Қазақстан білім және ғылым министрлігі ӘЛ- ФАРАБИ атындағы қазақ ұлттық университеті.
Баяндама.
Ш. Уалихановтың ‘’ Қазақтардағы шамандықтың қалдығы’’
Орындаған:Серік Ж.Ж Тексерген: Бисенбаев П. К
Арбау жөнінде Ш.Уалиханов ‘ арбау арқылы қырғыздар өздерін әртүрлі пәлекеттерден , аурулардан қорғайды , мұны да арбын дейді... Қазақтарда арбау- дұғалау ,дуалау сиқырлау ал арбаушы дұға оқу арқылы жадыланған ,ауру адамдарды айықтырушы емші.Адамды жылан шаққан кезде уын қайтару үшін сол жыланды арбаған.Ш.Уалиханов “Шаман сиқырлық қасиеттерімен қоса білікті таланнты басқалардан мәртебесі жоғары : ол ақын да, күйші де, сәуегей де емші, сегіз қырлы , бір сырлы адам болған. Қазақтар шаманды бақсы дейді.’’ Бұған қарағанда бақсы жай адам емес,әрі өнерлі ,әрі емші,яғни адам баласына қас, зиянкес күштерге қарсы күресуші . Оның міндетінің бірі- ауру адамдарды емдеу. Сәуегейлік жасап болашақты болжау да бір қызметіне жатады. Мысалы, оба тұрғызғандағы дұға, ырымдары, отқа табынып дұға оқу, қойдың жауырынына қарап бал ашу, тағы сол сияқты — бәрі жаңа діни ағымға байланысты өзгергенін көрсетеді. Бұл, оба құрылысы жөніндегі шығармалардың авторларына бағыштап Варджрадарка Мэгрэн өз сөзінде. «Ондай кітаптарды құрастырудың өзі барып тұрған ұятсыздық[2], ең кемеңгер деген адамның өзіне жағымсыз, бірақ оба тұрғызушыларға қарсы тұру мүмкін емес». Будда діні озінің ырым-салтымен, мифологиялық салтанатты мол мұрасымен, қарапайым шамандық рух пен әдет-ғұрыпты ығыстырып тастауға тиіс еді. Miнe, осы тұрғыдан, демек, шамандық салт-сана жағынан, бақсы-балгерлік (шамандық демонология) жағынан, менімше, моңғолдарға қарағанда, қазақтар анағұрлым мол мұраға иелік етіп отыр. Meн бұл сөзіммен, моңғолдарға қарағанда, қазақтарда шамандық таза күйінде сақталды деуден аулақпын, керісінше, қазақтарда шамандық салт-сана мұсылмандық наныммен мидай араласып, ортақ — мұсылман атты дінді құрайды. Қазақтар, әуелде, Мұхаммедті білмей тұрғанда да Алла менТәңіріге бірдей табынып, мұсылман әулиелерінің басына құрбандық шалып, бақсылардың құдіретіне де сенді, пайғамбар ұрпақтары қожаларды да құрмет тұтты. Халық отқа табынып, ал бақсылар болса. жын-перілерімен қоса мұсылмандардың періштелерін де шақырып, Алланы да мадақтады. Осылай екі дінді араластыра табыну ешқандай қайшылыққа жатпаған, қазақтар екеуін де қосып үстаған. Шамандық дегеніміз – әлемдік дүниені сүю, табиғатқа деген шексіз махббат және өлгендердің рухын қастерлеу, аруағын ардақтау. Ертедегі адамдардың нәресте пәк көңіл-санасы күнді, айды, жұлдыздарды, мәңгілік өзғерістегі бүкіл жарық дүниені құрмет тұтты, осыларды біз табиғат немесе әлем дүниесі деп атадық. Көк тәңіріне табынатын шамандық туралы тамаша түсініктемені біз, Карлейльдің жауабынан табамыз: «Ақиқат сіз жақта, есіңізде ме, Платонның мысалға келтірген адамы; қараңғы үңгірде туып, ержеткен ол, жарыққа шыққанда... мына гүл жайнаған жасыл алқап, таулар, сылдырап аққаы бұлақтар, жарға соққан теңіз толқындары, көк аспанның шексіз күмбезі. ысқырып соққан жел, біресе нөсерлетіп, бұршақтатып ұрып, найзағай жарқылдатқан қара бұлтты аспан — бұл не ғажап?! Ал, енді тағы бір құпия — ол уақыт: ең жоғарғы құпияның құпиясы... мына жалпақ әлем... О құдіретті тәңірім! Бұл не деген күш — таным ауқымына келмейтін не деген тосын күш! Барлық күштің түп тамыры да — тосын күш, тек қана біз емес!» Шамандық діндегі адам құдіретті күн нұрына қарап таңданды, осыншама жарықтың құпиясына түйсігі жетпей табынды, қара аспанға нұр сепкен айды көріп те табынды. Ертедегі адам табиғаттың барлық құбылысына мінажат етті, өзінің ұғымы жетпейтін, уақыт сияқты мәңгі, түсініксіз күштердің бәріне бас иді, көк аспанды — көк тәңірі,— деп атады. ІІІамандық сеиімнің дүниеге келуі — жалпылай немесе жекелей табиғатты қадір тұту, қастерлеу болып саналады. Шоқан
қазақ мəдениетіндегі шамандықты алғаш
зерттеуші ретінде шамандық ұғымы арқылы
қазақ жеріндегі ежелгі нанам-сенімдерді шартты
түрде топтастыра талдайды. «Шамандық кез-
келген діннің магиялық практикасы ретінде,
кейде шеткі иррациональды философия (мыса-
лы, спиртуализм) түрінде көрінеді. Шаманизм
дербес діни жүйе ретінде емес, кез-келген
діннің, соның ішінде ежелгі дін формасының
құрамдас бөлігі ретінде қабылданады. Қазақ-
тардағы бақсы ең алдымен ақын, жыршы, сəуе-
гей, емші жəне көненің көзі»
Шамандық нанымы гетерогенді, яғни
біртекті емес əр текті. Шамандықта ата-баб
рухы, жанның мəңгілігі, отқатабыну, затқа-
табыну, тылсым күшке сенім, өмір мен ажал
туралы түсініктер айшықталған.
Достарыңызбен бөлісу: |