2,5 жыл
ЖЕТІСТІК
лықтан арылайық» десем, «Қуаныш аға, мен оны үйренуге
келген жоқпын ғой, маған қазір не істеу керектігін айтыңы-
зшы, соны жасай берейін» дейді. Сол кезде оның элі көп
нәрсені білмейтіні, үйрене алмайтыны анық көрінеді, бірақ
амбициясының жоғары болуынан оны мойындағысы кел-
мейді...
Менен журналистер де, қарапайым адамдар да бір нәр-
сені сұрайды: «Rumm-ді қалай аштыңыз?», «Сізге бұл идея
о баста қалай, қайдан келді?», мен қазір сол үшін көп сұх-
бат та бермеймін. Мені бұл жеңіске жеткізген - осы сыз-
бадағы сегіз жыл. Сол сегіз жылдың ішінде талай қателе-
стім, үйрендім, білдім, көрдім, адыраспандардан арылдым.
Ал елдің көретіні, оларға белгілісі - тек «Rumi» ашылған-
нан кейінгі екі жыл. Егер кезінде банкрот болтан бизне-
15
стерімнен сабақ алмасам, алпыс мың теңгелік мұғалімдік
жұмыста істемесем, өзімді дамытпасам, бүгінгі күнгі жет-
кен нәтижемнің ешқайсысы болмайтын еді.
Баяғыда Пикассоға бір ауқатты кісі суретке тапсырыс
беріпті. Келесі күні тапсырысшы келіп, суреттің құнын
сұрағанда, Пикассо «100 000$» десе, тапсырыс беруші
«Неге 100 000$? Бір-ақ күн уақытың кетті ғой?» деп сұра-
ды деседі. Пикассо болса «Бір күн жэне жиырма бес жыл»
деп жауап береді.
Ал бізде, жұртшылықты қызықтыратыны сол: «Қалай
осындай қысқа уақытта табысқа жетуге болады?», «Қуа-
ныш мырза, сіздерде SMM-re кім жауапты?», «Автомати
зация жүйесі қандай?» - бұның барлыгы сырт көзге ғана
көрінетін нэрселер. Бұдан да маңызды, өзіміздің ментали-
тетімізге ғана тэн, біз ғана біліп-түсінетін нэрселер бар.
Сондықтан да жетістікке жетудің қазақша жолы болған-
дығының да, қазақ тілінде тренингтің өткізіліп, кітаптың
қазақ тілінде жарық көруінің, қазақ тілді аудиторияға
бағытталғанының да негізгі себебі осында.
16
|