мен барлығыңызға дене бітіміңізді немесе комплексіңізді
хирургиялык жолмен немесе басқа да жолдармен өзгерту
туралы айтып жатқан жоқпын. Бірақ, егер ол сенің өзіңе
деген сенімділігіңді арттырса, басқаша өмір сүруге көмек-
тессе, неліктен көрмеске? Өзгертуге болатын комплекстер
болса, олармен күресесің, ал егер бойыңның ұзындығы не
месе қысқалығы сияқты комплекстер болса, оны жэй ғана
қабыл аласың жэне мойындайсың. Мені балалық шағым-
нан «қазанбас» деп атады, ондай басты мен таңдап алған
жоқпын, тез сөйлеуді де сұраған жоқпын. Эрине, тез сөй-
леудің кесірінен тікелей эфирге шығуға қысылатынмын,
елдің барлығы «жай сөйлеңізші» десе, бүның барлығы бір
жағымсыз сезімдер ұялататын. Бірақ, түйеқүс сияқты ба-
сыңды құмға тыга бермей, бұл нэрселердің бар екендігін
мойындап, күресу керек.
Достарыңызбен бөлісу: