Шаған жалпы орта білім беретін мектебі
Тренинг
« Психологиялық марафон»
(10 сынып оқушыларын арналған)
Педагог – психолог: Гумарова Ж.Ж.
Цуркан Э.Б.
Психологиялық марафон
Мақсаты:
Танымдық үрдістерге оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.
Оқушылардың танымдық үрдістерін дамыту.
Зейінділікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Өткізу барысы
Сыныптар 3 топқа бөлінеді. Әрбір сыныптан 8 оқушы қатысады. Топтың атын құрады. Оқушыларға тапсырмалар номері белгіленген жетондар таратылады. Әділ-қазылар сайланады. Әрбір дұрыс жауап үшін бір жетоннан топқа беріледі. Ең көп жетон санын жинаған топ жеңімпаз атанады.
— Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Адамда қабылдау, ес, ойлау, түйсік, қиял секілді танымдық үрдістердің болатындығы барлығымызға белгілі. Сіздердің танымдық үрдістеріңізді байқайық деп, психологиялық марафон ұсынып отырмыз.
Тапсырма: Анаграммаларды шешу.
МТЕКІЕТҮНСІ (22 слайд) Жауабы: түсініктеме
НАҚТАҒА (23 слайд) Жауабы: қанағат
КЕЛУРИСАПБ (24 слайд) Жауабы: республика
ІРКЕКӨК (25 слайд) Жауабы: көкірек
АҰТЖМЫМАРДЫ (26 слайд) Жауабы: тұжырымдама
ЛҰЫҚСЫР (27 слайд) Жауабы: құрылыс
3 тапсырма. Қиял (28 слайд)
Тапсырма: Шеңберді аяқтап, бейнеге айналдыру.
4 тапсырма. Ес
Тапсырма: Оқушылар кестеде берілген сандарды 1 минут қарап, есте сақтайды. Кейін қайта жаңғыртады.
5 тапсырма. Түйсік
Тапсырма: Қатысушы оқушылардың көздері матамен байланады. Олар қорапшадағы заттардың не екендігін және неден жасалғандығын тауып айту қажет.
Қорытынды. Ең көп жетон жинаған топ жеңімпаз атанады. Топтар марапатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |