Ш.А.Аманошвилидің «Гумандық педагогиканың негіздері» еңбегі бойынша
Эссе
21- ғасырда адамдарға соның ішінде балаларға деген эмоционалдық жылулық жетіспейді.Ата-аналар жұмыс басты болып, өздерінің балаларын тек телефонмен болмаса, тек бала күтуші арқылы қадағалауға мәжбүр болып отыр. Қазіргі уақытта ата-ана материалдық қажеттілігін қанағаттандырумен шектеліп,балаларының жан –дүниесін түсіне алмауда. Мұғалімдер де балаларды оқыту мен білім беруге емес өздерінің басшы алдындағы беделін ғана ойлаумен шектеледі. Ен бастысы бала өз проблемасымен қалып қойып отыр. Сондықтан да атақты педагог Ш.А Амонашвилидің «Педагогикадағы гуманизм» атты еңбегі өзекті де маңызды болып саналады. Ол баланың қуанышы мен ренішін мұғалімнің зейіні мен және процестің орталығы деп атады. Аманошвилидің бұл еңбегінде балаға деген үлкен махаббаты әрбір баланың өміріне енуіне және көмек қолын созуына мәжбүрледі. Бұл жерде ешкімде де, яғни ата-аналар тарапынан педагог Аманошвилиге біздің ісімізге неге араласасыз деп қарсы келмейді. Себебі ұстаздың бұл баланың болашағына деген қамқорлығы болып табылады. Аманошвилий балаға тек білім беріп ғана қоймай, психологиялық жылулықпен нәрлендіруге , оның мықты сенімді болуына шын жүрекпен көңіл бөлді. Мұғалім мен ата-ананың махаббаты балаға сенімділік пен қорғаныс береді. Осы орайда мен педагог ретінде жаңашыл ұстаз Ш.А. Амонашвилидің еңбегінде айтылған пікірді қолдаймын. Өзімнің тәжірибемде де бірінші осы қағиданы ұстанамын. Оның педагогикалық процесті басқарудағы әдістемесі бала мінезін қалыптастыру мен оқытуға білімді игеруіне қалай әсер ететіні туралы айтылған. Еңбектің негізгі практикалық құндылығы балаларды оқытумен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру және оны оқыту процесінде қолдану. Тұлғаның рухани адамгершілік және тұлғалық қатынастарды жетілдіруге де өзіндік көмегін тигізеді. Мен өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы ретінде де тәжірибе барысында Ш.А. Амонашвилидің осы идеясын қолданамын. Яғни баланы тұлға ретінде қабылдау және тұлғалық ерекшелігін ескере отырып дамыту. Аманошвилидің негізгі идеясы ынтымақтастық педагогикасы. Ол оқушыны мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап өз бетімен жұмыс істеуге , ізденуге баулу қажет деп санайды. Бұл қазіргі таңда жастар мен оқушылар арасындағы әлеуметтік жобаларды таңдау мен оны орындаудағы негізгі адамның сапаларын айтуға болады.
Шалва Александрович, – «Ұстаз әрдайым жайдарлы жүру керек», -деген ұстанымды насихаттайды. Ол өзінің тәжірибесімен ұстаздың үздіксіз бақылауында болмаған және зорлық көрмеген бала үлкен жетістіктерге жете алатынын дәлелдейді.
Профессор Амонашвилидің ұстанымы келесідей, - «Әр бала белгілі борышпен өмірге келеді. Және әрбір сәбидің тек өзіне тиесілі жаны - ішкі дүниесінің сәулесі бар. Ата-ана мен педагогтың міндеті сол сәуленің жоғалып кетуіне жол бермей, балаға өз өмір жолына бағыт көрсету».
Шалва Александрович балаға тұлғалық-адамгершілікке бағыттайтын тәсілдеменің бар қағидаларын әлемдік педагогика классиктері – К. Д. Ушинский, В.А. Сухомлинский, Януша Корчак, А.С. Макаренко және тағы басқалардан үйренгендігін айтады.
Кеңес мектебі білім беруге баса назар аударып, іскерлікке аз көңіл бөліп, оқыту мен тәрбиенің негізгі мақсаты оқушыларды дамыту екендігін ұмытып отырған. Ынтымақтастық педагогикасы ақыл-ойды, т.б дамытады. Атқарушылық, шығармашылық қабілет. Балалардың ақыл-қабілетінің дамуын зерттеген Ш.А. Амонашвилидің, оны атқарушы, және баланың өздігін тез дамытатын, оның ең негізгі қасиеттерін шығармашылық деп бөледі. Бала дамуының жақын аймағы - үлкендердің көмегі арқылы баланың атқара алатын істері. Көрнекті кеңес психологы Л.Выготский оқыту мен дамудың байланысын зерттеп, баланы дамыту үшін оған күрделі тапсырмалар беруді ұсынды. В.Шаталов ережелері оқылмаған тақырыптар бойынша оқушыларға есеп шығартады Баланың бір күнінің екінші жартысы оның икемділігін, қызығушылығын дамытуға арналады, бұл міндетті орындауға ересектердің уақыты жетпейтіндіктен, балаға негізінен сабақта білім беріліп, қалған уақытта баланың өзі қызығатын іспен айналысуына жағдай жасаған жөн. Жаңашылдар баланы өзін-өзі құрметтеуге оқу-тәрбие жүмысының барлық кезеңдерінде үйретеді. Өзін-өзі реттеу баланың өзінің іс-әрекеті арқылы жүреді. Ш.Амонашвилидің тәрбиеленушілері үй жұмысын өз қалауымен алады. Озат мұғалімдер баланы құрметтеу идеясын іске асырып, бейімділікке қарай жұмыс беріп, оқушының жекемүмкіндіктерін дамытып, сабақта да қабілетіне қарай жеке тапсырмалар беріп, қарапайым оқыту тәсілдерін қолданып, оқушыларға сабақ бергізіп, олардың шамалы болса да табысын, шығармашылығын мадақтайды. Басып тастау ма, әлде диалог па? Мұғалімдерге балалар өздерінің естігендерін, өсек-аяңдарды, әзілдерді айтып келеді. Дәстүр бойынша мұғалім оларды қайтарып тастайды. Себебі мүғалім өзіне келетін сөзден қорқады. Егер мұғалім оқушыға ол сөздердің дұрыс-бұрыстығын айтпаса, онда оқушы өз пікірін өзгертпейді. Оқушыларды әлеуметтік және саяси жағынан өсіретін демократиялық диалог және мұғалімнің өзгені өз сөзіне сендіре білуі. Мұғалім кез келген жерде окушыға ақыл беріп, оған белгілі нәрселерді айта бермейді, диалог және пікірталас арқылы дүние танымын арттырады. түсіндіреді. Аманошвили идеялары қазіргі уақытта білім беру саласында үлкен қолдауға ие болуда.Педагогикалық процесс балаға өмір қуанышын сыйлайтыны да осы психологтардың баланың ішкі жан дүниесін қуаныш отын сыйлау керек дегенге сай келеді
Дамыта оқытудың мақсаты - оқушы өміріндегі қиындықтар мен көкейтесті мәселелерін,оның ақиқаттығын қабылдай алуында. Осы тұрғыда Ш.А.Амонашвили « Біз жайдары да жайсаң болуып баланы өз болмысында сүйе білуіміз керек « дейді. Оқушы мұғалімнің сөзінен, қарым-қатынасынан, іс-әрекетінен өзін түсінетінін, бағалайтынын сезінуді қажет етеді. Сонымен қатар оқушыны эмпатикалық түсініп, сенімділік көсету өте маңызды. Эмпатикалық түсіну бағалап түсінудей емес (оқушыны жылдар бойғы қабілетінің көрсеткіштеріне қарап) оқушының қарым- қатынас кезіндегі жан- дүниесімен санаса отырып қабылдауы.Мұғалімнің болмысы, қуанышы мен қайғысы, қызығушылығы мен табысы бүркемесіз болып, сенім білдіре бөлісе алуы баланың бойына құнды қасиеттерді сіңіруге негіз бола алады. таз-новатор, бірлесу педагогикасын зерттеген ғалым – Шалва Александрович Амонашвили Адамды дамыту мектебінің жаңа оқытушысы атанады!
Амонашвили психология ғылымдарының докторы, профессор, Ресей білім беру Академиясының академигі, Ресей Федерациясының Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты, Украина педагогика ғылым академиясының шетелдік мүшесі.
Сонымен қатар, Сәуегей Климент Охридский (Болгария) атындағы София университетінің құрметті докторы, Мәскеу Мемлекеттік педогогикалық Университетінің еңбегі сіңген профессоры, әр түрлі мемлекеттердің бірнеше университеттерінің құрметті профессоры.
РФ-ның Білім беру Министрлігі оның «Өмір мектебі» жүйесі ( тұлғалық-адамгершілікке бағыттайтын тәсілдеме) тәжірибеде қолданылуды ұсынды. Шалва Александрович Адамды дамыту Мектебінің Үшінші семинар қатысушыларына адамгершілікті педагогиканың әдістері жайлы баяндап бергендерін қазіргі балаларды психологиялық жағынан дайындауда қолданамын.