Ш 79 ш онбайҚ. Бкінші болма. Жеціске жетудің қазақша жолм. /Қ. Шонбай



Pdf көрінісі
бет204/220
Дата19.03.2022
өлшемі8,29 Mb.
#136044
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   220
Байланысты:
Қуаныш Шонбай Екінші болма
11 А -ТЖБ. 4-тоқсан
ДИСЦИПЛИНАҒА ҮЙРЕНУ. 
Адамның жетістігі арман- 
дарының масштабына жэне жоспарларының миссиясына 
сәйкес келетініне байланысты. Арманды миссияға, мис- 
сияны шындыққа айналдыратын құдірет дисциплина деп 
аталады. Көбіміздің үлкен жетістіктерге жете алмайтыны- 
мыздың бір себебі, өзімізді тізгіндей алмайтынымыз.
Егер сенің де дисциплинаңмен жұмыс істеу керек
екенін сезсең, ең алдымен қай салада кемшін тусіп
жатқаныңды аныңта.
246


ЕК1НШ1 БОЛМА
Мысалы, 
кей адамдар жоқшылықтың уысынан шыға 
алмайды. Ал одан шығу үшін біріншіден жұмыс істеу ке- 
рек, екіншіден, ақша жинау керек. Ақша жинау үшін де 
дисциплина керек. Әр жалақыны, табыстың, кірістің отыз 
пайызын жинауды әдетке айналдырып отыру қажеттігі 
жалпыға белгілі. Клемент Стоун айтады: “Егер ақша жинай 
алмасаңыз, ірілік те қолыңыздан келмейді”. Үйіңде жинай 
алмасаң, сенімді бір адамга анаңа, жолдасыңа, досыңа жа- 
лақыңның отыз пайызын сақтау үшін беріп қой. Немесе 
жалақы алатын банкіңнен депозит ашып, карточкаңнан ав- 
томатты түрде аударып отыруды әдетке айналдыр.
Болмаса, артық салмақпен күресіп жүрген шығарсың? 
Артық шоколад жеп қоймас үшін, өзіңді сүйреп спортзалға 
апару үшін де дисциплина керек. Мүмкін, темекіні та- 
стағың келетін шығар? Немесе таңертең жаттығу жасауды 
әдетке айналдыра алмай жүрген боларсың? Келесі дүйсен- 
біден бастаймын, жаңа жылдан бастаймын дегеннің бәрі 
жай ғана сылтау. Саған керегі дисциплина ғана.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   220




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет