EKIHUJ1 БОЛМА
біреу екенін ескерсек, эр минут маңызды. Мен аудиокітап-
тар тындайтынмын. Аудиодәрістер тыңдайтынмын. Әрине,
музыка тыңдауға болады, бірақ алдыңғылардың пайдасы
көбірек. Интернеттегі ұсак статустарды оқымаймын, кітап
оқимын. Өйткені маңызы жоғарырақ.
Уақыттың бағасын білу үшін, пунктуалды болуды үй-
рен. Үнемі кешігіп жүретін адам, жалпы, өмірінде де бір-
деңеден қүр қалып келе жатқаны анық. Өйткені бұл әдет
- өзгелердің де, өзінің де уақытын (=өмірін) бағаламай-
тын адамдардың дерті. Ал ерте жүрсең қандай жақсы.
Кездесуге, жиынға эдеттегіден бес, он минут ерте барсаң,
дайындыққа, атмосфераға үйренуге мүмкіндік болады.
Тренингтерге, маңызды кездесулерге ертерек баруға ты-
рысамын. Өйткені кешіккен адамда, сыртқа білдірмесе де,
“кешігіп келдім ғой, ыңғайсыздау болды ғой” деген қобал-
жу болады. Ол өз кезегінде концентрацияға кедергі болады.
Уақыт туралы түсінігің дүрыс болғанда ғана, сен уақыт
кеңістігіндегі өзіңді басқара аласың. Бізге керегі де осы
емес пе?
Достарыңызбен бөлісу: