Ш 79 ш онбайҚ. Бкінші болма. Жеціске жетудің қазақша жолм. /Қ. Шонбай



Pdf көрінісі
бет12/220
Дата07.03.2022
өлшемі8,29 Mb.
#134598
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   220
Байланысты:
Екінші болма кітап

ЕКІНШІ БОЛМА
мінсіз нұскамызға талпынуымыз, одан қалыс қалып, екін- 
ші болмауымыз керек.
Кітап жазу барысында: «Асығыс жазып жатқан жоқсың 
ба?» деген сұрақтар көп болды. Атақты ивангелист, вен- 
черлық инвестор, «Apple» компаниясында жұмыс жасаған, 
талай стартап идеялардың авторы Гай Кавасакидің «Егер 
сен бір нәрсеге қанағаттансаң, демек ол затты жасауға сен 
кешіктің» деген жақсы сөзі бар. Кітап жазуға кімнің қан- 
шалықты лайық екендігін уақыт көрсетер. Мен қазір осы 
кітапты жазуға бел будым. Қандай да бір жетістігі неме- 
се кем-кетігі болса, бағасын беру оқырманның еншісінде. 
Осы кітапты қолдарыңызға алып, маған, менің команда- 
ма сеніп, сатып алып, осы беттерді оқып отырғаныңызға 
алғысымды білдіремін.
Бұл кітапты біріншіден өзім үшін, өз нәпсімді тыю үшін 
жаздым, сондықтан да қатты айтсам, өзімді сынағаным
өзімді сөккенім деп біліңіз. Екіншіден, сізге арналып жа- 
зылған бұл кітаптың эр жолы түсінікті жэне жеңіл қабыл- 
дануы үшін «Сіз»-ден «сен»-ге өтуді жөн көрдім. Дұрыс 
қабылданар деп сенемін. Достардың арасындағы әң- 
гіме-дүкен іспеттес, емін-еркін сыр ағыту үшін, осы жер­
дей бастап мен ойымды «сен»-ге көшіп баяндаймын.
Тағы бір мәселенің басын ашып алайық: мен кітабымда 
қазақ тілінен өзге тілдегі сөздерді қолдандым. Мысалы, 
карьера, проблема, идеал сияқты. Бүл сөздердің қазақ 
тіліндегі баламаларының жоқтығынан емес немесе менің 
өз тілімді кұрметтемегендігімнен емес, айтайын деген ой- 
ымның толыққанды жетуі үшін, заманауи тілде түсіндіргім 
келгендіктен.
Сонымен, бұл кітап неліктен «Екінші болма» деп атал- 
ды, неге «Бірініші бол» емес? Өйткені, біріншінің артын-
11


да екінші, үшінші немесе төртінші болуы мүмкін. Ал бұл 
жерде біз анық біліп алуымыз керек: біздің бірінші жа- 
уымыз, алғашқы қарсыласымыз - бұл өзіміз ғана. Сон- 
дықтан, бұл өмірде біз өзімізді не жеңеміз, не өзімізден 
жеңілеміз. Жеңсек - бірінші, ал жеңілсек екінші боламыз. 
Бүл кітаптың жеткізетін негізгі ойы, бэлкім пэлсапасы -
сен өзіңмен ғана жарысуға тиіссің, сенің бэсекелесің өзің 
ғана, сондықтан екінші болмай, бірінші болуға лайықсың 
деген тілекпен жазылған кітап.
Құрметті бауырым, қарындасым, әпкем, інім, ағам, дэл 
саған менің кітабымның мысқалдай да болса пайдасы тисе, 
мен бақыттымын, мақсатымның орындалғаны деп білемін. 
Сондықтан, осы кітапты бір леппен, басынан аяғына дей- 
ін оқып шығасың деп сенемін. Сенің жеңіске жетелер 
алғашқы қадамың бэлкім осы кітаптан бастау алар, жол 
көрсетер бағдар болар Солай болтай!
12




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   220




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет