жазушысы,дана ойшыл,ғұлама ғалым,әлем әдебиетінің алыбы,қазақ әдебиетінің «екінші Абайы» Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 115 жыл толуына орай өткізгелі отырған «Әуезов –ұлы заңғар жазушы» атты әдеби- музыкалық кешке хош келдіңіздер!

«Әлемді көз алдыңа келтіру үшін, басқалардың көзіне түсу үшін,адам рухының қадыр қасиетін асқақтата көтеріп жар салу үшін өз биігің –М.Әуезов сияқты асқар шыңның болуы керек» депті қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматов.

Ендеше сол биіктің балалық шыңына саяхат жасайық...

(М.Әуезов өмірінің тарихи тізбесі слайдтан өтіп жатады.)

Қазақ халқының мәдени даму тарихында жазушы, драмашы, публицист, зерттеуші,аудармашы әрі қоғам қайраткарі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың алатын орны ерекше. М.Әуезов –ауыз әдебиеті мен классикалық әдебиеттің, Батыс пен Шығыс көркем сөз мұрасының озық дәстүрін жете меңгеріп,қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің реалистік сапасын арттыруға,әдеби тілді байытуға орасан еңбек сіңірген ұлы жазушы 1897 жылы 28 қыркүйекте

Шыңғыстау өңірінде Омархан деген кісінің отбасында дүниеге келген. Атасы Әуез немересін өз бауырына басып, әлпештеп тәрбиелейді.Мұсылманша ,түрікше үлкен оқуы бар, айналасына қадірлі Әуез – Құнанбай ауылымен жазғы –қысқы көші бір, Абаймен көңілдері жақын , қатты сыйласқан адам екен.Сондықтан да Мұхтар-данышпан ақынды сыртынан немесе есіктен сығалап көрген бала емес,Абай алдына отырғызып,маңдайынан иіскеген ,деректердің айтуынша ,әлдебір үлкен үміт күткендей ,мейірлене қараған бала. Мұхтар арабша хатты да атасының үйретуімен Абай өлеңдерінің қолжазба көшірмесін Әліппе ғып оқып таниды. Табиғат пен жан дүниесіне ғасырда бір кездесетін талант пен ақыл –парасат ұрығын ұялатқан балдырғанның тұтқыр зердесіне қазақ көркем сөзінің шұғылалы күні осылай қонды.Тағдыр дара туған Мұхтарға қаз тұрып,тілі шыға , «Абай аулы академиясына »түсіп , оны үздік бітіріп шығу бақытын жазған.Қазақтан тарихта тұғыш рет Абайдың 150 жылдығы әлемдік ауқымда аталып өтсе,2-кезекте араға аз уақыт салып,Әуезовтың 100 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде дүние жүзінің тойлап жатуында кездейсоқтықтан табиғилық басым жатса керек...

Ендігі жерде жас жігіт туған елі тіршілігінің толғақты мәселелеріне оқыған азамат көзімен қарап,жауап іздей бастайды.Еуразия классикасы мен Абай гуманизмі рухында тәрбиеленген жас ойшылдың 1917 жылы тұңғыш баспа бетін көрген туындысының «Адамдық негізі- әйел» аталуы тегін емес.

Өзі туып –өскен өңірде болған қайғылы оқиға негізінде жиырма жасар драмашы «Еңілік – Кебек » трагедиясын жазып, оны Әйгерімнің киіз үйінде қояды. Бұл-бұған дейін қыр елінде болмаған ала бөтен жаңалық еді.1926 жылы құрылған қазақ драма театры өзінің шымылдығын осы пьесамен ашады.

Мұхтар Әуезовтың бойындағы тағы бір басты қыры – оның журналистігі.Сол кезде қазақ баспа сөзінің дамуына зор үлес қосқан.Оның алғашқы мақаласы Ж:Аймауытовпен бірігіп жазған «Қазақтың өзгеше мінездері» деп аталады. Бұл еңбек Ташкентте «Екеу» деген бүркеншек атпен жарық көріпті.Екеуі 1918 ж «Абай» журналын да шығарды.20- жылдардың бас кезінде орталық органдарда лауазымы жоғары қызыметтер атқара жүріп, «Бәйбіше-тоқал» (1918 ж) пьесасын,қазақ әдебиетіндегі шынайы көркем прозаның кемел үлгісі саналған «Қорғансыздың күні» (1922 ж) ,т.б.тәрізді туындыларын жариялайды. Сөйте тұра , жас кемеңгер өзінің білім, тәжірибесін місе тұтпай, 1923 ж Ленинград университетінің филология факультетіне түсіп,оны 1928 жылы бітіріп шығады, одан кейін Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасын тамамдайды.Ғылым айдынына құлаш ұрған ол тереңнен толғайтын әдеби сын, зерттеулерге қоса , «Қаракөз»пьесасын (1926), «Қараш- Қараш » , «Қилы заман», «Көксерек» , «Абай жолы» эпопиясы сияқты тамаша повестері мен басқада інжу маржан дүниелерін тебіренбей , толғанбай оқу мүмкін емес... «Жетім» әңгімесінен Қасым монологынан үзінді.8 б сынып оқушысы Жолаушыбай Айдана.

30-жылдар ішінде республиканың әдеби –мәдени , театр саласы өміріне белсене араласып,сол кездің көкейкесті тақырыптарына арналған біраз прозалық,драмалық шығармаларын береді Аға буын ақындардың Мұхтар Әуезовке арнаған өлеңдеріне құлақ түрейік.

Сырбай Мәуленов «Мұқаңа» оқитын 9- сынып оқушысы Қинадина Гүлдана,Қасым Аманжолов «Мұхтар аға» 9-сынып оқушысы Октябрь Әсел, Расул Ғамзатов «Мұхтар аға», 9-сынып Бертайыз Диана,Жарасқан Әбдіраштың «Тарих заңы» Диана

Бүкіл қазақ әдебиетінің жетістігі саналған «Айман-Шолпан » либреттосы, «Түңгі сарын» , «Хан Кене» , әйгілі «Абай» трагедиясын дүниеге әкелген суреткер енді Абай атты шұғылалы заңғарға кеуде тұсындағы құзар биіктен құмарта,ойлана көз тигізеді. «Әлде қашан көшіп кеткен керуеннің жұртына келіп сөнуге айналған ошақ орнынан әлсіз қызуы бар шоқты тауып алып оны демімен үрлеп» қоздатып жалынды алауға айналдырған бұл «Абай жолы» романы әлем әдебиеті тарихында ұлы шығарма болып танылып ұлттық ой –сананың жемісті бақшасындай ізгілікпен сұлулықтың шар айнасы болды... Сөйтіп, данышпан ауылының жаңа ғасырдағы жалғасындай болған ұлы жазушы 1942 ж өзінің классикалық роман –эпопеясының І – кітабын, 1947ж ІІ – кітабын жариялайды.1949 ж оған осы екі кітабы үшін КСРО –ның сол кездегі ең үлкен сыйлығы – Сталин атындағы (кейін «мемлекеттік» деп аталған ) І дәрежелі сыйлық беріледі. «Абай » әлем тілдеріне аударыла бастайды.

«Абай жолы –халық жолы,халық жолы Абай жолы»ежелден тарихи шындыққа сай көркемдік шеберлікпен суреттеу арқылы шығармашылық жеңістің өрен үлгісін көрсетті.

М.Әуезов -1945 жылы ашылған Қазақ КСР Ғылым академичсының тұңғыш толық мүшелерінің бірі.Ол Ғылым академиясы мен Жазушылар одағында үлкен істерге ұйытқы бола жүре ,өмірінің ақырына дейін Қазақ мемлекеттік университетінде алдымен әдебиет тарихынан ,одан кейін негізін өзі салған «Абайтану» курсынан дәріс оқиды.Дүние жүзіндегі атақты жоғары оқу орындарының бірі-Мәскеу мемлекеттік университетінде де біршама уақыт кафедра басқарып,дәріс береді.Оны ғылыми әлем КСРО халықтары,соның ішінде түркі тілдес елдер әдебиетінің ерен білгірі деп мойындады.Жазушы ұлы эпопиясының 2-томын 50-жылдардың ортасына қарай бітіреді.Ол Кеңестік шығыста бірінші болып , 1959 жылы Лениндік сыйлыққа ие болды.Ұлы суреткердің атағы алыс елдерге тарады ,оның даңқы жер жарған эпопеясын әлем білімпаздары «ХХ ғасырдағы ең үздік туынды» деп мойындап жатты.Жазушы шығармашылығында табиғат суреті,пейзаж күрделі қызмет атқарады.Оның қандай әңгіме ,повесіне де табиғат реңі жарасымды бояу,үйлестік қосып отырады.Бұл –Әуезовтың суреткерлік өрнегінің ажырамас бір кестесі.М.Әуезовтың туындыларында таң мен кештің,күн мен түннің ,жаз бен қыстың , көктем мен күздің алуан суреті бар. Өмірдің ақиқат ағысын ,типтік құбылыстарын зерттеу жазушыға қазақ қоғамының көкейкесті мәселелерін көтеруге мүмкіндік берді. Пайғамбар жасынан асқан шағында 1961 жылы 27 маусымда Мәскеудегі Кунцево ауруханасында дүние салды.Қазақстанның көптеген қалаларында театр,көше, мектеп аттары,Әдебиет және өнер институты Мұхтар Әуезов есімімен аталды.Алматыда,Семейде ұлы тұлғаға қойылған ескерткіштер бар .Драмалық шығармалары «Абай»,»Қарагөз», «Айман-Шолпан», «Бәйбіше-тоқал» театр сахнасында қойылып жүрсе, «Көксерек», «Қараш-Қараш оқиғасы» бойынша кино түсірілді. 2008 жылы Н.Анастасьевтің «Жизнь замечательных людей» сериясымен «Жеңімпаз қасіреті» кітабы жарық көрді де, кітап негізінде деректі фильм түсірілді.Мұхтар Әуезов шығармашылығынан филология, тарих,философия саласы бойынша диссертациялар қорғалды. «Қараш-Қараш оқиғасы» әңгімесінен үзінді 10-сынып оқушылары Ғарифолла,Қуаныш,Сәндігүл, «Көксерек» әңгімесі бойынша үзінді көрсету Мәрмар, Дамир, Дархан.

Қазақ әдебиетінде М.Әуезов дәстүрінің игі ықпалы әр тараптан көрініп отырады.Өткендегі тарихи қайраткерлер ,әсіресе шығармашылық адамдары жайнда шығарма жазған әрбір қаламгер оның құдіретті талантының шарапатын сезетіні шүбәсіз.М.Әуезовтың әдебиеттегі дәстүрі,кең мағынасында алғанда , халықтың санғасырлық тарихы мен мәдениетін зор құрмет тұтудың ,отаншылдық ,азаматтық биік мұраттың ,ана тілін ардақтау мен талғамдылықтың , өзге халықтардың рухани жетістігінен үйрене білудің , әдебиеттің тағылымдық ,тәрбиелік,көркемдік орнын түсінудің сара дәстүрі. Мұхтар Әуезовтің рухани мұрасы арқылы әлем қазақ халқының ұлылығын,оның адамгершілікті бастауларын танып білді.

Келер ұрпақ,

Бізден кейін келер ұл,

Өз кезіңде өз бағанды бере біл.

Әуезовті жырлау үшін қазаққа

Абай сынды ақын керек және бір...

деп ақын жырлаған ұрпақ дүниеге қашан келерін бір Алладан өзгемізге беймәлім.

Кеш соңы әсем ән мен мыңбұралған биге ұласты. Ән: «Қазақ елі» Қинадина Гүлдана 9-сынып оқушысы, Сарқытбай Ержан «Өз елім» 10-сынып оқушысы,Жолаушыбай Айдана «Саржайлау» 8-сынып оқушысы Қазақ биі Нағима, Жансая 8-сынып оқушылары, Кеңесов Самғат «Жаса Қазағым» 8-сынып,Әлихан Еркемарал «Ауылым» 9-сынып, Қазақ биі Сәбитбек Гауһар 8-сынып оқушысы.



Музыка пәнінің мұғалімі Мырзатаева Ақгүл «Ана туралы баллада» әні.

Мұхтар Әуезовтің 115 жылдығына арналған «Әуезов-ұлы заңғар жазушы» әдеби-музыкалық кешіміз аяқталды. Тыңдағандарыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет