Эрине, бұл мен ойлап тапқан әдістер емес. Бенджамин
Франклин, он алты балалы отбасында оскен, он жасында
мектептен шығып кеткен адам гой. Жазушы, журналист,
элем таныған тұлғаға қалай айналды? Өмірбаянын оқысаң,
мынаған көзіңіз жетеді. Ол, сауаты шамалы болғандықтан,
өз бетімен білімін жетілдіре бастайды. Грамматикасын тү-
зеу үшін “Көрермен” (The Spectator) журналының мақала-
ларын көшіріп жазады. Одан кейін осы әдісті өзінің стилін
түзеу үшін пайдаланады. Өлеңді прозаға айналдырып, про-
заны өлеңге айналдырып, тіл ұстартады. Солай сауаты мен
жазу машығын шыңдайды.
Брайан Трейси кітап оқу аздық ететінін, кітапты оқуға
мүмкіндік жоқ кезде “тыңдау” керектігін айтады. Осындай
тұлғалардың қолданған әдістері, өзін дәлелдеген, сүйенуге
тұратын тәжірибе.
Достарыңызбен бөлісу: