Қырсықтық жалпы екіге бөлінеді: адамныц мінезін-
дегі қырсықтық және үйренуге деген қырсықтық (жаңа-
ны қабылдамау).
Мен өзім тез сөйлеймін, кейбір адамдар не айтып жатқа-
нымды түсініп алуға үлгермей жатады. Сондықтан, мен
дикция, дауыс қою дәрістеріне жазылдым. Бірақ, бұл
кемшілігімді делік, мен сегіз мейрамханам болғанда ғана
57
дұрыстауға бел будым. Осы уақытқа дейін, мен оны ком
плекс деп есептемедім және ол маған мейрамхана ашуға,
бизнес жасауға кедергі болған жоқ. Егер мен, қырсығып,
ол дәрістерге бармасам, өзіммен жұмыс жасамасам, бэлкім
менің тренингтеріме бес жүз адам келмес еді ғой.
Менің танысым болуы мүмкін, ақшам болуы мүмкін,
бірақ, егер мен қырсығып, «мен мықтымын, қалай болса
да мені қабылдаңыз» деген принципті ұстанып, түсініксіз,
тез сөйлесем, менің QAZAQSTAN телеарнасында реали-
ти-шоу ұйымдастырып, оны жүргізуге мүмкіндігім бол-
майтын еді.
Тағы бір мысал: інім Дархан екеуіміз приставкамен үйде
отырып футбол ойнағанды жақсы көреміз. Дархан мені эр
ойын сайын ұта беретін, мойындауым керек, ол маған Ка
раганда жақсы ойнайтын. Сол кезде, осы жеңістің адырас-
пандарын зерттеп жүрген шағым еді. «Мен жұмыс жасай-
мын, уақытым жоқ, сондықтан жақсы ойнай алмай жүрген
шығармын» деп өзіме адвокат болып, өзімді ақтаймын.
«Дарханның болса, FIFA ойнауға уақыт тауып жүргеніне
Ка
раганда, жүмысы соншалықты қиын емес шығар» деп оған
прокурор болдым. Сөйтіп жүріп, мәселенің жай-жапсары
өзімді ақтап, оны даттауда емес, өзімде шығар деп ойлан-
дым. Бір күні қонаққа бөлем келді де, Дархан екеуімізді
қоса сегіз рет қатарынан үтты. Мен намыстанып, шыда-
май, ойыннан шығып кеттім. Дархан болса қызуқанды жі-
гіт, эрі карай ойынды жалғастырды, бірақ, жеңіліп қалды.
Ойындары аяқталғаннан кейін, бөлемді шакырып алдым
да, «үйрет» дедім. Сөйтсем, еш қиындығы жоқ. Екі-үш ай-
ла-тәсілі бар екен, соны үйреніп алдым. Бірнеше күн өтті,
бөлеміз үйіне қайтты, жеңіліс тапқан Дарханның ашуы
тарқады, «Қуаныш, жүр футбол ойнайықшы» деп шақы-
58
ЕКІНШІ БОЛМА
рып алды, «жарайды» деп келісе кеттім. Қатарынан бес рет
менен ұтылды. Егер, Дархан да мен сияқты, бөлемізден ой-
ынның тактикасын үйреніп алса, бэлкім жеңілмес пе еді?
Ііірақ, бөлең сенен кішкентай болғандықтан, одан сұрағың
келмейді, әлсіздігіңді көрсеткің келмейді ғой. Сондықтан
қырсықтығың ұстай бастайды. Кейін Дархан үйреніп алды,
қазір футболды керемет ойнайды.
Достарыңызбен бөлісу: |