қоршауднн
шығып, Балқашқа карай ілгерілей бастады.12 Сонан соц олар
Қастек, Кдске-
леңауданына өтгі. ҚалмақтардыңТанжи тайшы бастаған, 20 мың
жауынгер-
ден тұратын екінші бөлігі Балқаштың солтүстік жағалауымен, Аягөз, Лепсі
өзендері аркылы жүрді. Алайда оларды өкшелеп келе жатқан қазақөскерлері
оларды зор шығынға ұшыратты, соның салдарынан Қытай шекарасына кал-
мақтардың болмашы бөлігі ғана жетті. Жалпы алғанда, Қытай шегіне Еділдін
төменгі ағысынан шықкандардың оннан бір бөлігі ғана кірді. Шекарадан өткен-
нен кейін калмақтар әр түрлі қауымдарға бытыратылып жіберілді, олар бір
кездегі қаһарлы Жоңғарияның бұрынғы жауынгерлік рухынан әлдекашан-ак
айырылған еді.
Тарихи әдебиетте қалмақтардың соңғы көшуі теріс түсіндіріліп келді, онда
ол қорғансыз, қаруланбаған, бейбіт көш деп көрсетіледі. Ш ынына келгенде,
М. М ағауинніңдеректері бойынша, көшіп ш ықкан 170—180 мың қалмақтар
арасында жақсы каруланған және жақсы дайындықтан өткен, ұрысқа сақадай
сай 40 мыңнан астам жауынгер болған. Екі халықтың екі ғасырлық соғыс тай-
таласын ескерген қалмақтардың казақтармен алда соғыс кақтығыстары бола-
тынын білмеуі мүмкін емес еді. Сондықтан Абылай бастаған қазақ сұлтанда-
рыныңтабысын «...Жоңғар-қазақсоғысындағы казактардың түпкілікті жеңісі»
деп қарастыру керек.13
Алайда Нұралы ханның казак сұлтандарының көмегімен соғыста жеткен
табыстары, патша әкімшілігінің алдында жағымпаздануы оның қазак қоғамын-
дағы жағдайын өзгертпеді. Кіші жүздегі саяси билік дағдарысы айкын болды.
Нұралының жағдайы жөнінде губернатор О. А. Игельстром 1785 жылғы
хабарламаларының бірінде казақ ақсакалдарының ой-ниетгері туралы былай
деп жазған: «Олардыңбірден-біртілегі казір өздерініңжалпыхалыктыкигілігі
мен тыныштығы үшін Нұралы ханды олардың халқын баскарудан тайдыру
болып отыр. Олардыңдепутаттары бүкіл қоғам атынан маған осы өтінішті
ауызша растап берді. Мен бар мүмкіндігімді салып, оларды ханмен татуласты-
руға тырыстым, бірак ешкандай үгіт оларды баскаша ойға келтіре алмады.
Олар маған казір өздерінің бағынуға берген антын ескере отырып, ханға кар-
сы өз тілектеріне оңай жетуге болатындай шаралар колданудан тартынып отыр-
ғанын хабарлады».14
Сонымен Нұралы хан өзі билік еткен жылдар ішінде мемлекет кайраткері
қасиетін корсете алмады, әдетте ол окиғалардың жетегінде кетіп, өз тарапы-
нан ешбір өзгеріс енгізе алмады
Достарыңызбен бөлісу: |