72 KPO-1, 385-6.
120
Е к і н ш і ma p ay
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ XVIII ҒАСЫРДЫҢ
20-ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ЖОҢҒАР БАСҚЫНШ ЫЛЫҒЫНА
ҚАРСЫ ОТАН СОҒЫСЫ
1. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ХУПІҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ЖОҢҒАР
БАСҚЫНШЫЛЫҒЫНА ҚАРСЫ КҮРЕСІНЩ КҮІПЕЮІ
К азак хандыктары XVIII ғасырдың басынан-ак сыртқы саяси жағдайдың
одан өрі шиеленісуі туғызған аса ауыр халді бастан кешірді. Тәуке хан руара-
лық кырқысты уақытша болса да тоқтатып, жүздерде тыныштык орнатты,
сол арқы лы қ а з а қ рулар ы н ы ң қ о н ы стар ы н сы рттан басы п кіруд ен
қауіпсіздендірді.1 Бұған деректемелердің дәлелдеуі бойынша,2 оның карама-
ғында 80 мыңға жуық сарбаз болғаны едәуір дәрежеде көп көмегін тигізді.
Алайда билік үшін күрес пен сұлтандардың оқш аулануға ұмтылуы көп
кешікпей бірлікті бұзды,3 оны көршілері дереу пайдаланып калды. Оңтүстік-
батыстан Ж айық казактары қолдаған Еділ қалмақтары ш апқынш ылықжаса-
ды; солтүстіктен сібір казактары шабуылға шыкты; Ж айықтың арғы бетіндегі
қоныстардан башқұрттар дәмеленді.4 Оңтүстік жағынан қазактарды Орта Азия
хандықтарының (Бүхара, Хиуа) феодалдары ығыстырды. Бірақ ең катерлі қауіп
казак халкына шығыстан күші басым, баскыншы әскери-феодалдық Ж оңғар
хандығы тарапынан төнген еді.
Қ азақ ж әне жоңғар әміршілері арасындағы күрес жүз жылдан астам
уақытқа созылды. Оның негізінде жайылым үшін бақталастық жатқан еді.
Мал санының өсуіне карай көшпелілер мал шаруашылығы өндірісі үшін
кажетгі аумақты үлғайтуға мәжбүр болды.5
Ж оңғар контайшыларын жайылымдык жерлер мен оңтүстік Қазакстан-
ның сауда-қолөнер орталықтары қызыктырды. Оңтүстік Казакстан калала-
рын басып алу арқылы жоңғар феодалдарына сауда-колөнер орталыктарын
ғана емес, сонымен катар Қазақстанды Ресеймен және Шығыс елдерімен бай-
ланыстырып жаткан керуен жолдары өтетін аумақты да иелену мүмкіншілігі
ашылды.
Казақжәне жоңғар хандыктары арасындағы күрес барған сайын кескілескен
және кан төгісті сипат ала берді.
Ж оңғар экономикасының негізі орасан зор жайылымдықжер аумағында
бытырап жатқан көшпелі мал шаруашылығы болатын. Халық саны бір милли
о н а жуык, сондай-ақ 0,5 миллион баска халықтардың өкілдерінен кұралды.6
Әкімшілік және шаруашылык бөлінісі ұлыс болды. Ол отоктардан, жастар
121
мен ангалардан тұрды. Оток, сонымен катар әскери құрылым (хошун) болып
та саналды. Ж оңғарлардың әскери ұйымы казак жасақтарының өскери үйы-
мының кұрылымына ұксас болды. XVIII ғасырдың басына карай жоңғарлар-
дың негізгі кауымдары: торғауыттар мен дербенттер Тарбағатай, Монгол Ал-
тайы, Ертістің жоғарғы ағысы жағындағы колайлы жайылымдарды алып жат-
ты. Бүл жерде олар К оряков форпосына дейін коныстанды. Кара Ертіс пен
оның салалары бойында, сондай-ак Кобда өзенінің алкабында хойттар тұрды.
Чоростар Іле өзенінің жоғарғы және орта ағысы мен оның салалары алкабын
мекендеді. Чоростардың шығыс жағында, Жоңғар Адатауының беткейлерінде
хошоуттар көшіп жүрді.7
Ж оңғар хандығының әлеуметтік-таптык кұрылымы қатаң иерархиялык
сипатта болды. Коғамның саяси кұрылымы рулык бөлініске сәйкес келді.
Ж оңғар коғамының үстемдік етуші сословиесі хандар мен тайшылар еді. Ру-
ларды немесе әртүрлі кауымдык бөлімшелерді баскарған жайсандар да елеулі
рөл аткарды.8Жоңғархандығының күрылымы мен саяси өміріне ламалықдін-
басылары ерекше ыкпал етті. Ламалык діннің орталығы Лхаса болатын. Діні
жағынан жоңғарлар қазак кауымдарына карама-қарсы түрғыда болды. Үзақка
созылған соғыстар кезеңі ішінде жоңғар жайсандары ұрыс кимылдарын
жүргізудің өзіндік тактикасын жасап алды. Олар үрысты аш ыкж ерде, дала
бетінде жүргізуді артыккөрді. Бүл орайда олар сан басымдығын пайдаланды.
Олардың өздері қүс саңырығы мен күкірттен ок-дәрі өндіріп, кылышты, сау-
ытты, кіреукені, дулығаны ж әне баскаларын өздері дайындайтын.
Ж оңғар хандығына карсы күрес Цин үкіметінің де ең басты міндеті болды,
өйткені жоңғарлар Қ азак хандығымен ғана емес, Циндік Кытаймен де соғыс-
ты. Қытай билеушілері жоңғарлармен карулы қақтығысты дипломатиялық
әрекетгермен де үштастырып отырды. Ал жоңғар контайшылары мен тайшы-
лары Ертістің оң жағалауы үшін патша үкіметіне.қарсы соғысуға дәрмені
жетпеді.
Жоңғар хандығының XVII ғасырдың 90-жылдардағы Цин империясына кар
сы соғысы жоңғарларға біраз кұрбандыктар жасауға әкеп соктырды. Бұл
аумақтык мәселелерге, адам ресурстарына, Г алдан-Бошокту ханның қаза та-
буына байланысты еді. Оның орнына көрнекті мемлекет кайраткері, дипло
мат ж әне қолбасшы Цеван-Рабтан келді (1697—1727), қазак халкының ауыр
кысым көріп, касірет шегуі соның есімімен байланысты. Ол жиырма жыл
бойы М аньчжур әулетінің билеушілерімен, Циндік Қытаймен кақтығыстар-
дан сәтін тауып жалтара білді ж әне де ол Ж оңғар хандығын тез арада нығай-
тып алып, өзінің күш-жігерін казак коныстарын, Тянь-Ш ань кырғыздары-
ның жерін, Шығыс Түркістанды, Саян-Алтай және Барабин даласын қоныс-
танған халыктарды жаулап алуға бағыттады.
С оны м ен, ұлы империя кы сы м көрсеткен Ж оңғария өзін ің баскын-
шылдык ниетін Қ азақстанға бұрды. Ж оңғар феодалдары казақтарға үсті-
үстіне ш апқы нш ы лы кж асап, тұтқындар мен малдарын айдап өкетті, жай-
ылымдары мен мүлкін тартып алы п, кейде түтас рулар мен ауылдарды
кы ры п-ж ойды . Ү здіксіз жасалған сырткы какты ғыстар мен ішкі алауыз-
дықтар бытыратып, әлсіреткен казақ халкы бұл кезенде аскан зор кайғы-
касіретті бастан кеш ірді. X V III ғасырды ң басындағы қазактарды ң жағ-
дайын Ш . Уәлиханов міне былайша суреттеген: «XVIII ғасырдың алғашкы
онжы лды ғы қы рғы з (қазак. —
Ред
.) халкы ны ң өміріндегі сұмдык уакыт
болды. Олардың ұлыстарын ж оңғарлар, еділ қалмактары, ж айы к казакта-
122
ры ж ән е баш кұрттар әр ж ақтан талқандады , малын айдап әкетіп, тұтас
әулеттерді тұтқын етіп алып кетті».9
Сөйтіп тағы да, қазақ қоныстары жоңғарлар тарапынан кезекті шапқын-
шылықка ұшырады. Бұл оқиға 1698жылы болған еді. Қазақхандығына басып
кірудің себебі жөнінде Цеван-Рабтан Цин императоры Кансиге былай деп
жазған: «Мен Хасақ (Казақ) ордасына соғысты өз еркіммен емес, тұйыққа
тірелген амалсыздықтан бастадым. Бүл соғыстың өрістеуіне мынадай себеп
бар: соныңалдындаТәукедепаталатын қазақханыныңбаласын Галдантұтқы-
нға алған, одан Далай-ламаға сыйлықжіберілген екен». Сол кезде Тәуке бала-
сын қайтару туралы Цеван-Рабтанға өтініш жасап, «ол, Тәуке, менімен одак
жасасып, тату тұруға» уәде берді. Тәуке ханның баласы Лхасадан қайтары-
лып, 500жоңғаржауынгерін ертіп әкесінежіберілді. Алайда белгісізсебеп-
термен жоңғар жасағын қазақтар қырып тастады. Ж оңғарлар өздерінің Есіл
мен Жем бойындағы коныстарынан Еділге өз жасақтарын үнемі жіберіп жат-
ты. Қ азақ тар өз аум ақтары н да ж о ң ғарл ард ы ң үнемі ж ү р іп -тү р у ы н а
мүмкіндігінше кедергі жасауға тырысты. Ж оңғар қонтайшылары Еділдің
төменгі ағысындағы Қалмак хандығымен мемлекетгік, туыстықжәне діни ты-
ғыз байланыс жасап отырды. Бұл екі хандықты бір мемлекетке біріктіру жос-
пары ойластырыла бастады. Бұл жағдайда Қазакхандығыныңтәуелсіздігі мен
дербестігіне катер төнетін еді.
XVII ғасырдың 80-жылдарынан бастап жоңғар тайшылары Ж етісудағы,
ішінара Шу және Талас өзендері бойындағы казақ коныстарын қолында ұстап
келді. Алайда бұл уакытша билік саяси ықпалдың шектеулілігінен ғана көрінді.
Ж оңғарлар Жетісу қазақтарына нақты билік етуге қол жеткізе алмады.
Ж оңғарлардың Жетісуға ғана емес сонымен катар Ш у ж әне Талас өзен-
дерінің алкабына жасаған кезекті жорығына 1699 жылы казактар тойтарыс
берді. Қ азак руларының карсылық көрсеткеніне карамастан, жоңғарлар он
мыңға жуыктұткын алудың сәтінтүсірді. Қазақтар өз күштерін еселей түсті.
Мұның алғышарттарының бірі Тәуке ханның мыкты билігі болды. Қазактар-
дың жекелеген жасақтары солтүстікке ж оры к жасады. Қаракалпақтармен
бірге қазақжасактары Түмен округіндегі Тархан бекінісін шапты. Келесі жылы
Ертіс бойындағы Царево калашығы мен Утятск бекінісіне шабуыл жасады.
Қазақтар табысқа жетті. Ол былай тұрсын, Галдан-Бошоктудың билігі әл-
сіреді: кытай императоры К анси Тул өзенінде ж оңғар әскерін талкандап,
10 000-ға жуық адамын тұткынға түсірді.10 Бұл казак жасактарының неғұрлым
сенімді кимыл жасауына мүмкіндік берді.
Жоңғарлармен жекелеген қактығыстарға жауап ретінде 1702-1703 жыл-
дарда казақ жасақтары сонымен бірге Ж оңғарияға ж әне еділ калмактарына
шабуыл ұйымдастырды. Еділ калмақтары арасында өзара қыркыс туып, олар-
дың едәуір бөл ігі (60 мындай) Алтайға кетіп қалды. Қазактар да оларды Батыс
Қазакстан даласында сол кезенде жеңіліс таптырды. Қ азак жасактары негізгі
соккыны Ертістің жоғарғы ағысында жасады. Олар жоңғарларды ығыстырды,
бұған Тянь-Ш янь кырғыздары да көмектесті. Ж оңғар контайшысы өз орда-
сын Іле өзені ауданынан Обь-Ертіс өзендерінің аралығына көш іру туралы
жоспар жасады. Қазақ өскерлері осындай накты қауіп төндірген еді. Осындай
жағдайда жоңғар жайсандары мен минусин қырғыздарының кінәздері жалпы
саны 3 мың шаруашылыктан астам бірнеше мың минусин қырғыздарын Ертістің
жоғарғы ағысына айдап алып кетті.11 1702—03 жылдарда казактар Ертістің
жоғарғы жағында ойдағьщай әскери кимылдар жүргізді.
123
Бұл жөнінде қонтайшыға жіберілген Тобыл елшісі өз күнделігінде былай
деп жазған: « Казак ордасынан Ургудағы қонтайшыға олардан кашкандар келді,
ал олар казак ордасы төрт мың ж әне одан да көп адаммен Ертіс өзенінің бой-
ымен, ал баска жаққа, Астрахан түбіндегі Аюке ханға екі мың ж әне одан да
көп адаммен жорыкка атганды, ал өзгелері Ямышев көліне және Көксі батыр-
дың (ойратжайсанының. — Агд^ұлысына атгануға дайындалып жаггы».12 Ени
сей қырғыздары да сол кезде талкандалды. Олардың біреуі былай деп көрсет-
кен: «жолмен келе жатып, Ертіс кыркаларына жеткенде, оларға Казак орда-
лары шабуыл жасады. Адамдар, ал олардың канша адам екенін білмейді және
көптеген қырғыз адамдарын өлтіріп, ал көбінің әйелдері мен балалары түт-
кынғаалынды».13
Енисей кырғыздарыныңТянь-Ш аньға коныстану үрдісі XIII—XIV ғасыр-
ларда ғана болып койған жок, ол XVII—XVIII ғасырдың басында да жалғасты.
Олардың көбісі казак кауымдарына косылды. О ларжаңа жерлерге коныста-
нып, сіңісіп кетті. Емел өзені, Ертістіңжоғарғы ағысы аудандарында, Талас
өзені бойында солай болды. Ол былай тұрсын, орыс деректемелерінде «Қазақ
ордасы» атауының орнына «кырғыз-кайсак ордасы» деген атау пайда болды.
Бұл терминология XVIII ғасырдыңбасынан бастап орныкты.
К азак жасактарыныңтабыска жеткеніне карамастан, Түркістаннан Текес
өзеніндегі қонтайшы ордасына елші Бөкей жіберілді. Ол Тәуке хан мен Кайып
султан атынан «татулык орнату» максатымен Казақстан ж әне Ж онғария
билеушілерінің кездесуін өткізуді ұсынды. Казактартарапынан дипломатия-
лык күш-жігер жұмсалуы нәтижесінде бірнеше жылдар бойы ірі әскери какты-
ғыстар болған жок.
1708 жылы казактар жоңғарлардыңжаңадан басып кіруінетойтарыс бере
бастады. 1708-1712 жылдардағы ұзакка созылған соғыста екі жақ та уақытша
табыска жетіп жүрді. Ол соғыс үзілістермен, ерекше окиғаларсыз болса да,
казак батырлары, билері, рубасылары үшін тағы бірсынак болды. Соғыстың
бірінші жылында казактар жоңғарларға карсы өзінің 30 мың сарбаздан тура-
тын әскерін карсы коя білді.І4Жағдай окиғаларды ой елегінен өткізіп, жаңа
шешімдер кабылдауды талап етті. Ортаазиялык шежіреші Мір-Мүхаммед Бұха-
ри былай деп жазды: «Дінсіз зүлым калмактар күмырсқа мен шегірткедей кап-
тап, аттұяғымен тып-типыл етіп, бірінші кезекте казак халкыныңтайпалары
мен үлыстарын шапты, талап-тонап, кашуға мәжбүр етті, қазак халкының
тайпалары мен руларының көп бөлігін дінсіз билеушілер... түткынға алды,
дінсіз калмактардың сансыз көп әскерінен үрейленген қазактар және кара-
қалпақтайпасы өздерінің ежелгі жүртын тастап кетіп калды».15
Қарақүмдағы съезд. 1710—1711 жылдары жоңғар әскерлерінің ірі күштері
Казақстан шегіне басып кірді. Оның каншалыкты елеулі екенін 1710 жылдың
күзінде казак жүздері өкілдерінің жиналысы шакырылғанынан байкауға бо-
лады.16 Бұл жолы ол Карақүмда, Каракесек руы көшіп жүретін жерде өтті.
Карақұмныңорналаскан жерін Сарыарка аумағына жаткызу керек. Каракұм
шағылдары Солтүстік ж әне Солтүстік-шығыс Арал өңірінде үлкен аймакты
алып жатыр. Олар Үлытау сілемдерінің өзіне дейін созылады. Каракүмның
съезд өткен шағылдары арасында, шығыс шетінде шұрайлы алкаптар, бұлак-
таркөп. Үлытаудыңшеткі сілемдері соған дейін жетеді. К азак халкы сұлтан-
дарының, билері мен рубасыларының съезі де Каракұмның осы бөлігінде өтті.
Съезге әлімұлы, байұлы ж әне жетіру бірлестіктері билеушілері көп-
шілігінің өкілдері катысты. Орта ордадан найман ж әне кыпшақ руларының
124
түрлі өкілдері болды. Съезге барлык үш жүздің өкілдері, билер мен батырлар
катысты.
Ең ыкпалды тұлға Тәуке хан болды. Оның елдің тыныс-тіршілігін жетік
білуімен коса, өміртәжірибесі аса мол болатын. Ол әртүрлі қазақ руларымен
тығыз байланыс жасап тұратын, дағдылы құкықты жақсы білетін, батырлар-
мен қарым-қатынасы жақсы еді. Ақыр аяғында, Тәуке хан казақ-жоңғар езара
катынастарының ғана емес, сонымен катар жоңғарларға қарсы соғыс қимыл-
дарының тарихының да барлык күрделі жактарын басқалардың бәрінен жак-
сы білді. Ол шайкастарды көзімен көріп кана койған жоқ, оның қалың орта-
сында жүрді. Қазақжасактары мен көптеген руларды жалпы басқарудың ауыр-
лай түскенін ескере отырып, Тәуке хан казақ жасақтары мен қазақ руларын
баскаруды кұрылымдыккайта ұйымдастырудың жоспарын ұсынды. Сонымен
бірге ол сұлтандар билігін шектеуге, үш жүзді жауапты билер арқылы басқа-
ру жолымен орталыктандыруды нығайтуға үмтылды. Бұл шаралар бүкіл казак
жасактарын кұру, казақтардың корғаныс кабілетін нығайту міндеттеріне
сәйкес келді.
Съезд шешіміне Кайып ж әне Әбілкайыр сұлтандар өз ықпалын жасады.
Қанжығалы Бөгенбай, Ш акш ақ Ж әнібек, Тама Есет батырлардың пікірлері
жалпы жұрттың назарын аударды. Олар түрлі рулардың ғана емес, түрлі
жүздердіңде жасақтарын біріктіруді жактады. Ал бұрын әр түрлі рулардың
әр түрлі жерлерді: біреулерінің — Іле жөне Ш у, екіншілерінің — Талас ж әне
Бадам өзендерінің аңғарларын, үшіншілерінің Сарысу өзені мен Үлытау ал-
қаптарын корғауға тура кел ген еді.
Съездегі негізгі мөселе Ж оңғар хандығына бірігіп тойтарыс беру болды.
Түрлі өкілдердің көзкарастары бірдей болған жок. Адамдардың бір бөлігі
катаң кажеттілікке сай жоңғарларға бодан болуды жөн көрді.
Бұған дейінгі окиғалар жоңғарларды жеңудің оңай еместігін көрсетгі. Съез
ге катысушылардың пікірлері бір жерден шықпады. Рубасыларының бір бөлігі
аңысын андау көзкарасын ұстанды. Революцияға дейінгі зерттеуші Я. Га-
вердовскийдіңайтуьша Караганда, көбі үрейгеберілген: «өздерініңтұрғылықты
жерін тастап кетіп, кашып кұтылғысы келді... ал кейбіреулері коян сиякты,
жан-жакка бытырап кетуді калады, тіпті көптеген адамдардың бұрынғы тұрак-
тылығына сызаттүсірді». Алайда съезге катысушылардың бір бөлігі аңысын
андып көпшілікке косылу үшін даудың калай бітетінін күтті. Осындай ауыр
жағдайдыңөзінде де жоңғарлардың басып кіруіне карсы батыл күресті жак-
таушылар болды. Калыптаскан жағдайға карамастан, дау кезінде олар жан-
киярлық күрес жүргізу қажет екенін дәлелдеді. Дауға өз пікірін айткысы кел-
меген көптеген съезд қатысушылары тартылды. Ш ығыстық үлкенді сыйлауға
карамастан, пікірлер аш ык айтылып, дауға, өз пікірін дәлелдеуге еркіндік
берілді. Дау шарыктау шегіне жеткенде ортаға адуынды да кесіп айтар шешен
Бөгенбай батыр шыкты. Ол аксакалдар алдына келіп, семсерін жерге қойды
да, жейдесін жыртып жіберіп кеудесін жалаңаштап: «Таланған көштің, тұт-
кындалған бала-шағаның бейшара бакылаушысы болып отырман. Жаудан кек
аламыз, өлсек, кару ұстап өлеміз! Қ ы пш акдаласы ның сарбаздарының жал-
тарған кезі болды ма?! Мен колымды жау канына малғанда, сакалымды
кырау шалған жок болатын! Жаудың зұлымдығына шыдап отыра алман?! Жауға
мінертұлпар кұрып па?! Сұр жебетолы корамсакқаңы рап бос калып па?!» -
деді. Бөгенбай батырдыңсөзі жоңғар мәселесін шешудің шыркау шегі болды.
Мұндай көзкараска ашык карсы шығуға ешкімнің батылы бармады. Осыдан
125
кейін съезге катысушылардың бәрі Бөген-
байдың ұранынан айнымауға ант берді. Бір
жеңнен қол шығарып, бір-бірін қасық қаны
қ а л ғ а н ш а қ о р ға у ға се р ттесті. Р ухты ң
к ү ш ей ген і со н ш а , к е й б ір а қ с а қ а л д а р
берілген антты қуаттай түсу үшін жанып
тұрған отқа қан тамызуға дейін барды. Ант
беру кабылданғаннан кейін жаппай қүдайға
сыйынып, боз биенің етінен дайындалған
кұрбандықтаратылды, сол аркылы одақтың
мызғымастығы да көрсетілді».17
Қ азақ жасақтарына Бөгенбай жетекші
болып сайланды. Я. Гавердовскийдеайтыл-
ғанындай, «риза болған халық Бөгенбай ба-
тырды өздерінің жетекшісі деп жариялады».
Революцияғадейінгі тарихшы Н. М. Маевта
Бөгенбайдың сіңірген еңбегін былай деп атап өткен: «Карақұмдағы халык
съезінде әйгілі батыр Бөгенбай, дегенмен де, өз отандастарын бірсыпыра
уақытка жігерлендіре білді, сөйтіп оларды бастап, қалмақтарды талкандады».18
«Қ алм ақтарды ң езгісінен оларды қуып шығу арқылы кұтылу» ұйға-
ры лды .19
Қарақұмдағы съезді әзірлеу барысында, аса бір күрделі мәселе — хандар
арасынан жоғарғы қолбасшы сайлау туралы мөселе көтерілді. Соғыс кезі жағ-
дайында бұл маңызды болатын. Аға хан жүздердің жалпы жағдайына жауап
бермеді. Бұл рөл дәстүр бойынша Тәуке ханға калдырылатын. Алайда съезде
аға ханды сайлау Тәукенің ж әне шартты түрдегі мңрасқорының ризашылық
білдіруімен өткізілуге тиіс болды. Ал мұнда бұл лауазымға үміткерлер жетіп
жатгы. Демек, мұндай лауазымның маңызын асыра айтпағанда, оның макса-
тын ой елегінен өткізу қажет болатын. XVIII ғасырдың басында қазақтардың
бір топ ақсакалдары: «Хандардың ақсақалдар кеңесінсіз ешнөрсе істемеуі
жөнінде ежелден келе жаткан салтбар», — деп мәлімдеген еді.20
Нақты үміткерлердің бірі Қайып султан болды. Алайда оның есімі мақұл-
данбады.
Н. Г. Аполлова Қаракүмдағы билер мен батырлар съезіне Әбілкайырдың
қатысқанын көрсетеді.21 Зерттеуші И. К раф тТәукеханныңкәрілігінебайла-
нысты оған Қайып пен Әбілқайырдың серік етіп сайланғанын ж азған.22
Әбілқайырдың хан сайланғаны туралы тарихшы М. Әбдіров те жазады.23 Билік
үшін күресте Әбілкайыр өз бақталасы Кайыппен тайталасқан,24 ал Қайып
Тәуке ханның баласы, хан әулеті жағынан тікелей мирасқор болатын.
Б ір а қ Ә білкайы рды ң да біркатар қадір-қасиеттері болды. Ол туралы
В. Н. Витевский: «Ол ақылды, бірак қазақтардың сорына, әрқашан әбден ой-
ластырмай ж әне белгілі бір жоспарсыз қимыл жасаған адам болатын», — деп
жазды.25 В. Н. Витевскийдің деректеріне Караганда, съезде «хандар әулетінде
Әбілкайыр аға хан болып сайланған». Бүл туралы Л . Мейер: «Сол жерде хан
дар әулетінде Әбілкайыр аға хан болып сайланды», — деп жазды».26 Акыр аяғын-
да, тарихшы В. Н. Витевский былай деп тұжырымдады: «Қазактардың әйгілі
батыры ж эне аксакалы Бөгенбай Қаракүмдағы сеймде халықты калмактарға
шабуыл жасауға көндірді. Бөгенбай казактардың жетекшісі болып сайланды,
ал хан билігі Әбілкайырға берілді».27
Достарыңызбен бөлісу: |