Үш ана басы қосылып, әңгімелесіп тұрды



Дата08.02.2022
өлшемі15,08 Kb.
#120334
Байланысты:
Үш ана Адалдық


. Үш ана басы қосылып, әңгімелесіп тұрды.
Бірінші ана: «Менің балам өте ақылды, әнші, өнерлі, математикадан нашар болғанымен болашақта керемет бір танымал кісі болатынына сенемін» - дейді баласын мақтап.
Екінші ана: «Менің балам әдемі, таза киінгенді ұнатады. Ақшаның да есебін жақсы біледі. Шамасы болашақта балам үлкен бизнесмен болады - ау»,- деп мақтанады.
Үшінші ана үндемей тұрып қалады.
Сол кезде үш ана
қарияның жолдан өтуіне көмектесіп, қолтығынан демеп, сөмкесін көтерісіп келе жатқан баланы көреді. Бұл үндемей қалғаны үшінші ананың баласы еді. Қария балаға алғысын жаудырып кете берді.
Үш бала аналарына жақындады. Алғашқы екі ананың балалары аналарынан балмұздаққа ақша сұрай келді. Ал, үшінші бала анасына бүгінгі сабақтан «бестік» баға алғанын айта келді.

Сұрақ?
Қай баладан болашақта не күтуге болады?
« Жақсы жаман бай болу міндет емес,
Жақсы адал адам болу борышың »

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет