СОНЫҢ АЛҒАШ ҚЫСЫ - КҮЛІМДЕП ЖҮРУ.
КүлкІ мен
жымиыс қандай магнит екенін бэрі біледі, бірақ мэн бере
бермейді. Рон Еутман The Hidden Power o f Smiling де
ген дәрісінде (https://ed.ted.com/lessons/the-hidden-power-
179
of-smiling-ron-gutman) күлкінің адамның денсаулығын
көтеріп, ұзағырақ жасауына септесетіні туралы сарап-
тамасымен бөліседі. Жэне күлкі мен жымиыс адамды тар-
тымдырақ, көріктірек қана емес, өзіне сенімдірек жэне
компетенттірек етіп көрсетеді дейді оның зерттеуі. Табы-
сты адамдар көбінде күлімдеп жүреді. Немесе күлімдеп
жүретін адамдар табысты болады. Бұл екеуінің арасында
“жұмыртқа ма, тауық па?” деген сияқты ажырағысыз бай-
ланыс бар. Өзіңізді басқара алатын ересек адам болсаң,
әлеуметтік ортада өзіңе де, өзгеге де жағымды атмосфе
ра қалыптастыруға тырыс. Бүл - адамдардың саған деген
ықыласын арттыратын алғашқы шарт.
Екіншіден,
“айсбрекер”, “мүзжібіткіштерді” пайдала-
ну. Игорь Манн “Номер Один. Как стать лучше в том, что
ты делаешь” деген кітабында “Қандай фильмдерді жақсы
көресіз?”, “Коп саяхаттайсыз ба?” деген сияқты сұрақтар
тізімін жасайды. Кедейсоқ лифттің ішінде кездесіп қалған
әріптесіңмен эңгіме өрбітетін сүрақтар. Бұлар іскерлік ба-
тыс әлемінде орынды болса, қазақтың ауылында “Соғымға
не сойғалы жатырсыз?” колайлы сұрақ болуы мүмкін. Ең
бастысы, аса жақын емес танысты жақындата түсу үшін
пайдаланылатын сұрақтар жадыңда болсын. Жэне ол кон-
текстіге сай болсын.
Шаруа туралы, өзіңе қызық нәрсе гана емес, пікірлесіңе
қызық тақырыптарда эңгіме өрбіту. Дамыған елдерде
адамдар хоббилерін, қызығушылықтарын көбірек эңгіме-
лейді. Бұл - бейтаныстарды таныс қана емес, туыс қылып
жіберетін тақырып. Өйткені, өзгенің көзі жанып тұрып әң-
гімелейтін тақырыбы сені қызықтырса, сен де онымен әң-
гімелесуге құштар боласың.
180
|