Пайғамбарымыз Мұхаммед білім алудың 4 жолын нұсқаған:
1 жазып үйрену 2 көріп үйрену 3 оқып үйрену 4 сұрап үйрену
Ал біздің сабағымыз да 4 бағытта жүргізілмек:
1 Ой қозғау ( нені білеміз?) 2 Іздену ( нені білгіміз келеді?) 3 Ой қорыту ( нені білдік?) 4 Ой дамыту ( танымдық ойындар)
Үй тапсырмасын қалай оқығанын диктант арқылы пысықтау.
Биологиялық диктанты толықтыру.
1. Түрі өзгерген жер асты өркендерге ___________, ________ жатады. 2. Тамырға ұқсас қоңырқай, күңгірт түсті болғандықтан ____________ деп атаған 3. Тамырсабақтың ұшында ___________ болады. 4. Шырынды сабақтар ____________ өсімдіктерінде болады. 5. Жер асты пиязшықты өсімдіктерге ___________ жатады. 6. Сабақтың түп жағындағы өркеннің ұшындағы бүршік ________ 7. Жапырақ шығармайтын көп жылдық жер асты өркен ________ 8. Түйнектері арқылы көбейтеді ____________ 9. Түйнек сыртын ____________қаптайды 10. Өң, тоз, тін қабатынан тұрады ____________
Жаңа сабақтың тақырыбын ашу
Мақалдың жалғасын табу арқылы жаңа тақырыптың атын табу.
Тостағанша — көбінесе жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен жапырақшалардын тұрады.
Күлте
Күлте — Тостағанша жапырақшалардан кейін орналасқан Күлтенің иісі хош исіті, ашық реңді, түрлі түсті болады.
Аналық
Аналық — гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлімі гүлдің дәл ортасында орналасады. Аналықтың ұшын аузы, ортаңғы жіңішкерген жері мойын, түп жағында жуандаған жерін жатын дейді.
Жатын
Жатын — (түйін) аналықтың негізгі бөлігі бір және көп ұялы. Жатынның ішінде бір немесе бірнеше мыңдаған тұқымбүршігі бар. Тұқымбүршігі жатынжа дамитындықтан жатынның қабырғасында бекінеді. Жатынның сыртын екі қабықша қаптайды.
Мойыны
Мойыны — аузы мен жатынын жалғастырып, басқа бөлемдерінен жоғары биіктетіп тұрады. Неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жеңіл тозаңданады.
Аузы
Аузы — өсімдіктің түріне қарай түрліше болып келеді. Аналық аузынан жабысқақ сұйықтықтың бөлінуі, тозаңның аналық аузына түсіп, тез өнуіне жағдай жасайды.
Гүлшоғыр деген не?
Гүлшоғыр – гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасатын ұсақ гүлдер тобы.
Гүлшоғырдың құрылысы
күрделі
жай
Жанама (бүйірлік) сабақшалар
Негізгі сабақ
Гүлшоғырлар.
Гүлшоғырлардың маңызы
Гүлдер анық байқалады.
Тозаңдары көп болады.
Аңқыған хош иісті.
Шашақ
Жеке гүлдері орталықтан таралатын сабаққа гүл сағақтары арқылы кезектесіп орналасады.
Сабақ ұшына жақындыған сайын сағақтары қысқарады.
Жай масақ
Жеке гүлдері орталықтан таралатын сабаққа сағақсыз кезектесіп бекінеді.
Жай шатыр
Негізгі сағағы қысқарған. Оның дәл ұшынан сағағы ұзын біркелкі шоғырланған бірнеше гүлдер бір жерден шығып таралады.