Сәуірдің екісі «Абай жолы» роман-эпопеясы «Жұтта» тарауы



Дата05.04.2022
өлшемі244,72 Kb.
#137987
Байланысты:
2. 04.22 Абайтану

Сәуірдің екісі «Абай жолы» роман-эпопеясы «Жұтта» тарауы

“1 минуттағы ой” әдісі


“Абай жолы”

І топ

І топ

Биылғы қыс өте ерте, суық түсті. Ел қимылы келе жатқан

жұтқа дайындалған сияқты. Бұл жыл Абай Аралтөбеге

Әйгеріммен оңаша қыстау салдырған. Ақшоқыда Мағаш,

Нұрғаным, Ділдә қалған. Қыстық жем-шөп те аз

жиылыпты. Ел сөзі тек осы қыстың қандай болатынын

жайлы еді. Күндер суық өтсе де, Абай үйіне қаладан

қонақтар үзілмеді. Келгендер қалада дауларды әділ шешіп,

дұрыс байлау айтып жатқан бір кісі туралы айтатын. Ол Абайдың

Мағашы еді. Абай осы Мағашымен қуанатын, мақтанатын.

Қонақтардың бірі Мағаштан хат әкеліпті. Ол жерде Мағаштың

ауырып жатқаны жайлы жазылған екен. Абай үсік ұрғандай

ағарып, түрленіп кетті. Дереу Баймағамбетпен Семейге жетеді.

Мағаш әкесін уайымдап, қысылып қалмасын деп, өзін сау адамдай

ұстауға тырысады. Бірақ Абайдың жүрегі сезетін, қорқатын еді.

ІІ топ

ІІ топ

Мағаштан күнде хабар алып, дәрі-дәрмегін беріп қарап жүрген жас

дәрігер Станов болатын. Мағаштың жөтелі жиілей, көп демігетін

болып қалған. Осындай қиын күндерде Павлов бір хабар алып

келеді. Жапония Ресейге соғыс ашып, шығыстағы Порт-Артур

кеме орталығын жаулап алыпты. Досы патша үкіметінің күндері

сараң болып қалғанын, революцияшыл топтардың сенімі арта

түсетіндерін айтып, Абайды сәл ғана қуанта алды. Абай дәрігер

Становпен оңаша сөйлескенде қатты күрсінді. Ол Мағаш

ауруының шипасы жоқтығын, ол күтімді қарауда болса екі-үш жыл

жасайтынын айтады. Енді Мағашты ауылға алып, қымыз етпен

жылы күтуін ұсынады. Абай Семейде уақытша жүрген

ауылдастарын айтып, ауылға бір күнде қайтуға бел байласады.

Себебі Мағашты қыстың қатал суығына көп қалдырмай, көп

шанамен жедел жол ашып, ауылға жету керек болатын. Бір күнге

келісіп, Дәрмен, Баймағамбеттер жолға дайындық көріседі.

ІІІ топ

ІІІ топ

Биыл күз басынан ертелей түскен қыс суығы ақпан айы келсе де үйріккен боран

бәсеңдемеді. Мая-мая шөптер таусылған. Күннен-күнге мал қырғыны көбею

үстінде. «Жұт келсе бірегей келеді» дегендей, ауыл адамдарының азық-түлігі

бітіп, қалаға жүрсе мінер семіз аты жоқ, жаяулап көп күйзеледі. Қар астын тебініп

шөп тауып жейтін жылқыларды жылқышылар қыр мен қыр аса айдап жүдетті.

Артынан жылқышылар кейін жететін болған. Түнге қарамай ұйқысыз, ықсыз

ысқырған боранды түндерді Алтыбай айықпай өткізеді. Жылқы айдағалы жетінші

күні боран қайта туғандай асқынады. Тіпті қарсы алдында не тұрғанын керсетпес

еді. Жылқылар даурығып, шөп шаппай кете берісті. Қараңғылықпен бірге келетін

топтары (қасқырлар) да жеткен еді. Аттар үркіп алға баса берді. Алтыбай бар

қуатын салып, айқай салса да жиырмадай қасқыр үріккен де жоқ. Түнекте жол

көрінбей жылқылар жарға құлап кетті. Бұл бірінен кейін бірі кеткен Жамбы

жарында болатын. Алтыбайдың астындағы аты да әбден қаурығып, шыдамай

жатты. Алтыбай жар жағалай жаяу түсіп кетеді. Кейін артынан жеткен

жылқышылар Алтыбайдың қасқырға таланғанын түсінеді. Тымағын иектен, етігін

жасайдан табады. Алтыбайдың Байтұяқ деген немере інісі де Ақшоқы қойларын айдаймын

деп, ерте кетеді. Тіпті сәуір айы келсе де топыр боран аластамайды. Басқа ауылдардың

айдап кеткен мың жылқысынан жиырма-отызы қайтып жатты. Ақшоқыда жұттан үлкен

қайғы Мағаштың жағдайы еді. Ол күннен-күнге әлсіреп жатқан болатын. Соңғы күндері

Мағашты қайғырған жұрт көп. Мағаш Абайдың қолын ұстай: «Аға ... дүние ... осы!», деді

де үзілді. Абай, үй іші, бүкіл Тобықты Мағаштың артынан кесек-кесек жастарын ағызып

қайғырады.

1- тапсырма

2- тапсырма

Шығарманы сюжеттік желісіне талдау.

Дара диаграмма

Мағауия Абайұлы торкөздерді толтырамыз.

Төрт сөйлем әдісі (берілген үзіндінің мазмұны бойынша)

  • Пікір (өзіндік ой, көзқарас) :
  • Дәлел (көзқарасыңа шығармадан дәлел келтіріп жаз):
  • Мысал (қазіргі өмірмен байланыстыр):
  • Қорытынды (қорытынды ой):

Бағалау критерийлері


Р\с

Жұмыс түрі

Ұпай

1

Үзінді бойынша көтерілген мәселені анықта, тақырып қой.
Берілген үзінді бойынша бір ашық, бір жабық сұрақ құрастыр.

2

2

Шығарманы сюжеттік желісіне талдау.

4

3

Дара диаграмма

2

4

Төрт сөйлем әдісі

2

Кері байланыс



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет