Сәулет, қала қурылысы және қурылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



Pdf көрінісі
бет33/70
Дата16.11.2022
өлшемі1,19 Mb.
#158448
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   70
Байланысты:
Благоустройство

 
10.3
Алаңдар
10.3.1 Функционалдық талаптарға сай алаңдар негізгі (билік органдарының, 
қоғамдық ұйымдардағы ғимараттарда), объекті маңындағы (театрларда, ескерткіштерде, 
кинотеатрларда, мұражайларда, сауда орталықтарында, стадиондарда, саябақтарда, 
базарларда ж.т.б), қоғамдық-көліктік (вокзалдарда, метрополитен тұрақтарында, қалаға 
кірер жолда), мемориалдық (еске алу объектілерінде немесе орындарда), көлікті шешу 
алаңдарына бөлінеді. Кешенді абаттандыруды жобалауда негізгі немесе елді мекендегі 
көлік ағымдарының жаяу жүргіншілердің немесе көлік жолдарының жоғарғы деңгейін 
қамтамасыз ету керек. 
10.3.2 Алаң аумағындағы кешенді абаттандыру элементтерінің міндетті тізбегін 
10.2.1 тармағына сай қабылдау керек. 
10.3.3 Жаяу жүргіншілер өткелінің жабынының түрлері арнайы ұсынылған 
автокөліктердің (өрт сөндіруші, апаттың алдын алушы ж.т.б) жүруіне, жеңіл 
автокөліктердің уақытша тұрақтауына ыңғайлы болуы керек.
10.3.4 Алаңның жаяу жүргіншілер жүретін бөлігіндегі автокөліктердің уақытша 
тұрақтауына 
жә
не жүруіне болатын орындарды арнайы түспен немесе жабумен, мобильді 
көгалдандырумен белгілеу керек. Осыған сай жүретін жолдың ені жаяу жүргіншілер 
ағынын өткізуге
жә
не есептеп үлгеруге лайықты болуы керек. 
 
 
 


 
ҚР ҚН 3.01-05-2013 
26 
10.4
Жаяу жүргіншілер өткелдері 
10.4.1 Жаяу жүргіншілер өткелдерін қалалық көшелер мен жолдардың бойындағы 
негізгі жаяу жүргіншілер коммуникациясының қиылысқан тұсында орналастыру керек. 
Жаяу жүргіншілер өткелдері көшенің жүретін жартысымен деңгейлес (жер үсті) немесе 
көшенің жүретін жартысымен деңгейлес емес (жер асты) етіп жобаланады.
10.4.2 Көшеден тыс жаяу жүргіншілер өткелін кешенді абаттандыру элементтерінің 
міндетті тізбесіне: еден жабынының қатты түрлері, жоғарғы жақты тоқайластыру 
элементтері (баспалдақтар), жарық түсіруші құралдар, қоқысқа арналған кішкентай 
контейнерлер мен сауыттар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет