"Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп-бақшасы" кмм "Ана жүрек жылуы"



Дата11.04.2023
өлшемі16,9 Kb.
#174166
Байланысты:
Ана жүрек жылуы


"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-бақшасы" КММ


"Ана жүрек жылуы"
(ата-аналарға арналған тренинг)
 5,6,7 -сынып жетекшілері: Битоханова Н.Б.
Бекмурзанова Г.С.
Тлеуханов Б.

2022-2023 оқу жылы
Тақырыбы: "Ана жүрек жылуы" (ата-аналарға арналған тренинг) 
 
  Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы. Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, 
өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу. 
ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі 
жайлы түсіндіру. 


Міндеті: ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру. 


Қайырлы күн, құрметті аналар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз.
1. «Қызықты сұрақтар» ойыны. (доп лақтыру арқылы)
1. Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшісінің  толық аты-жөні?
3. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?
5. Балаңыздың досы кім?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыздың бірінші тісі қанша айында шықты?
8. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
9. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі? 
10. Балаңыздың туғандағы салмағы?
11. Балаңыз нешінші сыныпта оқиды?
12. Балаңыздың бойының ұзындығы?
13. Балаңыздың сүйікті пәні?
14. Балаңыздың сыныпта нешінші партада отырады?
15. Балаңыз қазіргі салмағы?
 
2. Жаттығу «Аяқталмаған сөйлем» 
1-топ:
Сәби бақыты, ол –
Ата – ана бақыты, ол – 

2-топ:
Әйел бақыты, ол –
Ер – азамат бақты, ол – 

3-топ:
Ұстаз бақыты, ол – 

Отбасы бақыты, ол-  
Барлықтарыңыздың пікірлеріңізге көп – көп рахмет. 


3. «Балама қандай жылулық беремін?» 
Күннің суреті салынған ватман. Сіз жылуыңызды беріп жатқан күнсіз. Сізден тарап жатқан шуақтарды қалай деп атайсыз. Ата-аналар шығып балаларына күн сияқты қандай жылулық беріп жатқандарын жазулары керек. Мысалы: «Мен баламды мейірімді, жылы сөздер айтып оятамын», «Мен балама күніне бірнеше рет жылы сөздер айтып аймалаймын», «Мен мейірімдімін» т.с.с. Енді шуақты күнімізге қарайықшы. Ол да аспандағы күн сияқты өзінің жылуын, мейірімін уақыт таңдамaй, орын таңдамaй сыйлап жатыр. Біз де, ата-аналар, өзіміздің балаларымызды ешқандай талап қоймaй жақсы көруіміз керек. 
4. "Өз балаңды қолынан ұстап таны" атты ойын.
 Қорытынды. 
Құрметті аналар,біздің мектептің ұстаздары,қыздары!8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапғатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар. – дей келе сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет