Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих



Pdf көрінісі
бет105/667
Дата29.01.2022
өлшемі47,68 Mb.
#115926
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   667
Байланысты:
kozybaev mk bas red kazakstan tarikhy kone zamannan buginge
sciPaper160544
Бөгенбай  батыр.

126



Төтенше 

сын. Казак жүздерініңкүш-жігерін біріктіру ісін бірсыпыра уакыт 



бойы 

Төуке өскерлерініңтабысқа жетуі айқындады. Халық әскерінің жасақ- 



тары 

қоддан шығарылып алынған қоныстарды қайтарып қана қоймай, жоң- 



ғарлар 

иеліктері шегіне өтіп, көптеген тұтқындар түсірді. Алайда жүздердің 

бытыраңқылығы, іс-қимылдың үйлестірілмеуі, ішкі кайш ылықтар ж әне әр 

түрлі 

топтардың бақталастығы тұтас халықтың күш-жігерін ж оққа шығарды.

Бірақ жоңғарлардың соғыс қимылдары барған сайын өсе түсті, қонтайшы 

Цеван-Рабтан Шығыс Түркістанды өз билігіне бағындырып, Тибетке басып 



кірді. 

1713 жылдың өзінде-ақ жоңғар әскерлері жаңадан шабуыл қимылдарын 

өрістетті. «Сол қы рғыз-қайсакордаларыныңбәрі, — деп жазды И. К. К ирил­

лов, 

— жалпы  келісімге келген  болса,  ол  қалмақтарды ж еңе алатын  еді.  Ал 

оларда бір хан соғысқа аттанады да, басқасы калып кояды, сөйтіп өздерінің 

қалмақтарға ыкпалын жоғалтады».  1716 жылы Цеван-Рабтан өз әскерлерінің 

негізгі бөлігін казақтарға қарсы аттандырды. Окиғалардың бас кезінде қазақ 

жасақтары тегеурінге төтеп бере алмай, көбі түтқынға алынды.  Ж оңғарлар 

Ямышев бекінісін де қоршап алды. Алайда қазак жасақтары біркатар шаралар 

қолданып, Іле өзеніндегі жоңғар-чоростарға сәтті жоры қж асады .

Тәукехан елшілерініңСібір губернаторы М. Гагаринмен келіссөзіңде  1716 

жылы Ресейдің әскери көмегі туралы мәселе койылды. Қ азак елшілері хан- 

ның 20—30 мың адамнан тұратын әскері бар екенін хабарлады. Ал егер Сібір 

губернаторы бұған өз әскерін қосса, жоңғарлар жеңіліс табатын еді. Сол жылы 

Қайып ханның елшілері де сондай ұсыныс жасады. Алайда Сібір губернаторы 

келіспеді.28

Келесі  1717 жылы соғыс окиғалары одан әрі жалғасты. Соғыс қимылдары- 

ның негізгі шоғырланған жері Аягөз өзенінің бойында болды. Қ азақжасақта- 

ры мен жоңғарлар арасында шайқас басталды. Ж оңғар әскерлері шығыс ж ак­

та жүрген еді. Қазактардың басым күші Аягөз өзеніне өкелінді. Табыска жетуді 

өскер санының басымдығы, тұткиылдан шабуыл жасау камтамасыз етуге тиіс 

еді. Шынында да, әскер саны жөнінен қазақтар басым болатын. Бұл жорықта 

қазақ әскерлерінің саны 30 мың адам болды.29 Қазақхандығында жағдайы берік 

болған Әбілқайыр 1718 жылы патшаға былай деп жазды: «Әбілкайыр хан ба- 

сымды иіп, тағзым етем... Мұндағы Кайып хан аман-есен. Мұндағы шеткі ұлы- 

стағы  біз  де  аман-есенбіз.  Қалмақтармен  соғысқанша,  таутекемізді  атып, 

аңымызды ауласакболар еді. Жөргөктегі бала ер жеткенше соғыспай, бейбіт, 

жамандыксыз өтсек деп едік».30

Қазак қоныстарына басқалармен бірге арнайы жіберілген Борис Брянцев 

Сібір губернаторы М. Гагаринге былай деп жеткізген: «Ал бірінші үйде Құтгы- 

бай мырза Қ азак ордасының қалмақтармен соғысы туралы былай деді:  қал- 

мақтарға 30 000 адамнан тұратын қазақ әскері аттаныпты, соғыста оның өзі де 

болған, Янгус деп  аталатын  өзен жанында олар мың адамдай калмақтарды 

кездестіріп, олармен кешке дейін соғысқан, түнде қалмақтар ағаш кесіп, ағаш- 

тан   ж а л -қ о р ғ а н   ж а с а п ,  то с қ а у ы л д а   о т ы р ға н ,  ал  қ а з а қ т а р   б о л с а 

қалмақтардыкінен де биік жал-қорған жасап, сол жал-корғаннан калмақтар- 

ды екі  күн  аткылаған.  Сосын  үшінші  күні  баска жақтан тағы да бір жарым 

мындай калмақ әскері келіп, олардың көшін  шапқан, ал бұдан соң қазақтар- 

дың калмактармен соғысы болмаған, ал қалмақтардың қаншасы немесе олар- 

дың канша адамы өлтірілгенін ол білмейді, олардың өз жерінде әлі күнге дейін 

отырған қалмақ жансызынан түсінгені: олардан тек екі атақты адам ғана қаза 

тапкан».31 Тайталас екі күнге созылды. Ол Аягөз өзенінің бас жағындағы op-

127



манды өңірде өткен. Деректемеде айтылғанындай, «үшінші күні таң ата көп 

қалмақ келіп,олардың әскеріне шабуыл жасаған, ал олар, қазақтар, оларды 

ж аяу атқылады, калмактар болса оларға ат үстінен өршелене шабуыл жаса- 

ды, ал  қазақтар оған төтеп  бере алмай,  каша жөнелді де, оларды қалмақтар 

жарты күн қуып, адамдарын қырып тастады». Шайкасқа 3000-дай қазақ қаты- 

сты.  Құжаттан басқа да егжей-тегжейлі жайлар анықталады: «Сөйтіп түнде 

қазақтардың жартысы жоғарыда аталған өзеннің қалмақтар жағына өтті, ал 

келесі  күні түсте оларға сегіз жүз адам  болатын  қалмақтар  шабуыл  жасап, 

төрт жүздей адамды кырып салды да, өзеннің екі жағындағы қазактар жүктерін 

тастап,  бытырай  қашты».  Қайып  ханың  жағдайы  жақсы  болмай  шықты. 

Құжатта  ол туралы  былай делінген:  «Қайып  хан  екі-ақ адаммен  қалып,  өз 

ұлысына қайтты, ал олардың жүктерін калмақтар колға түсірді». Аягөз өзені 

маңы ндағы   ш айқаста  көптеген  қ азақ   сарбаздары   каза  тапты.  Алайда 

көзкөргендердің айтуынша, «Қайып хан мен Әбілқайыр хан және басқалар өз 

ұлыстарына жақсы жағдайда жеткен».32

Бұл Қ азақстанның оңтүстік аудандарына жоңғар әскерлерінің терендей 

енуіне мүмкіндік берді.  1708—1712 жылдар оқиғаларында қол жеткен жекеле- 

ген жетістіктерін  казақтар нығайта алмады.  Қ азақ жауынгерлері бір жерге 

жұмылдырылған басшылықболмағандықтан жеңілістапты.

1718 жылдың көктемінде жоңғарлар Жетісудан Арыс, Бөген, Шаян өзендері 

бойына шұғыл ж оры қ жасап, Түркістан қаласына тақап келді. Олардың ниеті 

қазақхандарыныңордасын басып алу болатын. Сырдарияның орта ағысы ба- 

сындағы қазақ калаларына қауіп төнді.  Бірнеше шайкас болды. Жоңғарлар 

«казак ордасын шапты», бірак санының аздығымен өз қоныстарынан ұзап кетуі 

олардың толық жеңіске жетуіне мүмкіндік бермеді.

Бұл жағдайда батырлар бастаған қазак жасакрары едәуір табысқа жетті. 

Олар Елек, Мұғалжар, Үлытау аудаңдарынан 30 мыН адам болатын әскер жинап 

алды.33 Түркістан ауданына аттанып, жоңғарларды Оңтүстік Қазакстанның 

едәуір бөлігінен куып шыкты.

Рас, XVIII ғасырдың басында жоңғар билеушілерінің казак жүздеріне қар- 

сы неғұрлым батыл кимылдар жасауын Ж оңғар хандығына Цин билеушілері 

әскерлерінің шапкыншылыкжасау каупі тежеген еді. Бірак 1722 жылы Қытай 

императоры  Канси  кайтыс  болғаннан  кейін  бұл  кауіп  уакытша  болса  да 

бәсеңсіді.  1723 жылы жоңғар-кытай бітімі жасалды. Шығыс жактағы өз ты- 

лын қауіпсіздендіріп алған жоңғар контайшылары казақтармен соғыска мык- 

тап дайындала бастады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   667




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет