ЕКІНШІ БОЛМА
ҚАНДАЙ С¥РАҚ ҚОЙСАҢ,
СОНДАЙ ЖАУАП АЛАСЫҢ:
НЕГЕ VS ҚАЛАЙ?
Т ү с ін ік с із тақырып болып көрінуі мүмкін, бірақ
і үп-тамырына жетсең, ұғасың. Біздің кей кезде қарапайым
і аиа сұрақты дүрыс қоя алмауымыз, өміріміздегі маңызды
оқиғалар мен шешімдерге эсер етеді.
Мойындаймын, “Неге?” деген сүрақтың пайдасы аз, бе-
рері де көп емес. Бізге қозғаушы емес, керісінше тежеуіш
эсер береді. Алға жылжуымызға барьер кедергі болады.
Длайда, бұл оның мүлдем керек еместігін көрсетпейді.
“I іеге?” деген сұрақ керек, ол - алғышарт. Бірақ, ол жет-
кіліксіз.
Эдуард де Бононың бірде бір оңтүстік-шығыс Азия ел-
деріне барған саяхатында басынан кешкен келеңсіз бір
жайт есіме түсіп отыр. Дастарқан басында отырған кез-
дерінде алдарына балықтан даярланған ас беріледі. Одан
кейін шұңғыл ыдыста бір сорпа беріледі. Сорпаны ішуге
кірісіп кеткен Эдуард мырза өзгелердің өзіне өзгеше қарап
қалғанын байқайды. Сөйтсе, кейінгі алып келгені сорпа
емес, балық жегеннен кейін қол жууға берілген су екен.
Өзін ыңғайсыз сезінген ол өзін ақтап алуға тырысып бір
кітабында былай жазады: “Мен неге оны сорпа деп ойла-
дым? Себебі, ыдыста су бар еді. Бэріміз білетіндей сорпа
да Судан жасалады. Сол үшін мен оны сорпа екен деп кал-
дым” дейді. Екеуінің негіз бастауы бір болғанымен, құр
69
судың өзі сорпа (дайын өнім) болуға жеткіліксіз. Түрлі
қоспалар керек.
Өз өмірімізде де “неге?” деген сұрақпен ғана қалып қой-
сақ, “құр су” күйінде қалуымыз ғажап емес. Біздің түсіні-
гімізде қосылуы керек нэтиже беретін өнімдер - “Қалай?”
деген сұрақ. Неге дегеннен кейін келесі кезеңге өте алу
маңызды. Онсыз өнімнің шығуы екіталай. Анализ фаза-
сынан түсіну жэне қабылдау фазасына шыға алмаған талай
ғалымның мықтылығы қагаз күйінде түрлі еңбек болып
қана қалып жатқан жоқ па?
“Қалай?” сұрағын бірінші кезекте өзімізге жэне өзге
жағдайларда қоя алу - бәсеке қабілеттілігін арттыратын
дағды. Бұны үйренген кезден бастап серпінді қозғалысқа
ие боласың.
Бір өмірден алынған мысалмен бөлісейін. Сыныптас дос
қызымның айлық жалақысы 180 мың теңге. «Айлығыңа
ризасың ба?» деп сұрасам, «иэ, көңілімнен шығады» дей-
ді. «Ендеше, мынаган назар аудар. Біріншіден, сен төрт тіл
білесің. «Болашақ» бағдарламасы бойынша батыста білім
алдың. Екі сертификатың бар. Негізі, сенің нарықтағы қү-
ның 500 мың теңге» дедім. Егер, ертең, ауырып қалса, ав-
токөлігін соқса, аяқ астынан үлкен сомада қаражат керек
болса, ол сонда ғана, «неге менің айлығым 180 мың, негізі
одан да көп табуым керек қой» деп ойланатын еді. Бірақ,
ертең, бір проблема туындағанда гана.
Осы менің айтқанымнан кейін ол: «Неге менің бастығым
маған 500 мың теңге төлемейді?» деген сұрақ қойды. Бун
да, біреуге «прокурор», өзімізге «адвокат» болмайтынымыз
есіңде болсын. «Қалай?» деген сұрақ қойып, бастығымыз
бізге осындай жалақы белгілеуі үшін қалай жүмыс жасай-
тынымызды ойластырамыз.
70
|