Бекітемін Келісемін
Мектеп директоры: Х.Диметов ҚББ әдіскері: Р.Үрімова
Ш.Ниязов атындағы жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушыларына арналған қазақ тілі пәні бойынша мемлекеттік емтиханының материалдары 2017-2018 оқу жылы
1-билет
1. Сөйлем мүшесі дегеніміз не? Оларды атаңыз. Мысал келтіріңіз 2. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Бірде қария немересіне: «Балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су – тір- шіліктің нәрін береді; от – өмірге жалын береді; тұз – астың дәмін келтіреді; қыз – өмірдің сәнін келтіреді; ақыл – өмірдің мәнін келтіреді. Адамға ақыл беретін – ата-а- на, ұстаз, досың. Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айта- ды» деген екен. 3. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз. Елде талантты балалар көп болғанымен, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» телесайысына барлығы бірдей қатыса алмайды.
2-билет
1. Құрмалас сөйлем және оның түрлері жайлы не білесіз? Мысал келтіріңіз 2. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Отбасы бақытының негізгі кілті – сыйластықта. Сыйластық болған отбасында береке де, бірлік те болады. Сыйластық тек отбасында ғана емес, адамдар арасында да, достар арасында да өте маңызды. Барлық адамдардың ойын, пікірін, іс-әрекетін түсіну- ге тырысу керек. Басқа адамдарды түсінуге тырысу – сыйластық кілті. 3. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз. Ерте замандарда әр халықтың уақыт есебін жүргізу ережесі әр түрлі болған, сондықтан әр түрлі күнтізбелер болған.
3-билет
1 Стиль және оның түрлерін мысалдармен айтыңыз. 2. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Сөз – бүкіл адамзат тарихындағы құдіретті күш. Қазақ халқы осы құдіретті ежелден- ақ білген. Сондықтан әрбір жаңа іс алдында жақсы сөздер айтып, тілегін білдірген. Қазақта батаны ер адам береді. Ақ бата – әр адам үшін асыл қазына. Бата – жаңа бастамалардың бойтұмары. 3. Берілген тұрақты тіркестің мәнін ашып, фонетикалық талдау жасаңыз: бетінен оты шығу.
4-билет
1. Сызықша туралы не білесіз? Мысал келтіріңіз 2. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Әке мен ана ұл-қыздарын «әдепті бол» деп тәрбиелейді. Қазақ отбасында балаларын мейірімділікке, имандылыққа баулыған. Отбасында үнемі осындай тәрбие алған бала өздігінен тіл алғыш, адал, ұқыпты, тиянақты болып өседі. Әке мен ананың балалары- на қоятын ең басты талап-тілектері – баласының әдепті, мәдениетті болып өсуі. 3. Берілген сөзге толық фонетикалық талдау жасаңыз: отбасында,адамгершілікке
5-билет
1. Еліктеу сөз туралы түсінік . 2. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Киіз үйдің алдына құдайы қонақ келді. «Үйдің ішінде біреулер бар ма екен?» деп ойла- ды. Үйдің төбесінен шыққан түтінді көріп, ағаштың жанындағы қазыққа атын байла- ды. Үй иесі есіктің алдына шықты да, «Ассалаумағалейкүм! Төрге шығыңыз! Құдайы қонақ болыңыз!» деп қуанып қалды. 3. Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз Ащы мен тұщыны татқан білер, Жақын мен алысты жортқан білер.
6-билет
1. Үстеудің мағыналық түрлері.
2. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Менің отбасымда қолөнермен айналысатын адамдар бар. Олар – әжем мен әкем. Әжем 70 жасқа келсе де, ине мен жібін қолынан тастамайды. Ол қошқармүйіз, түйетабан, өр- кеш сияқты ою-өрнектерді әдемі етіп жасайды. Біздің үйдегі көрпелер мен жастықтар әжемнің қолымен жасалған. Ал әкем зергерлік бұйымдар жасайды. Ұлттық өнерді да- мытып жатқан өз отбасымды мақтан етемін. 3. Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз . Лида әрең деп көзін бір ашты да, мейірімді ана қасында екенін аңғарғандай болды
7-билет
1. Есімдіктердің сөйлемдегі қызметі.
2. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Қазақ халқы танымаса да, «құдайы қонақпын» деген адамды қарсы алады. Жо- лаушы адам кез-келген үйге келіп, қонақ бола берген. Қазақтар «қонақпен бірге құт, береке келеді, қонақты қусаң, отбасынан құт, береке қашады» деп есептейді. Қонақ күту – қазақ халқының ең жауапты ісі. Қонақтарға қымыз, шұбат береді. Содан кейін арнайы мал сойып, ет асады. Бесбармақ, қуырдақ, бауырсақ пісіріп, әнші-күй- шілерді шақырып, көңілін көтереді. «Қазақ халқы – қонақжай халық» деп бекер ай- тылмаған. 3. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз. Жұмыстың ең ауыры осында болғандықтан, Ермек мұнда әдейі келді
8-билет
1.Сөйлем туралы түсінік.
2. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен той жасалады. Ол үшін арнайы ала жіп, көк шөп және тоқ ішек немесе сүрленген қазы дайындалады. «Біреуге жамандық жасамасын»деген тілекпен баланың аяғын ала жіппен орап, сосын жіпті кеседі. «Көк шөптей өсіп, ұрпағы көп, өзі сымбатты болсын» деген тілекпен көк шөппен кеседі. «Бай, қуатты болсын» деген тілекпен тоқ ішекпен немесе қазымен кеседі. 3. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз: Біздің Ә.Қастеевтің өнер мұражайына барғымыз келеді.
9-билет
1. Төл сөз бен автор сөзі
2. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Қазақстанда бейнелеу өнерінің кәсіби шеберлігін дайындайтын студия 1920 жылы ұйымдастырылды. Онда Н.Г. Хлудов, Н.Антонов және мүсінші А.С.Пономарев сабақ берді. ХХ ғасырдың 20 – 30 жылдары қазақ бейнелеу өнері шеберлері алғашқы туын- дыларын көрсетті. Жас суретшілер кескіндеме мен графиканың кәсіптік шеберлігін меңгерді. 1928 жылы Семей қаласында бейнелеу өнері шығармаларының алғашқы көрмесі ұйымдастырылды. 3. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз: суретшілер, көрме
10-билет
1. Аралас құрмалас сөйлем. Мысал келтіріңіз.
2. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Әбілхан Қастеев 1904 жылы қазіргі Алматы облысы, Панфилов ауданы, Шежін ауылында дүниеге келген. Бала кезінде тау бөктерінде қой жайып жүріп, саздан, ағаштан түрлі мүсіндер жасаумен әуестенген. 1929 жылы Алматыдағы Н.Г. Хлудовтың көркемсурет студиясында оқиды. Көптеген халықаралық, бүкілодақтық, республика- лық және қалалық көрмелерге қатыысып, өз туындыларымен таныстырады. Бүгінде ҚР-ның ұлттық өнер мұражайы Ә.Қастеевтің есімімен аталады. 3. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз. Кітабымен жүрегіңді жылытқан жазушының бәрін де жақсы көресің.
11-билет
1. Құрмалас сөйлем, оның түрлері
2.Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтінде кімнің картинасы туралы айтылғанын анықтаңыз. Бұл картинада қазақтың кең даласы бейнеленген. Қызылды-жасылды гүлдерге толы биік таулардың арасына салынған шойын жолдың жанында адамдар көп. Ақ жаулықты аналар балаларымен бірге ғажайып отарбаға таңданып қарайды. Атқа мінген ер адамдар шойын жолдың бойында отарбаны тамашалап тұр. Бұл – қазақ даласынан өтетін Түрксіб темір жолы мен алғашқы пойыздың келуі бейнеленген тамаша картина. 3. Қалау райдың жасалуын түсіндіріңіз. Мысал келтіріп, сөйлем құрастырыңыз.
12-билет
1.Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілер туралы не білесіз? Мысал келтіріңіз. 2. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Қазақ жері – кең өлке. Ұлыбритания, Франция, Германия, Испания, Австрия, Голлан- 51 дия, Дания сияқты елдердің бәрі қазақ жеріне сыйып кетеді. Қазақстан солтүстікте және солтүстік-шығысында Ресеймен, оңтүстік-шығысында Қытай Халық Республи- касымен, Монғол Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан, Өзбекстан, Түр- кіменстанмен, ал батысында Каспий теңізі арқылы Әзірбайжанмен шектеседі. 3. Синтаксистік талдау жасаңыз. Біраз отырған соң, күндіз көп жүріп шаршаған Асан ұйықтап қалды
13-билет
1.Төл сөз бен төлеу сөз дегеніміз не? Айырмасын тауып көрсетіңіз. 2. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Қазақстандағы үлкен орталықтардың бірі – Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы. Мұнда Қазақстан, Ресей, Еуропа, Америка, Шығыс және басқа да елдердің кескіндеме, графика, мүсін және сәндік қолөнер туындылары бар. Мұражайда 22 000- ға жуық экспонаттар бар. Мұнда Қазақстан Республикасының Халық суретшісі Әбіл- хан Қастеевтің туындыларына арналған жеке зал бар. 3. Синтаксистік талдау жасаңыз. Оқушылар қолдарындағы гүл шоқтарын мұғалімдеріне ұсынып жатыр.
14-билет
1. Тіл мәдениеті және пунктуация дегеніміз не? Мысал келтіріңіз. 2. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Қазақстанда мұражай тарихы 1830 жылдан баталады. Орынборда жергілікті халықтың тарихы мен этографиясын сипаттайтын мұралар негізінде 831 жылы губерниялық мұражай ашылды. Ол Неплюев әскери училищесі жанынан құрылған. Қазақстанда 1913 жылдары үш мұражай болса, қазір 154-тен астам мұражай бар. 3. Неологизмдерге мысалдар келтіріп, сөйлемдер құрастырыңыз. Құрастырған сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз.
15-билет
1. Жай сөйлем және оның түрлері жайлы не білесіз?Мысал келтіріңіз. 2. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. «Алтын адам» – Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің жағалауынан табылған. Бұл 5-ғасырда өмір сүрген сақ жауынгерінің мүрдесі. Оны 1969- 1970 жылдары археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4000-ға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Бүгінде «Алтын адам» Қазақстанның азаттық символына айналған. Оның тұлғасы Алматының бас алаңында орнатылған, ал бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі Елтаңбамызда да бейнеленген. 3. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.Патша көршісінің сәлемін естіп, көрші патшалыққа соғыс жариялады.
16-билет
1. Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?Оның түрлеріне мысал келтіріңіз. 2. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Радиохабар – радио арқылы берілетін ақпараттық, қоғамдық-саяси, көркем және му- зыкалық хабарлар, шұғыл ақпарат, бұқаралық үгіт пен насихат, жұртшылықты оқы- ту-ағару құралдарының бірі. Радионың негізгі жанрлары: ақпараттық, қоғамдық-сая- си жанрлар, көркем-публицистикалық жанрлар. Сондай-ақ радио арқылы әдеби және музыкалық шығармалардың трансляциясы, драмалық және опералық спектакльдер де беріледі. 3. Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Дәуіт ұшып кетпеу үшін қарлығаш оның қанатын қырқып қояды
17-билет
1.Лепті сөйлемдердің жасалуы мен жазылуы туралы айтыңыз. Мысалдар келтіріңіз. 2. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Мемлекеттерге бейбітшілік, қауіпсіздік, экономикалық және әлеуметтік даму, мәдени алмасулардың кеңейтілуі сияқты мәселелерге арналған теледидар бағдарламаларын 52 қолдай отырып, «Бүкіл дүниежүзілік теледидар күнін» атап өтуге ұсыныс жасалды. 1996 жылы 17 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 21 қараша- ны «Бүкіл дүниежүзілік теледидар күні» деп жариялады. 3. – Одан арғы тағдырын мен білмеймін, – деді Медников (Төл сөзді төлеу сөзге айналдыр).
18-билет
1. Бірыңғай мүшелерден кейін қойылатын сызықша. Мысалдар келтіріңіз. 2. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. «Қазақстан» телеарнасы эфирге алғаш рет 1958 жылы 8 наурызда шықты. Ал «КТК» арнасы өз жұмысын 1991 жылдан бастады. «Хабар» агенттігінің алматылық филиалы 1995 жылы «Қазақстан» ұлттық арнасының ақпараттық қызмет базасының негізінде құрылды. Қазақстандық «31 арна» 1998 жылдың 12 сәуірінен бастап хабарлар тарата бастады. 3. Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз: Қазір ол сақалын да қырған, киімін де өзгерткен сондықтан кескін-кейпі де өзгерген
19-билет
1.Сөйлемнің айқындауыш мүшелері 2. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Республиканың білім беру жүйесі балабақша, жалпы білім беретін мектеп, кәсіби-тех- никалық колледждер, арнаулы орта және жоғары оқу орындары, мектептен тыс ме- кемелер сияқты бірнеше баспалдақтан тұрады. Олар өзара тығыз байланыста. Жал- пы білім беру үш кезеңнен тұрады. Олар: бастауыш сыныптар (1-4-сыныптар), толық емес орта (5-9-сыныптар), толық орта (10-11-сыныптар). Бұл Қазақстан Республика- сының «Білім беру туралы» Заңында көрсетілген. 3. Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз: Қазан аспаның аузында от кейде жылтылдайды, кейде қызыл жанып лапылдайды
20-билет
1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Емтихан – оқушылардың білімін тексерудің бір тәсілі. Алғаш рет орта ғасырларда Еу- ропа университеттерінде емтихан ала бастаған. Ресейде тұңғыш рет Мәскеудегі Глюк- тің мектебінде 1703 жылы емтихан алынған. Содан кейін 1726 жылы Санкт-Петер- бургтегі гимназияда оқушылардан емтихан қабылданған. 1837 жылы емтихан алу- дың тәртібі енгізілген. Ал Қазақстанда 1966-1967 жылдары емтихан қабылдау тәсілі енгізілді. Қазір оқушы білімі бес балдық жүйемен бағаланады. 2. «Кісінің көркі киім емес – білім» деген мақалдың мәнін қалай түсінесіз? 3. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз: қалашық, өжеттілік
21-билет
1.Стиль. Ресми іс қағаздар стилі 2. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Білім – біздің басты қазынамыз. Ақын Нұрпейіс Байғанин: «Білімнен қымбат нәрсе жоқ, Көңілде жатса баспай тот» деген екен. Білімді адам болашаққа батыл аяқ басады. Оқу-білім үздіксіз еңбектің арқасында ғана келеді. Білім адамды жақсы нәтижелерге, жоғары жетістіктерге, мол табысқа жеткізеді. 3. Берілген сөздерге синтаксистік талдау жасаңыз: Екі дос орындарынан тұрып, жаңа құрылысқа қарай бет бұрды.
22-билет
1. Бастауыштан кейін қойылатын сызықша. Мысал келтіріңіз 2. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Өмірде мамандықтың түрлері көп. Бірі заңгер, бірі ұста, бірі ұшқыш, енді бірі дизай- нер. Әр мамандықтың өз ерекшелігі болады. Алайда барлық мамандықтарға үйре- 53 тетін мамандар болады. Олар – ұстаздар. Ұстаз – сол заңгердің де, ұшқыштың да, ға- лымның да тәрбиешісі, ақылшысы. Мұғалім тек мектептің ғана тірегі емес, ол адамзат өркениетінің көшбасшысы. 3. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз: Бір жігіт өзінің мұғалімін көріп, оған қазір өзінің кедей екенін айтыпты
23-билет
1. Тыныс белгі. Нүкте 2. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Алты жасар Сәкен бүгін ерекше көңілді. Анасы әперген костюмін киіп, сөмкесіне қа- лам-қағаздарын салып жүр. Сөмкесіне салған заттарды жиі-жиі тексеріп қояды. Үйге бір кіріп, бір шығып жүр. Сағатты танымаса да, қайта-қайта қарайды. Кешігуге бол- майды. Өзін жауапты сезінеді. Сәлден кйін анасы мен әкесінің қолынан ұстап, гүл шоғын құшақтап мектепке қарай асығып барады. 3. Берілген жұрнақтардың түрін, қолданысын, сөздерге үстейтін мағынасын түсіндіріп, олармен сөйлемдер құрастырыңыз: -мақ/-мек, -бақ/-бек, -пақ/-пек.
24-билет
1. Үстеулердің морфологиялық құрылысына қарай түрлерін айт, мысал келтір 2. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Бір жігіт өзін оқытқан ұстазын көріп, оған өзінің кедей екенін айтады. Ұстазы оған таңданады: «Сен маған қолыңды мың сомға сатшы» - дейді. Жігіт он мың сомға да сатпайтынын айтады. Ұстазы одан көзін, құлақтарын, аяқтарын қанша сомға сататынын сұрайды. Жігіт оларды да сатпайтынын айтады. Ұстазы оған осынша байлық иесі екенін, яғни бай екенін айтып, жұмыс істеу керек деп кеңес беріпті. 3. Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз: Егер сіз еңбекке өзіңіздің барлық жан-тәніңізді салсаңыз, онда бақыт сізді өзі-ақ іздеп табады.
25-билет
1. Шылау оның түрлері туралы не білесіз? Мысал келтіріңіз. 2. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Ахмет таңертең ерте тұрды. Жуынып, киініп, мектепке келді. Бірінші сабақтан кейін асханаға барып, таңғы асын ішті. Өзінің сүйікті пәні химиядан лабораториялық жұ- мыстарды өткізді. Түстен кейін әдеттегідей спортзалға барды. Үйге келген соң үй ша- руасына көмектесті. Осыдан кейін Ахмет қанша шаршап тұрса да, үй тапсырмаларын орындауға отырды. Кешке ерте жатты. 3. Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз: Үнемі өз білімінің кемшілігін сезінетіндей әрі білімін жоғалтып алудан қорқатын адамша оқыңыздар. (Конфуций)
Достарыңызбен бөлісу: |