ҚР ҚН 3.01-05-2013 5
- шу дірілдерінің зиянды
әсер
лерінің алдын-алу үшін шудан қорғауды;
- жазатайым оқиғаларға, құлауға, соғысуға, күюге, электр тогына соғылуға,
жарақаттарға жол бермеуді, сонымен қатар халықтың қимылы шектеулі тобы үшін
қолжетімділікті қарастыратын елді мекендердің аумағын пайдалануға беру (пайдалану)
процесіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолы арқылы абаттандыру элементтерінің
қажетті минималдық үйлесіміне қол жеткізу жатады.
5 КЕШЕНДІ АБАТТАНДЫРУ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ЖОБАЛАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 5.1 Инженерлік дайындық және аумақты қорғау элементтері 5.1.1 Инженерлік дайындық
жә
не аумақты қорғау элементтері аумақты
пайдаланудың ыңғайлылығы мен қауіпсіздігін сақтауды, жаңа құрылыспен байланысты
оны жағымсыз табиғи
жә
не техногенді үрдістерден қорғауды қамтамасыз етуі қажет.
Инженерлік дайындық
жә
не аумақты қорғау элементтерін жобалау беткі су ағымдары мен
бедерлерін ұйымдастыру шараларының құрамында жүргізіледі.
5.1.2 Кешенді абаттандыруды жобалауда бедерлерді ұйымдастырудың міндеттерін
аумақтың функционалдық бағытына
жә
не оның қайта өңделуінің мақсаттарына
байланысты анықтау керек. Қайта құрылған аумақтар бедерінің ұйымдастырылуын жер
бедерін, топырақ қабатын, ондағы жасыл көшеттердің, беткі су бұрғыш жүйесін, құрылыс
алаңында ығыстырушы қарашірікті пайдалануды сақтауға бағытталуы керек.
5.1.3 Бедерді сатылау кезінде:
- құрылыс пен топырақтың жалпы беріктігінің жойылуына;
- топырақтың орнын ауыстырудан көршілес ғимараттар, жолдар мен
коммуникациялардың бұзылуына немесе жойылуына жол берілмейді.
Беріктіктің жойылуын тоқтату үшін топырақтың орнын ауыстыру кезінде тіреу
қабырғалары мен еңістерді жобалау керек.
Еңістерді бекіту керек. Еңістерді бекіту материалдары мен
ә
дістерін таңдауда:
- елді мекендегі еңістердің орналасуын;
- беткейлерге болжалды механикалық қысым деңгейін;
- беткейдің тіктігін;
- қалыптасушы ортаның
ә
серін есепке алу керек.
Табиғи еңістердің максималдық көлемі топырақ түрлеріне байланысты бекітіледі.
5.1.4 Елді мекендердегі құрылыста ашық аңғарлардағы еңістердің бекінісін беткі
ағынның су айдынға құлауын
жә
не механикалық қысымның жоғарғы деңгейінде
жағалаулардың бұзылуын болдырмайтын материалдар мен
ә
дістерді пайдалана отырып
жүргізу керек.
5.1.5 Қауіпсіздік мақсатында қиябеттің тіреу қабырғалары мен жоғарғы жиектеріне
көлік коммуникацияларының орналасуы кезінде оларға қоршау жасауды қарастыру қажет.
Сонымен қатар, осы құрылысты жағалай орналасқан жаяу жүргіншілер жолының
қоршауын да қарастыру керек.
Ағынды ұйымдастыру бедерді
жә
не су бұрудың ашық немесе жабық құрылғылар
жүйесі: су ағындарының құбырлары, науа, кювет, жедел ағындар, жаңбыр қабылдаушы
құдықтарды ұйымдастыру сұрақтарының кешенді шешімімен қамтамасыз етілуі керек.