Ә. Диваев өз зерттеулерінде, атап айтканда, жоңғар басқыншыларыныц
зор шығынға үшырап қашқанын, «бұл орайда Карасиыр» деген жерде ең гама
ша жеңіске қол жеткенін» атап өтеді.70 Ж азықтың орталығында орналасқан
төбе сол кезден «Қалмақкырылған» деп аталады.
Бұлантыдағы және басқа да біркатар шай каста рдың қаһармандық рухын
бізге дейін Үмбетей жырау, Ақтамберді жырау, Тәтіқара жырау, Бұқар жы-
рау, Көтеш ақын туындылары жеткізді. Бөгенбай Ақшаұлы, СаңырақТоқты-
байұлы, Олжабай Әлімұлы, Қонақай Ж ақсығұлұлы, Бөлек Сатайұлы сынды
батырлардың, батыр Баянның, Ж арылкаптын ж әне басқаларының есімдері
тірі кездерінде-ак аңызға айналған.
Алайда оқиға мұнымен біткен жоқ. Аттылы жоңғар қолының бір бөлігі
Бұланты өзенінің жоғарғы ағысына карай өтіп кетті. Бірак бұл жерде де олар-
ды казақатты әскерінің жасактары куып жетті. Сөйтіп сол жерде жоңғарлар
тағы талкандалды, тек жекелеген топтарының ғана Үлытау жағына Майтөбе
мен Құрайлыдан арғы тауларға кетіп калуына сәті түсті.
Бұланты-Білеуті жеріндегі жеңістің зор маңызы болды. Ол казак жасак-
тарының өз күштеріне сенуіне, халык санасында бетбұрыс жасауға мүмкіндік
берді. XVIII ғасырдың 20-жылдарының аяғына карай жоңғарлар Үлытау ай-
мағынан ығыстырып шығарылды. Мұндағы соңғы тайталас Жаксы Қон өзенінің
жоғарғы ағысына жапсарлас жаткан аудандағы Карамолда деген жердегі шай-
қас болды. Ж оңғарлар тағы да жеңіліске ұшырады. Бүкіл аймаққа бұл жер
«Калмаккырылған» деген атпен белгілі.
Қазақжасақтарының Бүланты—Білеуті маңындағы жеңісініңтағы бір жағы
— стратегиялыктапкырлығында болды. Қазакжасақтарының Бұланты—Білеуті
маңындағы жеңісі Аңыракай шайкасыныңтабыска жетуін аныктап берді.
Достарыңызбен бөлісу: