Ш 79 ш онбайҚ. Бкінші болма. Жеціске жетудің қазақша жолм. /Қ. Шонбай



Pdf көрінісі
бет66/220
Дата07.03.2022
өлшемі8,29 Mb.
#134598
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   220
Байланысты:
Екінші болма кітап

ЕКІНШІ БОЛМА
НЕНІ ҚАЛАЙСЫҢ?
Біріншіден, 
сыртқы факторлар, қоғамдағы қасаң қағи- 
далар мен стереотиптерден ойыңды босат.
Бізде балалардың көбі экімшілікте істегісі келеді. Ми- 
нистрлікте істегісі келеді. Бірақ оның арғы жағында қан- 
дай ауыртпашылық жатқанын білмейді. “Акимат” деген 
аты ғана емес, мемлекеттік қызметтің құндылықтары үшін 
бармаған адам, ол жерде бақытты бола алмайды. Немесе 
заңгер, экономист болам деген мода болды. Тал ай мектеп 
түлегі, ешбір ойланбастан «юрфактар» мен «эконом фак- 
тарга» лап койды. Сол қаптаған экономистер мен заңгер- 
лердің біразы дипломдарын алған соң таксист пен күзетші 
болып кетті. Солардың ішінде қаншама археолог, дизайнер, 
шаштараз не тігінші “өліп” кетті...
Мәселе мынада, болашағын тандайтын кезде ол балалар 
“не нәрсеге икемім бар?” “не нәрсе маған қуаныш сыйлай- 
ды?” деп ойланган жоқ. Қазір менеджер деген жаксы сөз 
бар, “менеджментті оқып жатырмын” деп мақтан көріп 
айтады. Бірақ менеджментті оқыдың екен деп саған ешкім 
отырған орнын, атқарып отырған қызметін бере салмай- 
ды. Қай салада менеджер болғың келеді? Ненің менеджері 
болғың келеді? Ең бастысы, ол саған ұнайды ма? Менед- 
жерлік сені бақытты қыла ма? Соны анықтап алып кана 
алға жылжуға болады. Таңдау жасаған кездегі ұран, “пре­
стиж үшін” емес, “маған үнайтыны үшін” болуы керек.
Екіншіден, 
“нашар кәсіп, не сала болады” деген ойды 
санаңнан өшір. Нашар пэн болмайды, нашар оқушы бола­
ды. М енеджмента, заңды не экономиканы оқуың сені мін- 
детті түрде жетістікке жеткізбейді. Есесіне өзің қалайтын 
кез келген сала, басқалар дұрыс бағаламайтын, менсінбей- 
тін болса да, жаңа есіктерді ашуы мүмкін.
89


Өмірдің өзі дәлелдеді, адам өз ісін тапса, оның жетісті- 
гіне ешкім кедергі бола алмайды. Мысалы, Стамбулда 
Нұсрет деген ресторатор тұрады. 34 жасында оның Тур- 
кия мен Дубайда бірнеше мейрамханасы бар. Жақында 
Абу-Дабиде, Маямиде тағы мейрамхана ашқалы жатыр. 
Оның жетістік жолына қарасаң, бес сыныптық қана білімі 
бар. Он үш жасында таныс қасапшыға келіп, “білгеніңді 
үйрет” дейді. Содан бастап еттің барлық түрін зерттейді, 
еттің білгіріне айналады. Біртіндеп сол төңіректегі белгілі 
касапшы болып шығады.
Ол ет тағамдарының мейрамханасын ашқанда, бірден 
тасы өрге домалағаны да содан. Сөйтіп 
Nusr-Et 
пайда бол- 
ды. Өз басым Стамбулда осы мейрамханаға екі рет барып, 
кіре алмай кеттім. Maserati, Ferrari сияқты небір қымбат 
машиналарда келген адамдар кезекте тұр. Оған келген қо- 
нақтардың арасында Мадонна, Кэни Уест, Бред Питт, Ле­
онардо Ди Каприо, Мануэль Нойер, Криштиану Роналду 
бар. Енді өзің ойлашы, бір кездегі кішкентай қасапшы ба- 
ланың ашқан рестораны Стамбулға келген элем жүлдызда- 
рының сұранысқа ие орындардың біріне айналды. Оның 
қүпиясы неде деп таңғалдым. Байқасам, өз саласында алға 
озғаны екен. Етті пісірудің шебері болганы сондай, ол 
пісірген сүйектің өзін қасыкпен жеуге болады. Міне, осы 
кісіге қарап қазақша ет мейрамханасын ашу туралы идея 
келді. Әрине, ең бірінші іздеген адамым, мықты қасапшы. 
Егер етке икемің болса, қасапшы болуға кім кедергі болды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   220




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет