Проблеманы өзіміз жасап аламыз
дегенді батыста
көбіне «выйти из зоны комфорта» дейді.
Эрине, қиын жағдайға түскенді кім қалар дейсің? Менің
қазіргі жазғаныма таңғалатын шығарсың да. Бірақ, өз ба-
сымнан өткен соң, айтып жатырмын: проблеманы өзіміз
туындатуымыз керек. Түсінікті болу үшін, мысал келтірей-
ін. Астанада «Керуенде» «Rumi» мейрамханасын аштық,
СЭС-тен дәйектеме алдық. Мейрамханадағы азық-түлік
(тағам) қауіпсіздігіне жауап беретін маман бар, көзінен
көрініп түр, өз жұмысына көңілі толып түр, барлығын та-
151
лаптарға сай жасауға тырысқан, дэйектемені де алған. «Он
мен бірдің аралығында жүмысыңызды қаншаға бағалай-
сыз?» деп сұрадым. Жауабы «Сегіз». «Ал мен үшке» дедім.
Өзі үлкен кісі, көз жанары жәудіреп, жылғасы келіп кет-
ті. Мен түсіндірдім: «Бастапқыда біз минус 5-те болған-
быз, ал сіз жүмысыңызды сегізге бағаласаңыз, демек сегіз
пункт көтерілдіңіз, бірак онға жеткен жоқсыз». Осы жерде,
үміткерлерге оралайық. Олар панасыз иттер орталығына
600 мың теңге тапканымен, мен оларға қатты риза болған
жоқпын. Себебі, олардың бұдан да жақсы нәтиже көрсетуге
барлық мүмкіндіктері болған. Араларында төрт тіл білетін
адам бар, тәжірибелі, мықты маман бар, ерікті бар, дарын-
ды дизайнер бар. Олардың дәрежесіне бұл нәтиже сай кел-
мейді. Бұндағы мәселе мынада: олар өздерін кешегі нұсқа-
ларымен салыстырып, осы тапқан табыстарына мэз болды,
ал егер, олар өздерінің мінсіз нұсқасына талпынса, одан да
жақсы нэтиже көрсетіп, панасыз иттер орталығына одан да
үлкен көмек берер еді. Сол сияқты, біздің тағамдардың қа-
уіпсіздігіне жауап беретін маман СЭС-тің талаптары бой-
ынша емес, ал бізде бар НASP-тың талаптарына сәйкестен-
діріп жасаса, онда элдеқайда көп жұмыс жасалатын еді.
Мен оны кісіні ертіп жүріп минустарды түртіп, көрсетіп
шыктым. Ал егер ол, HASP бойынша жасауға талпынған-
да, мен көрсеткен минустарды өзіне туындаған мәселе
ретінде бүрыннан қарастырып, барлығын жөндеп қойса, өз
жұмысын одан да жоғары бағалайтын еді. Сондықтан да,
екінші болмау жолында, не біз өзімізге өзіміз мәселе тауып
аламыз немсе оны біздің басымызға өмірдің өзі түсіреді.
Бұл «проблемалар» - сізге жоғарыдан сыбырлап айтылып
тұрған ақыл. Ол қайда бару керек екендігін жэне немен ай-
налысу керек екендігін сілтеп тұр.
152
|