Инвестициялық жоба мақсаты: «Жас ата-аналар мектебі» оқу курсының қызметін ұйымдастыру. Өнімі: босануға дайындау курсы, босанғаннан кейінгі дайындық курсы.
Жоба құны: 4 140 000 теңге.
Өзін өзі ақтау мерзімі: 1 жыл.
Жоба тұжырымдамасы
Жобаның тұжырымдамасы жас ата-аналар үшін ақпараттық қызметтер (яғни кеңес беру) құруды көздейді.
Кәсіпорын қызметінің мақсаттары өз баласының жеңіл, қауіпсіз туғанын, оның салауатты және бақытты балалық шағы туралы армандайтын барлық аналарға арналған курстар болып табылады.
Жоспарланып отырған кәсіпорынның мақсатты тобы: өзінің тұңғыш баласының дүниеге келуін күтіп отырған, көп- теген мәселелермен, мазасыздықпен, машақаттармен және қиындықтармен бетпе-бет келетін ата-аналар болып табыла- ды. Осындай барлық мәселелерді шешуге, болашақ ананы босануға дайындауға және өмірге келген нәрестенің бірінші айларындағы күтімі туралы білім беруге болашақ ата-аналарға арналған сабақтар көмектеседі. Тәжірибелі оқытушылар бөбектің тууына дайындалу жөнінде толық ақпарат береді.
Жоспарланады: үй-жайды жөндеу, негізгі құрал-жабдықты сатып алу, айналымдағы қаражатты толықтыру.
Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:
Атауы
|
Сомасы (мың тг)
|
Инвестициялық мақсаттар
|
3 300,00
|
Айналымдағы мақсаттар
|
|
Жиынтығы
|
4 140,00
|
Жүкті әйелдерге арналған курстар - бұл көкейкесті өзіндік бизнес-идея. Өзінің тұңғыш баласының дүниеге келуін күтіп отырған ата-аналар көптеген мәселелермен, мазасыздықпен, машақаттармен және қиындықтармен бетпе-бет ке- леді. Осындай барлық мәселелерді шешуге, болашақ ананы босануға дайындауға және өмірге келген нәрестенің бірінші айларындағы күтімі туралы білім беруге болашақ ата-аналарға арналған сабақтар көмектеседі. Тәжірибелі оқытушылар бөбектің тууына дайындалу жөнінде толық ақпарат береді.
Әрине, іс жүзінде еліміздің кез келген қаласында әйелдер консультацияларының, медициналық орталықтардың неме- се перзентханалардың жанында тегін курстар бар. Көптеген ақпарат тақырыптық интернет-форумдарда да бар. Сол жерде босану және нәрестенің күтімі жөнінде негізгі білім алуға, пікірлестермен ой бөлісуге болады. Алайда, тегін сабақтардың саны мен ұзақтығы, әдеттегідей шектеулі.
Әдетте, көп уақытты әртүрлі фармацевтикалық және басқа компаниялар өкілдерінің жарнамалық тұсаукесерлері ала- ды. Мұндай консультациялар әрдайым жоғары деңгейде өте бермейді. Кейде консультацияның өзі баяғыда ескіріп қалған материалдар жөнінде дәріс оқу болады. Сондықтан, көптеген болашақ аналар коммерциялық курстарды таңдайды, онда ұнамды қарым-қатынастан басқа, олар мамандардан өздерін қызықтыратын барлық сұрақтарға пайдалы және көкейкесті жауап алады.
Екіқабат әйелдерге арналған курстар тек ақпараттық (яғни кеңес беру) қызметтер көрсететініне, ешбір жағдайда меди- циналық тексеру және/немесе емделу жүргізбейтініне назар аударыңыздар. Қызметтің соңғы түрі міндетті лицензиялауға жатпайды.
Өнім (қызмет) сііііаты.
Жүктілікті жоспарлау - баланың жынысын қалай жоспарлау, 1 реттен қалай жүкті болу, еркекке және әйелге қандай дәрумендерді қабылдау.
Жүктіліктің алғашқы белгілері, жүктілік кезіндегі ауру, тамақтану және жүктілік кезінде емделу. Токсикоз кезінде не істеу керек?
Жүктіліктің психологиясы: босануға дейінгі және кейінгі депрессия. Не істеу керек? (психологтің кеңесі)
Босануға дайындық: Кегельдің жаттығулары, йога, гимнастика, дұрыс тыныс алу және босаңсу, дұрыс тамақтану, демалыс және ұйқы.
Босанудың алғашқы хабаршылары: бұл не? (жалған толғақ, іштің төмен тусуі, салмақ жоғалту, дәрет пен тәбітттің өзгеруі, эмоционалдық жағдайдың өзгеруі, су кету).
Босану - босану барысы:
Босану кезінде өзін ұстау ережелері (дұрыс тыныс алу және босаңсу),
Б) «босанудың» алғашқы хабаршылары - бұл не? Босанатын әйелдерді жеңіл және жылдам босануды үйретеміз.
толғақ кезеңі: бәрі босану уақытындағы ауру туралы (психологиялық тренингтер, аудио- және бейне-дәрістер)
Г) партнерлық босану (партнердің психологиялық қолдау көрсетуі, босану уақытында тыныс алу).
Босанудан кейінгі күтім. Емшек беруді, жаңа туған баланы күтуді (тамақтандыру, шомылдыру, жаттықтыру) үй- рету, мастопатияның, геморройдың және жүктіліктің т.б. асқынуының алдын алу. Босанатын әйелдің дұрыс тамақтануы. Ананың денсулығы мен физикалық формасын сақтау үшін йога және босанудан кейінгі фитнес.
Маркетингтік жоспар
Медикалық-демографиялық көрсеткіштер мен ауру
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің (бұдан әрі - Статистика комитеті) алдын ала деректері бойынша 2018 жылғы 1 қаңтарда халықтың 1000 адамына негізгі демографиялық көрсет- кіштер динамикасы мынадай:
халықтың табиғи өсімі - 2,6% көбейді және 2017 жылғы 15,2 қарағанда 15,59 құрады;
туу - 1,36% көбейді және 2017 жылғы 22,72 қарағанда 23,03 құрады;
өлім-жітім - 1% төмендеді және 2017 жылғы 7,52 қарағанда 7,44 құрады.
Республикада 2018 жылдың қорытындылары бойынша аналардың өлімі 1,6% көбейді және 2017 жылғы 12,5 қараған- да, 100 мың тірі туғаннан 12,7 құрады. Бұл ретте, ана өлімінің аса көп көрсеткіштері Атырау (30,1), Қостанай (24,5), Батыс Қазақстан (22,8), Оңтүстік Қазақстан (17,7), Қарағанды (16,9), Павлодар (16,0) мен Ақтөбе (15,2) облыстарында тіркелген. Статистика комитетінің алдын ала деректері бойынша сәбилер өлімінің көрсеткіші 2018 жылы 8,4% төмендеді, 2017 жылғы 9,39 қарағанда, 100 мың тірі туғаннан 8,6 құрады. Сәбилер өлімінің аса көп көрсеткіштері Оңтүстік Қазақстан (10,14), Қызылорда, Маңғыстау (9,36), Шығыс Қазақстан (9,34) және Қостанай (9,17) облыстарында тіркелген.
Барлық деңгейдегі медициналық ұйымдар қызметі тәуекел тобына байланысты әрбір әйелдің «маршрутына» күн сай- ын мониторинг ұйымдастырады. Жүкті әйелдер тізілімі алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде уақытылы толтырылуда.
Ана өлімінің әрбір жағдайын және сәбилер өлімінің жағдайларын талдаумен ана өлімі мен сәбилер өлімін төменде- ту жөнінде жедел шаралар қабылдау бойынша Республикалық штабтың (бұдан әрі - Штаб) отырыстары жүйелі түрде өткізіледі. Фертильді жастағы әйелдердің репродуктивті денсаулығын жақсарту, сауықтыру және диспансерлік қадаға- лау мақсатында ауруды ертерек анықтау үшін фертильді жастағы әйелдерді профилактикалық тексеру жөнінде іс-ша- ралар жүргізіледі, отбасын жоспарлау және контрацепсия әдісін таңдау жөнінде консультациялар (470-тен астам отба- сын жоспарлау кабинеті ашылды), сондай-ақ жүктілікке дайындау жөнінде іс-шаралар өткізіледі. Технологияларды енгізу және медицина қызметкерлерін оқыту мониторингін жүргізу үшін ЭПП және ИВБДВ енгізетін өңіраралық үй- лестірушілердің, ұлттық бапкерлердің тізімі бекітілді. Еліміздің барлық 16 өңірінде тиімді перинотальдық жәрдем енгізу және бала жасындағы ауруларды біріктіріп жүргізу жөнінде өңірлік оқу орталықтары құрылды, тиімді перинотальды жәрдем беру бойынша 16 өңірлік үйлестіруші жұмыс істейді. Босануға жәрдемдесетін және балалар ұйымдарының меди-
3
services.atameken.kz atomekeh қысқы нөмір 1432
циналық қызметкерлерінің 80% («сыни масса») астамы халықаралық стандарттар бойынша оқытылды, жедел неонатальді және педиатриялық жәрдем айтарлықтай жақсарды. Білім мен практикалық дағдыларды бағалау үшін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында республикалық орталықтар ашылды және жұмыс істейді.
Халықаралық ұйымдармен (ДДСҰ, ЮНИСЕФ балалар қоры) бірлесіп аналарды 5 жасқа дейінгі балалар күтімі туралы ережелер жөнінде хабардар ету бойынша кең ауқымды кампаниялар өткізілді. Жас ата-аналар үшін «0-ден 5 жасқа дей- інгі жастағы бала дамуының жеке кәртолішкесі» басылып шықты. Медициналық қызметкерлер «0-ден 5 жасқа дейінгі жастағы баланың физикалық дамуы» деген әдістемелік құрал әзірледі. «Бала жасындағы ауруларды саралап жүргізу» ДДСҰ бағдарламасын іске асыру шеңберінде 5 жасқа дейінгі балаларға патронажды профилактикалық бақылау жүргізіл- ді, 600-ден астам дені сау бала кабинеті ұйымдастырылды, онда медициналық қызметкерлер жас балаларға психофизика- лық скрининг жүргізеді, тамақтану мәселелері жөнінде ата-аналарды оқытады және кеңес береді. Босануға көмектесетін үйымдардың кадрлармен жасақталуына талдау жүргізілді, онда: акушер-гинекологтар - 89,5%, неонатологтар - 87%,
анестезиолог-реаниматологтар - 84%, орта медициналық қызметкерлер - 84,7% құрады.
Босануға жәрдем беретін қызмет ұйымдарына аудит және бағалау жүргізілді, өңірлік перинатальдық жәрдем деңгейіне байланысты кезең-кезеңмен қажетті жабдықпен толықтырып жабдықтау жоспарланды. Перзентханаларды медициналык жабдықпен жарақтандыру деңгейі 69% құрады. Ақмола (56%) және Оңтүстік Қазақстан (57%) облыстарында босануға жәрдем беретін ұйымдардың жарақтануының пайызы төмен.
Өткізу саясаты:
Далада қабырғаларды безендіру - сыртқы жарнама, яғни сабақ өтетін жерге шынай фотосуреттермен және телефон- дары мен сабақ кестесі көрсетілген әдемі, тартымды маңдайшаны ілу керек;
Визиткалар, кішкентай күнтізбелер, жарнама парақшалары (әйелдер консультацияларында қалдыруға болады);
Әйелдер консультацияларында дәрігерлермен ауызша уағдаласу;
Интернет арқылы жаңа әйел клиенттердің жеткілікті санын тартуға көмектесетін сайт, инстаграм құру;
Компанияның имиджімен жұмыс жасау, пікірлер мен ұсынымдардың жақсы негізін құру.
Жоба бойынша болжамды салық аударымдары:
Атауы
|
%
|
Жоспарлау аралығы
|
Жалпы
|
Кезеңнің нөмірі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
Жыл
|
2019
|
2020
|
2021
|
2022
|
2023
|
2024
|
|
Жылдағы айлар
|
4
|
12
|
12
|
12
|
12
|
12
|
|
Инвестициялық фаза
|
1
|
0
|
0
|
0
|
0
|
0
|
|
Өндірістік фаза
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
Табыс салығы УСН салығы
|
3,00%
|
105,60
|
462,24
|
494,60
|
529,22
|
755,02
|
807,87
|
3 154,54
|
Әлеуметтік салық, барлығы с.і.
|
|
259,60
|
778,80
|
833,32
|
891,65
|
954,06
|
1 020,85
|
4 738,28
|
Қызметкерлер құрамы
|
11,00%
|
259,60
|
778,80
|
833,32
|
891,65
|
954,06
|
1 020,85
|
4 738,28
|
ОСМС, с.і.
|
|
35,40
|
106,20
|
113,63
|
121,59
|
130,10
|
139,21
|
646,13
|
Қызметкерлер құрамы
|
1,50%
|
35,40
|
106,20
|
113,63
|
121,59
|
130,10
|
139,21
|
646,13
|
ЖИЫНТЫҒЫ:
|
|
400,60
|
1 347,24
|
1 441,55
|
1 542,46
|
1 839,18
|
1 967,92
|
8 538,95
|
Инвестициялық жоба технологиясының қысқаша сипаттамасы:
1-күн (акушер-гинеколог)
Достарыңызбен бөлісу: |