Тәрбие жұмысының тақырыбы: «Қоғамдық сананы жаңғырту жолында инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы бәсекеге қабілетті, санасы ашық және сыни тұрғыда ойлай алатын тұлғаны қалыптастыру»
Тәрбие жұмысының мақсаты: Оқушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттық ретінде қалыптасуы мен өз - өздерін танытуларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.
Тәрбиенің міндеттері:
Білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;
Балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;
Қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде эстетикалық және діни толеранттылықты тәрбиелеу;
Отбасылық тәрбие жүйесін қайта жандандыру және отбасын білім беру мекемелерінің тәрбие жүйесіне араластыру.
Мектеп кешенді тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру жолында, бағдарламада белгіленген тәрбие мақсаттары мен қойылған міндеттерді орындау мақсатында 8 бағытта жұмыс жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |