оймен талай тренингтің слайдтарын немесе кітаптар-
дың мұқабасын фотоға түсіріп те алдық. Сол электронды
нұсқаға ауысқан ақпарат пен ертеңінде қолданыс тапқан
ақпараттың арасында конверсия (байланыс) қаншалықты
екен...
Кітап оқып огырған кезде де ішінде ұнаған бөлігін ар-
найы маркер, қарындаш не өзге құралмен белгілеп қоямыз.
Түрлі-түсті стикерлер де жапсырамыз. Бұл эрекеттер осы
ақпарат мен үшін маңызды жэне оны есімде сақтап алдым
деген жалған сезім сыйлайды. Соның себебінен де ертең
ол қолданысқа түспейді. Сол күйі қалады. Өкінішке қарай,
байқамай өзімізді өзіміз осылай алдап жібереміз. Ертең ка
жет болғанда сол ақпардың ешқайысын еске түсіре алмай-
мыз. “Миымнан шығып” кетті дейміз.
Теориялық тұрғыда, біздің миымызға кірген кез келген
ақпарат ешқайда кетпейді. Ол сол жерде қалады. Тек біз
оған барар “жолды” таба алмай қаламыз. Үмыту дегеніміз
- ақпараттың мидан шығып кетуі емес, ұзақ мерзімді жад-
тың бір қуысында қалып қоюы.
Достарыңызбен бөлісу: