Шаған жалпы орта білім беретін мектебі Тренинг Тақырыбы: «Мамандықты дұрыс таңдай білейік?» Педагог – психолог: Гумарова Ж. Ж. «Кім болғым келеді?»


Шаған жалпы орта білім беретін мектебі



бет6/9
Дата31.01.2022
өлшемі66,88 Kb.
#116511
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
10 сынып мамандық таң.тренинг

Шаған жалпы орта білім беретін мектебі

Тренинг

«Ең маңызды таңдау»

(10 сынып оқушыларын арналған)

Педагог – психолог: Гумарова Ж.Ж.

Мақсаты: оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; кәсіби бағдар беру; түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.


Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Әдісі: тренингтер, әңгімелесу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс

І. Кіріспе.


Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау.
1. Тренинг. «Сенің ерекше қабілетің»
Бір-бірімізге тек қана бір жақсы қабілетімізді жазайық. Оқушылар, сыныптастарының арқасында ілінген ақ қағазға, оқушының өзі байқаған жеке қасиетін жазады. Мысалы: ұйымшыл, белсенді, іскер, өнерлі.

ІІ. Негізгі бөлім


2. Тақырыпқа кіріспе.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан. (Абай Құнанбаев)
Сұрақ-жауап.
1. Ұлы ақын Абай Құнанбаев осы өлеңі арқылы бізге қандай ой тастап тұр?
2. Адамның өмірден өз орнын таба білуі дегенді қалай түсінесіңдер?

«Ми шабуылы» — ой қозғауы


Мамандық дегеніміз не?
Мамандықты меңгеру үшін не қажет?
Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?
Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?
Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
Адам өзің белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек?
Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

«Мамандық қасиеттері» жаттығуы


Жүргізуші психолог: Нұсқауы. Мен белгілі бір мамандықтарды атаймын, ал тренингке қатысушылар аталған мамандықтарының бойында болуы қажет қасиеттерді тез арада атап беруі керек.
Мысалы жүргізуші психолог: «мұғалім» мамандығын айтса, қатысушылар: салмақты, әдепті, жауапкершілігі мен адамгершілігі мол, т.с.с. Сонымен: «зергер», «мүсінші», «тергеуші» т.б.

«Жасырылған мамандықты тап!» жаттығуы


Нұсқауы. Тренингке қатысушылар 4 — топқа бөлінеді. Әр топтың бір қатысушысы келіп жүргізушінің қолындағы топшаманы суыруы керек. Әрбір топшамада белгілі бір мамандықтың аты жазылған. Барлық топ өздеріне түскен мамандықты қарсы топтарға ешқандай вербалды емес қарым-қатынаста (ешқандай сөз қолданбай), ым-ишарамен, түрлі қозғалыстарымен түсіндіруі қажет. Ал қарсы топтар жасырылған мамандықты табуы керек.

«Әріпті мамандық» ойыны


Нұсқауы. Тренингке қатысушылар 3-4 топқа бөлінеді. Әр топқа бір әріптен беріледі. Әр топ өзара келісе отырып, сол әріптен басталатын мамандық аттарын жинақтап жазып, ауызша атап шығулары керек. Сонымен қатар, өздері тапқан мамандықтарының қыр — сырын айту керек.
Мысалы:
І топ: «А», ІІ топ: «К», ІІІ топ: «Ж», ІІІ І топ: «Б».
агроном күзетші журналист биолог

Педагог-психолог: Мамандық таңдауда адамның шоқжұлдыз сипаттамасын да ескерген абзал.
1. Тоқты белгісінде туылғандардың көбісі мектеп қабырғасында жүргеннен болашақта қандай мамандықты таңдайтынын бағамдай жүреді. Өздері еңбекқор, шаршағанды білмейтін жандар. Олар өздерінің қандай саланы тез игеріп алып кететінін де біледі. Бұл белгіде туылғандардан сатушы, білікті тіс дәрігері, хирургтер шығады. Осы мамандықты таңдаған тоқтылардың көбісі үлкен жетістікке шыққандықтары дәлелденген. Кәсіби спортшылар да жетерлік. Тоқтылар билікке жақындау, мейлі тіпті бастық болмасын әйтеуір жеке кабинеті болғанын қалайды. Бірақ олармен қандай бір келіспеушілік жағдайында жеңемін деп ойламаңыз. Нәтижесінде жұмыстан шығып кетуіңіз ғажап емес.
2. Торпақтар нақты бір мамандықты таңдамайды. Біраз уақытқа дейін кім болатынын ойланып жүреді. Бастысы өзінің материалдық жағдайын жақсартуға септігін тигізетін кәсіп болса жетіп жатыр. Табиғатынан салмақты болып келетін торпақтар өнерге бір табан жақын. Бірақ көбінесе оны өзгелерге жария етпей, ішінде сақтап жүреді. Олардан жақсы әнші, суретші, ақын, театр өнерінің маманы, костюм шебері шығады. Егерде қолға алса аспаз, мейрамхалардың қызметін басқарушы бойынша айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізе алады. Тоқты белгісінде туылғандар мұғалімдікті да жақсы меңгереді. Сәулетші, дизайнер болса да биік мақсаттарды бағындыра алады. Бастысы алған жұмысын соңына дейін аяқтауға шыдамы жетеді.Сондықтан олар ұжымда сенімге ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет