Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет120/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

 
 
-187- 


...Күн
жексенбі еді. Жексенбіде ешкім жұмыс істемейді.
Деревня халқы түгелдей сауық 
құрады. Тихон мұндай думанның қақ ортасыңда жүреді.
Тихонның қызы Аксинья мен баласы 
Васька келді жаныма. Екеуі:

Үйде
ешкім жоқ. Жүр, —
деді.
Сол сәтте екеуін кереметтей жақсы көріп кеттім. Мен жылынып, тамақ ішкен соң төбе 
басына шығып жұрттың ойынын тамашалап тұрдық. Бір кезде өзіміз де ойынға араласып кеттік.
Ойнап жүріп, абайламай, Аксиньяны жылатып алдым. Сол сол
-
ақ екен, Васька қолындағы 
таяғымен шекемнен салып кеп жіберді. Бетімді қан жуып жүре берді. Кулак балаларымен 
ойнамақ болғаным бір тыртық болып есімде қалды.
...1915 жылы ауылда
жер реформасы жүргізіле басталды. Алдымен Қаратай, Боқыш, Ысқақ, 
Бейсенбай сияқты байлардың жерлерін тартып алып, кедейлерге үлестіріп беру ұйғарылды.
Мен онда комсомолмын. Комсомолдың жанып тұрған кезі, айтқаны екі болмайды. 
Комсомолецтер жиналып, әуелі Қаратайға келдік.
Сөйтсек, байлар қаруланып, дайын тұр екен. Бізге лап қойды. Біз қарусызбыз. Қаратай мені 
шекемнен күрекпен ұрды. Есімнен танып қалдым.
Көзімді ашсам, бет
-
аузым қан. Әкемнің ағасының әйелі Қайғыжан менің үстіме төніп түскен 
екен. Соққыдан оның бір көзі шығып кетіпті. Ал менің, достарымның бірінің қабырғасы, бірінің 
аяғы сыныпты. Сөйтіп, біз соңғы қаңды қақтығысқа
тап болдық. Осы жолы менің шекеме соңғы 
тыртық түскен еді.
Біз көп ұзамай алғашқы
ауыл шаруашылық артелін құрдық. Ол «Өркен» деп аталады. 
«Өркен» өркен жайды, өсті. Сендер —
«Өркеннің» баласысындар. Сендердің торсықтай 
шекелеріңе ешкім тыртық салмасын.
Біз осы үшін күрестік, өз шекемізді кулактардың 
соққысында тостық.
Сейітжан содан бері атасының шашын абайлап, әдемілеп алатын болды. Ұстараның жүзі 
атасының тыртығына тиіп кетіп, жарасын жаңғыртпасын дейді.
-188-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет