Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин халық педагогикасын зерттеуі



бет1/2
Дата01.10.2023
өлшемі31,2 Kb.
#183246
  1   2
Байланысты:
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин халық педагогикасын зерттеуі


Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин халық педагогикасын зерттеуі
Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының, фольклорлық шығармаларының шығу тарихы мен тәлімдік мәнін тұңғыш зерттеп, ғылыми еңбек жазған, қазақ мәдениетінің орыс, батыс, ғалымдарының тануда ерекше еңбек еткен ғалым Шоқан Уәлиханов (1835-1865) болды.
Кадет корпусында оқып, шығыс халықтарының әдет-ғұрып, тұрмыс-тіршілігі мен тілін, дінін жақсы білетін осы саясатты іске асыруға қолайлы кеді. Шоқан Уәлихановтың батыс-сібір генерал губернаторының тапсырмасымен 1856-1857 жылдары ұлы жүз қазақтары мен қырғыздар арасында, Кытайдың Жонғария даласына бару сапары да осы саясаттың жалғасы еді. Ол өз халқының тарихына, мәдениетіне, ауыз әдебиетіне,діни көзқарасына терең көз жібере зерттеп, оны орыс, батыс зиялыларына таныстыруды мақсат етті.
Шоқанның қазақтың салт-дәстүрлері мен Діни наным-сенімдерін зерттеу еңбектерінің құндылығы: біріншіден, ғылыми ауқымының кеңдігімен көзге түсті. Ол XII-XIXғ.ғ. арасында өмір сүріп, бүкіл Шығыс халықтарының мәдени мұралары туралы еңбек жазып, пікірайтқан: Марко Поло, Бабыр, Рашиди, Махмуд Хайдари, Мейндорф, А. Левшин, т.б. батыс, шығыс ғалымдарының еңбектерін оқып, салыстыра отырып тарифи шындықтың бетін ашуга тырысқан. Екіншіден, Шоқан қазақ мәдениетін көрші өзбек, қырғыз, турікмен, қарақалпақ, монғол, қытай, татар мәдениетімен байланыстыра қарастырып, олардың бір-біріне тигізетін игі әсерін жан-жақты сөз еткен. Қай халықтың болмасын, жалғыз өзіне ғана тән салт-дәстүрінің болмайтынын, шаруашылық кәсібі мен мәдени тұрмыс-тіршілігі аралас елдердің бір –біріне тигізер әсерінің сөзсіз болатынын мұқият ескерген. Үшіншіден, Шоқан көне тарихи мұраларға сын көзімен арап бағалаған, сал-дәстүрлердің озық үлгілерін тозығымен ажырата талдаған. Шоқан еңбектерінің тағы бір құндылығы салт-дәстүрлер мен фольклорлық шығармалардың тәлімдік мәніне баса көңіл бөліп, халыққа білім-беру ісімен байланыстыра зерттеген.
Әсіресе, қазақ халқының төрт түлік малды киелі жануарлар ретінде қасиеттейтініне, соның ішінде жылқы малын жеті қазынаның бірі деп танып өте-мөте қадірлей тіліне сүйене арап, ұрпаққа беретін ұлттық тәрбиенің осы бір қасиетті бөлімін қастерлей білуді уағыздайды. Тіпті, мал сатқан қазақтың өз малының “ сілекейін сүртіп алып қалуы” малды сүю ғана емес, он киелі деп. есептеп мал. күту шаруашылығына келешок ұрпақты тәрбиелеудің белгілері деп. көрсетеді. Сон дай-ақ “аққуды атпа” , “үкіні үркітпе” “көк қарғаның ұясын бұзба”, “құстың жұмыртқасын жарма”деген тыйымдардың зор экологиялық-патриоттық тәрбиелік мәні бар екенін жастарға үлгі өнеге тұтады.
Шоқан Уәлиханов ел ішіндегі діни наным сенімдердің күшті кезінде өмір сүргеніне қарамастан, қараңғылық пен надандыққа қасты күрес ашты, қай халықтың болмасын салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарындағы озық үлгілерін ортақ мұра етюді мақсат тұтты. Ол мәдениет пен ғылымды бүкіл адам баласының бәріне бірдей ортақ рухани байлықтың қайнар бұлағы деп қарады. Ол бодандықтан құтылу жолдарын халыққа білім беру ісінен, ұлттық мәдениетті дамытудан іздеді. “Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп, тез сөнген ” қазақ ғалымы өз халқының болашағына сеніммен қарап, әсіресе, қазақ халқының ауыз әдебиеті мен игі дәстүрлерін бағалай біліп, ұлттың ұлы қасиеттерін дамыта беру қажет екендігін дәйекті материалдар арқылы дәлелдеп берді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет