Екі көзі тұнып, екі құлағы бітіп қалса керек, өзі келіп құшағыма қойып кетті. Кішкентай жүрегі
кеудесін жарып кетердей тарс
-
тарс соғады. Бақайына дейін қара терге түскен. Көкпеңбек көк
бұйра жүніне жабысқан шаң терге шыланып жылт
-
жылт етеді.
Мен қозыны көтеріп жігіттерге беттегенде, колонна ұзай бастаған. Дементьев капотты жауып
жатыр екен. Маған айқайлады:
-
Ерген, жүгір! Тез отыр машинаға.
Мен жүгіріп кеп, қозыны жігіттерге ұсына бердім. Селедков қақшып алды.
Машина гүр ете түсті. Солдатқа бұйым болған ба, аяғым дөңгелекке тиер
-
тиместен, қозғала
берген машинаға ытқып шықтым. Машина кері бұрылды.
-
Құрттты мына Дементьев!
-
Ол емес, көк қозы құртады бізді.
-
Ештеңе етпейді.
Ә, дегенше заулай жөнелдік. Сол сәт жаңағы көк қозы ұшып жеткен қара жолда ақбоз атпен
шауып келе жатқан шопанды көрдік.
-
Анда қараңдар!
-
Қайдан
білді екен, ей?
Мен көк қозыны алдыңғы аяғынан аспандата көтеріп қойшыға көрсеттім. Қойшы ат басын
тартты.
Дементьев тежегішті басты. Ол машинасын кері бұрғанда, қойшы
асфальт жағасында тұрған.
Ақбоз ат жуас жануар екен, үрікпеді. Шопан тебініп кеп, машинаға қатарласа берді. Мен еңкейіп
көк қозыны қойшыға ұстата салдым.
-
Рақмет. Көп рақмет, солдат қарақтарым!
-
Сау болыңыз, ақсақал.
Дементьев газды аямай басты. Машина тез
-
ақ екпін алды. Шопан желе шоқырақтатып бара
жатты.
Достарыңызбен бөлісу: