есепсіз
пайдалануға байланысты мал санының кысқаруы село мен ауылда
шаруашы-
лықты қалыпты жүргізу үшін оның жетіспеушілігіне әкеп соқты. Ж ылкы
малы әсіресе солтүстік облыстарда едәуір азайып кетті. Соғыс жылдарымда
армияны жабдыктау үшін едәуір мөлшерде ет керек болды, мұның озі мал
және ет өнімдері бағасының өсуіне әкеп соқты. Осыған байланысты бұл ке-
зенде өлкеде неғұрлым арзан ет беретін сала — шошқа шаруашылығы жедел
дами бастады.
Реквизициялар белгілі ру билеушілері мен ірі мал иелеріне соқпай, ха-
лыктың кедей ж әне орташа топтарына ауыр салмак болып түсті, сол арқыл ы
кедей-орташа қожалықтардың қайыршылану үрдісін едәуір тездетті, қазақ
шаруаларыныңтақыр кедей болып қалуы күшейді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған соң, Казақстан өнеркәсібі де соғыс
қажеттері үшін жұмыс істеді. Өлкедегі кен өнеркәсібінің маңызды салалары-
ның бірі Успен ж әне Сасық-Қарасу кеніштерінен темір кенін өндіру болды.
Бұл кеніштерден 1914 жылы — 246 пүт, ал 1916 жылы — 1551 пұттем ір кені
өндірілді. Соғыстың үш жылы ішінде темір кенін өндіру 6,3 есе ұлғайды.65
Салыктардың жоғары, қатынас жолдарының қаш ык, кұрал-жабдықтардың
жетіспеуі салдарынан және баска себептерден алтын кеніштерінің саны қыс-
қарды және алтын өндіру 30%-дан астам төмендеп кетті.66 Түсті металдарға
деген қажеттердің өсуі ж әне олардың бағасының күрт артуы соғыс жылда-
рындатүсті металлургияның, әсіресе Риддер ж әне Сокольский кеніштерінің
дамуына түрткі болды, түсті рудалар өндіру 1913 жылмен салыстырғанда, 1917
жылы 25,3 есе өсті.67 Ресейде тендесі болмаған Екібастұз қорғасын-мырыш
зауыты зор корғаныс маңызына ие болды, 1916 жылдан жүмыс істей бастады,
бірак оның кұрылысы соғыстың аяғына дейін толы қ аяқталмады. 1917 жыл-
дың қаңтарына дейін зауытта 13 пүт мырыш балқытылды.68 «Қырғыз коғамы»
Екібастүз зауытының мырышымен соғыс кезеңінде қорғаныс мұқтаждары
үшін жұмыс істеген Кыштым зауыттарын, сондай-ақ әскери ведомствоның
Ижорь, Обухов зауыттарын жабдықтап отырды.69
V
Бірінші дүниежүзілік сотые жылдарында мыс рудасын негізінен «Спасск
мыс рудалары» акционерлік қоғамы мен «Атбасар мыс кендері» акционерлік
қоғамы өндірді. Тұтас алғанда бұл кезенде мыс кенін өндіру жылдан-жылға
кеми берді. Мыс кені бірден-бір мыс балқыту зауыты — Спасск зауытында
өндірілді. Ж ер қойнауын жырткыштықпен пайдалану «Спасск мыс кені»
акционерлік қоғамының Успен кенішіндегі барлыкбай кенді (құрамындағы
мыс 25%) алып қоюына әкеп соқты. Сотые жылдарында Сарысу байыту фаб-
рикасы салынды. Ол революцияға дейін құрамында 25—30% мыс бар 128 мың
пұт концентрат өндірді.70
Спасск кәсіпорындарының отын базасы Қарағанды кен орындары болды.
Көмір өндіру Семей, Торғай, Ақмола облыстарында жүргізілді. Сотые ж ы л
дарында Екібастұз көмір кен орындары елеулі рөл атқарды. Ол Екібастұз кор-
ғасын-мырыш зауытын, Ертістегі жекеш е пароходствоны, Оралдаты Бого-
словск және Қыштым зауыттарын көмірмен жабдықтап отырды.71
Сотые қарсаңында және сотые жылдарында шетелдік ірі магнаттар Қазақ-
станның мұнай өнеркәсібіне дееніп алды. 1912жылдан 1917 жылта дейін Дос-
сорда 11 мұнай бұрқаты жұмыс істеді. 1914 жылы Орал-Ж ем ауданы Ресейде
мұнай өндіру жөнінен үшінші орын алды. 1914 жылы мүнай өндіру рекордтық
мөлшерге жетті, онда кәсіпшіліктер елде өндірілетін бүкіл мұнайдың 3%-ын
629
берді. 1915 жылдан мұнай өндіру кұлдырай бастайды. Бұған кәсіпкерлердің
барынша пайда табуға тырысып, жаңа мұнай аландарын дайындау жөніндегі
барлау жұмыстарына салғырттықтанытуы себеп болды.
Патша үкіметінің буржуазияны әскери-өнеркәсіп өндірісін ұйымдасты-
руға неғұрлым кең көмек көрсетуге тарту мақсатымен Ресей буржуазиясына
ж еңілдікж асауы натура келді. Бұл әрекеттердің нәтижесі әскери-өнеркәсіп
комитеттерін (ӘӨК) ұйымдастыру болды, олар армияны азық-түлікпен және
қару-жаракпен жабдықтау ісіндегі буржуазия мен патша өкіметініңорганда-
ры ретінде кұрылды.
Қазақстанда ӘӨК ұйымдастыру әр түрлі мерзімдерде жүргізілді. Мұны
Казақстанның негізгі әкімшілік аудандарында өнеркәсіп дамуының өртүрлі
деңгейімен, бұған отаршылдық әкімшілік басшыларының әр түрлі көзқара-
сымен, буржуазиялық өнеркәсіптік топтардың үйымдаскандық және топтас-
қандық деңгейімен түсіндіруге болады.
Омбы облы стыкөскери-өнеркәсіп комитетініңотырысында Семей және
Петропавл әскери-өнеркәсіп комитеттерін үйымдастыру ж әне оның кұры-
лымы бекітілді.72
1915 жылғы 4 казандаТашкентте Қалалық Дума залындаТүркістан гене-
рал-губернаторлығы әскери-өнеркәсіп комитеттері өкілдерініңотырысы бол
ды. Съезге сол кезде ұйымдастырылған жергілікті әскери-өнеркөсіп комитет-
терінің 59 өкілі, соның ішінде П еровск ж әне Верный әскери-өнеркәсіп
комитеттерінен 1 өкілден қатысты.73
1915 жылғы қыркүйектің ортасында 80 адамнан тұратын Жетісу әскери-
өнеркәсіп комитеті құрылды.74
1915 жылдың аяғына карай Казақстанның барлық облыс орталықтарында
және уездік әкімшілік орталықтарының көпшілігінде ӘӨК (әскери-өнеркәсіп
комитеті) қүрылды.
Қ азакстандағы ӘӨК қүрамына қарағанда, оларда көбінесе буржуазия-
ны ң өкілдері болды, облы сты к Ә Ө К комитеттерінде армия, жабдықтау
ж ән е и н тенд ан тты ксұраны с керек-ж арағы м ен, кәсіпоры ндарды жұмыс
күш ім ен ж ән е оты нм ен, медициналы к кы змет көрсетумен айналысуға
тиісті 5—7 бөлім болды.
Әскери-өнеркәсіп комитеттерінің әлеуметтік базасын кеңейту үшін олар-
дың кұрамында жұмыс топтары құрыла бастады. Кдзакстан буржуазиясы да
әскери-өнеркәсіп комитетгерінің жанынан жұмыс топтарын құруды тездету-
ге ұмтылды. Бұл жүмысты бәрінен бұрын Омбы кәсіпкерлері мен саудагерлері
өрістетті.
Бірақ ӘӨК қызметі патша үкіметінің үміттерін ақтамады. 1916 жылы 280
миллион сом сомасында белгіленген әскери тапсырыстардың 10%-ынан ас-
пайтын мөлшері ғана мерзімінде орындалды.75 Алайда майданда жеңіске жету
үшін экономиканы, әсіресе әскери экономиканы жоспарлы реттеу қажет бо-
латын, бірақ бүл міндетке Ресейдің жас буржуазиясының шамасы келмейтін
болып шықты. Соның, сондай-ақ баска да себептердің салдарынан шаруашы-
лықапаты жақындап калды.
Өндеуші өнеркәсіп соғыс мұқтаждарына, ет-сүтөнімдерін, былғары тау-
арлар ж әне басқа да тұтыну заттарын беріп отырды. Әсіресе былғары тауар-
ларын өндіру өсті, бұл кезенде өлкеде 139 былғары кәсіпорны жұмыс істеді.76
Олар негізінен Семей және Ақмола облыстарында орналасты және бүкіл ауыл
шаруашылык өнімінің 64,3%-ын өндеді. Шынына кел генде, былғары, тері және
630
ішек-қарын өндірісінің майдагерлік кәсіпорындары одан өрі үкситу үіиім
Ресейдің ірі өнеркәсіп орталықтары — Пермь,
Достарыңызбен бөлісу: |