бес мыңға жеггі.
ту сыртынан оқ жаударды.
Жоғарыда аталған қазақстаршындарының қандай жағымсыз рөл атқарға-
нын түсіну киын емес. Олар Сырдарияныңтөменгі ағысындағы жер жағдайын
жөне көтерілісшілердің мінез-құлқын жақсы білетін. Патша шенеуніктері
үшім мұндай көмек баға жеткісіз болатын.
Көтеріліс талкандалғаннан кейін Сырдариядағы екі жақты отаршылдык
езгі бүрынғысынан да күшейе түсті. Сырдария бекінісінің билігіндегі аумақта
жазалау отрядтары қимыл жасады. Қазақтың көптеген сұлтаыдары, старшын-
дары, билері патша өкіметіне кызметке көшіп, шекаралық бастықтардың
пәрменін құлақкесті орындаушылары, Сырдарияныңтөменгі ағысында пат-
шалық отаршылдық саясаттың уағыздаушылары болды.
Кейбір жергілікті рулык үстем топка сүйене отырып, шекаралык өкімет
көтерілістіңкалған мүшелерін аяусыз қырып-жойды. Әскерлер қазақауыл-
дарын мейірімсіздікпен талап тонады. Ж екелеген казак отрядтары ауылдар-
ды аралап жүріп, тұрғындардың малый тартып алды. Қ азактар арасында
аш ты қ басталып, көптеген адамдар каза тапты. 1860 жылы «...мен, - деп
жазды Л .М ейер, — Ж аңадарияны ң бүкіл аумағында малдың түгел дерлік
кырылғанына, адамдардың орыс форттары маңында әлдебір азык боларлык
талғажау іздеп жүргеніне көз жеткізген жағдайым болды. Тонауға ұшыраған
бейбактардың баска бір бөлігі Хиуаға ауып кетті».134
Арал өңірі казактарының көтерілісі шағын халықтык, бой корсету болды.
Оған әр түрлі руларға жататын қазактардың едәуір бөлігі катысты. Көте-
рілісшілер арасында Кішкене шекті руларына жататын казақтар басым бол
ды. Көтерілісті прогресшіл деп санау ләзім, өйткені ол отаршылдык езгіге
қарсы бағытталды.
Көтерілістің басында күресте сынақтан өткен жетекші, жат жерлік отар-
шыларға өзінің ымырасыз көзкарасымен ерекш е.көзге түскен Ж анкожа
Нұрмұхамедов тұрды. Ол өзінің бүкіл саналы ғұмырын Арал өңірі казакта-
рыныңтәуелсіздігіне арнады. Сырдария казактарының көтерілісі басып-жа-
нышталғаннан кейін патша өкімшілігі Ж анкож а Нұрмұхамедовті жою үшін
арнаулы жазалау отрядын жіберді. Бұл отряд 1860 жылы Ж анкара көліне жа-
кын жердегі Кызылкұмда орналаскан Жанкожа ауылын кенеттен коршап алып,
сол жерде 80 жастағы Ж анкож а батырды мерт кылды. Оның ауылы тоналды.
Отряд ІЗОтүйе, 115 жылкы, 216сиыр ж әне 2234 кой айдап әкетгі.135
Достарыңызбен бөлісу: