Басымдылық қасиеті
(D) - ол адамдарды баскаруды
ұнататын, өз сөзін жүргізе алатын жэне ойын үнемі айтқы-
сы келіп отыратын адамдар. Ол адамдардың жұмыс орын-
дары ретсіз жатады, өз дегендерін басқаларға істеткісі ке-
леді, көбінесе шапшаң қимылдайтын, шыдамсыз адамдар.
Адамдармен қарым-қатынастары бірбеткей. Адаммен
сөйлескенде көзіне қарап тұрып сөйлеуден қысылмай-
ды, конфликтті жақсы қабылдайды, бірак түрпайы. Басқа
адамдардың көңіліне қарамайды, өзгелердің жұмысы іш
пыстырарлық болса, тура айтудан тарықпайды.
Нақты
мақсаты бар адамдар. Бұл адамдардың ең үлкен қорқы-
нышы - өздері қойған мақсаттарына жете алмай қалуы.
Басқа ортамен жүмыс істеген кезде, өз ойларын ашық айта
алады, сонымен қатар бұл адамдармен жұмыс істеген кез
де оларға катты бақылаудың керегі жоқ. Жұмыстарын жақ-
сы істейді, тек шамалы биліктің болғанын қалайды. Сіздің
компанияңызға бұл адамдардың әкелетін пайдасы - сіз бір
жаңалық енгізетін болсаңыз тез қабылдап, жақсы нәтиже
шығара алады.
Достарыңызбен бөлісу: |