Шағымдары құрғақ жөтелге, ентігуге, баланың әлсіздігіне, көп жылап мазасыздануына, ұйқысының бұзылуына шағымданады. Ауру анамнезі



бет3/8
Дата21.11.2023
өлшемі115,17 Kb.
#192705
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Сахиев Қамбар 414Б

ЖҮРЕК-ҚАНТАМЫР ЖҮЙЕСІН ЗЕРТТЕУ
Жүрек тұсында кеуде деформациялары жоқ. Көзге көрінетін пульсациялар жоқ. Жүрек ұшы соққысы алдыңғы қолтық сызығында 4-қабырғааралықта визуальді анықталады. ЖСЖ-128 соққы/мин. Пульсы ырғақты, кернеуі қатты, толықтылығы толық.
Пальпация кезінде эпигастральді, ретростернальді және де басқада патологиялық пульсациядар анықталмады. «Мысық пырылы» симптомы теріс.
Перкуссия: Жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекаралары:

сол жақта

V қабырғааралықта сол жақ бұғана ортаңғы сызығынан 2 см сыртқа

жоғарғы қыры

ІІ қабырғааралықта бұғана орта сызығы бойымен сол жақта

оң жақта

ІV қабырғааралықта төстің оң жақ қырынан 1 см ішке

Жүректің абсолютті тұйықтығының шекарасы:

Сол жақ

бұғана ортаңғы сызығы мен төс маңы сызығы арасында

Оң жақ

төстің сол жақ қыры

Жоғарғы қыры

IІІ қабырғааралықта төс маңы сызығы

Аускультация кезінде ырғағы дұрыс, жүрек тондары айқын, ашық. Жүректің ұшы және негізіндегі тондардың қатынасы бұзылмаған.



АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІН ЗЕРТТЕУ.
Дене салмағы нормада, семіздік пен кахексия жоқ.
Ауыздың және жұмсақ таңдайдың шырышты қабаттары аздап гиперемияланған , таза, ылғалды. Жағымсыз иіс жоқ.Тілі қызғылт, дымқыл, жабындары жоқ. Іші дұрыс пішінді, үлкеймеген, тыныс алу актісіне белсенді қатысады. Кіндік шығыңқы емес, іш қуысының ісіктері жоқ, тамырлар кеңеймеген.
Пальпацияда іш аймағы ауырсынусыз. Іш бұлшықеттерінің алыстауы жоқ, ақ сызық және басқа да жарықтар жоқ. Бауыр қабырға доғасының бойында. Өт қабы мен талақ пальпацияланбайды. Нәжісі қалыпты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет