Ш. Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау институтын басқа ұлт мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша диплом



Дата12.10.2020
өлшемі39,33 Kb.
#68231
түріДиплом

Шығармашылық есеп

Мен, Нурмуханова Жұлдыз Досымбекқызы 1997 жылы Ш.Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау институтын басқа ұлт мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша диплом алдым.2001 жыл Ш.Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіне сырттай түсіп,2003 жылы химия және биология мамандығы бойынша толық курсын бітірдім.

Еңбек өтілім 13 жыл 2 санатты

2001 жылы Қызылсая орта мектебіне химия пәнінің мұғалімі ретінде қабылдандым

2006-2009 оқу жылдары аралығында қосымша аға тәлімгер қызметін атқардым.

2010 оқу жылынан бастап қосымша 5-11 сыныптар аралығында өзін-өзі тану пәнінен дәріс берудемін.

Ұстаздық еңбек ету жолындағы әдістемелік тақырыбым: «Оқушылардың таным белсенділігін арттыру, білімге қызығушылығын тудыру, адамгершілікке тәрбиелеу»

Мақсатым: «Оқушыларға сапалы да саналы білім беру,оқушылардың таным белсенділігін арттыру, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру,жоғары саналы тұлға қалыптастыру»

Міндетім:

1.Оқу-тәрбие үрдісінде ізгелендіру,өз бетінше ізденуге бағыттау.

2. Оқу-тәрбие үрдісінде өзіндік сана қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу

3.Оқушылардың жұмысын қадағалау, танымдық іс-әрекеттерін дамыту,шығармашылыққа жетелеу.

4.Оқытудың әдіс-тәсілдерін жаңарту арқылы білім сапасын арттыру.

5.Қабілеттері бойынша іріктеп, жекелей жұмыс жасау, шығармашылыққа жол ашу.

Өзімнің ұстаздық тәжірибемде педагогика ғылымының докторы, профессор  Ж. Қараевтың  әртүрлі деңгейде оқыту технологиясын, сыни тұрғысынан ойлаудың технологиясын, Л.В. Занковтың дамыта оқыту технологиясын қолданамын.

Химия пәні бойынша соңғы 5 жылдағы оқушыларым мынадай жетістіктерге ие болды:

2011-2012 оқу жылында «Ақ бота»интеллектуалдық марафонында 9-сынып оқушысы Аукарова Азиза 3 орынға ие болып марапатталды.

2012-2013 оқу жылында аймақтық олимпиадада 8 сынып оқушысы Жұмабекова Жансая 2 орынға ие болды.

9 сынып оқушысы Индиульмесова Арайлым 1 орынға ие болып аудандық олимпиадаға қатысты химия пәнінен.

Аудандық олимпиада бойынша Индиульмесова Арайлым 2 орынға ие болды.

2013-2014 оқу жылында аймақтық олимпиадасында

9 сынып оқушысы Жұмабекова Жансая 3 орын алды.

2014-2015 оқу жылында 9 сынып оқушысы Рыспамбет Мерей аймақтық олимпиадада 2 орын алды.

«Ақ бота» интеллектуалдық марафонында 10-сынып оқушысы Куланова Алуа 2 орынға ие болып марапатталды

Біз қашан да «Білім мен тәрбие егіз» дейміз. Шындығында да , сапалы білім, саналы тәрбие астасқан ұлт тірегі. Осы тәрбие саласы бойынша биылғы оқу жылдан бері 5-сыныпқа сынып жетекшілік қызметін атқарып келем. Сыныбымда түрлі тәрбие саласында тәрбие сағаттары өтіледі. Атап айтсам «Денсаулық –зор байлық», « Жолда жүру ережесі». Сынып оқушыларымен бірге әртүрлі сыныптан тыс іс-шараларға қатысып отырамыз.

«Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай   болмақшы», яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептің оқушылары да білімді болмақ. Сондықтан өз білімімді ылғи да көтеріп отыруға тырысамын.

2007 жылда «12 жылдық мектептің бағдарлы оқыту сыныптарында химия биологияны оқытуды ұйымдастырудың дидактикалық негіздері», 2010 жылы «Организация компетентностно-деятельностного подхода в обучении в условиях 12 летней школы», 2010 жылы «Өзін-өзі тану пәнін ғылыми-теориялық және әдістемелік қамтамасыздандыру» ,2015 жылы «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері», 2015 жылы «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында химия пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» атты курстар тыңдадым.

2015 жылы «Менің инновациялық сабағым» атты IV Халықаралық оқытушылар сайысында «Ұшқыр ойдың майталманы» номинациясы бойынша III орынға ие болдым.(№ МК-00511)

«Копилка уроков» интернет сайтында «Химиялық жарыс»

сыныптан тыс іс-шара жарияланды (№ 189349) және «Фосфор» тақырыбы бойынша ашық сабақтың сабақ жоспары жарияланды (№190624)

«Коллеги» қазақстандық интернет-журналында «Органикалық заттар» тақырыбын қорытындылауға арналған сұрақтар» жарияланды

Соңғы үщ жылдағы пән бойынша оқушылардың білім сапасы төмендегідей:



2012-2013 оқу жылы

8

62%

9

38%

10

80%

11

77%

2013-2014 оқу жылы

8

77%

9

50%

10

28%

11

75%

2014-2015 оқу жылы

8

1 тоқсан 60 %

2 тоқсан 60%

3тоқсан 50%


9

1 тоқсан 77%

2 тоқсан 77%



3тоқсан 77%

10

1 жартыжылдық 40%

11

2 жартыжылдық 28%


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет