дей жасаурап барады. Бантик таққан шоқ тұлымы да желп
-
желп етіп, Әбілді асықтырғандай болды.
-
Өзің
айта қойшы, қайсысын оқиын.
-
Мынаны —
«Орман қызын» оқыңыз, —
деп Шолпан жіңішке сұқ қолымен «Тұманбай
Молдағалиев» деген жазуды көрсетті.
-
Шолпан, андағы көрсетіп тұрғаның осыны жазған ақын ағаңның аты мен фамилиясы.
«Орман қызы» деген мына үлкен қызыл жазулар. Ал мынау —
сол ақын ағаңның суреті.
-
Суретін де сол кісінің өзі салған ба? Ол кісі неге сиямен жазбайды? —
Шолпан анықтап
байқайыншы дегендей жазуларға жіті үңіліп кетті.
Шолпан, ал ағаң мұны о баста сиямен жазған.
Суретін суретші салған. Сен сияқты балалардың бәріне журнал керек. Ол
журналдың бәріне
қашанғы сиямен жазып отырмақ. Журналға басқанда осындай боп түседі. Оны өзің кейін
үлкейгенде түсінетін боласың. Қане, енді тыңда, оқиын.
Әбіл
«Орман қызын» асықпай баппен оқи бастады. Шолпан үн
-
түнсіз қалшиып тыңдап
отырып, бір уақытта
:
-
Аға, жылдам оқыңызшы, —
деді.
-
Немене, Шолпан, жалықтың ба?
-
Жоқ.
-
Ендеше, неге асығасың?
-
Қыз
ертерек атасы мен апасына барсын.
Шолпан
«Орман қызын» бұрыннан біледі екен. Оның
түсінігіне жеңіл болсын деп, жай оқып
отырғанының бекер екенін білді де, Әбіл судыратып тез оқып шықты.
-
Ал енді қайсысын оқиық?
Шолпан журналдың он сегізінші бетін ашып, «Қарындасым бар менің» деген өлеңді көрсетті. Әбіл
мәнерлеп оқып берді де, Шолпанға мынадай сұрақ қойды:
Шолпан, өзің оқи аласың ба?
Жоқ. Маған Алма тәтем келгенде оқып береді.
-
Ал әйтпесе мен осыны дауыстап қайта
-
қайта оқиын, сен жаттап ал. Тәтең келгенде
судыратып оқып бересің өзіне
.
Бұл сөзді төсегінде жатқан Мараттың құлағы шалып қалды. Шолпанның түк жатырқамай,
Әбілмен шүйір
-
-9-
келесіп кеткеніне бағанадан бері танданып, төргі үйге құлағын
тігіп жатқан. «Апыр
-
ай,
маған да
жаттатпас па екен?» деген оймен есіктен басын қылтита беріп еді, Әбілдің:
-
Марат, сен де жаттайсың ба? Жаттасаң, кел. Екеуің қатар отыра қалыңдар, —
дегені ғой. Әбілдің
өз ойының дәл үстінен түскені мүндай жақсы болар ма, Марат жүгіріп кеп, Шолпанның
жанындағы бос орындыққа отыра кетті.
-
Ал тынышталыңдар, бастаймыз.
-
Апам жоқ
-
та бөл
-
ме
-
ні
Қоя
-
тұ
-
ғын та
-
за
-
лап,
Біл
-
гі
-
сі кеп әр
-
не
-
ні,
Сұ
-
рай
-
тын ыл
-
ғи ма
-
за
-
лап,
Қа
-
рын
-
да
-
сым бар ме
-
нің.
Әбіл
әр
сөзді буын ретімен созып
-
созып оқыды.
-
Ал, кәне, бәріміз қосылып айтайық. Үшеуі әлденеше рет қосылып айтып шықты.
Шолпан, өзің
айтып көрші.Шолпан мүдірместен тақылдатып айтып берді.
-
Марат, енді сен айта қойшы.
-
А
-
пам жоқта бөлмені
Қоя
-
тұғын
таза
-
лап.
Біл... біл... білейін...
-
деп Марат тұтығып тұрып қалды. Шолпан бұған
мәз болып сықылықтап күліп:
-
Иә, саған, солай ма екен? «Білейін» деп емес,
Білгісі кеп әрнені
Сұрай
-
тын ылғи мазалап
Қарындасым
бар менің, —
деді.
Әбіл
де Шолпанға ілесе күлді. Маратқа қайта айтқызып еді, тағы жаңылды. Бұл жолы мүлт
кеткеніне Марат намыстанып қалды. Екі қолымен бетін басып жылап жіберді.
Жаңа ғана шат күлкіден езуін жия алмай
отырған Әбілдің жүзіне өкініш ұялай берді. Маратты
ыза қылу үшін әдейі күлгендей боп, тым ыңғайсызданып:
-10-
-
Енді жаңылмайсың. Қайта айтып көрші, нанбасаң.
Ал, қане,
қайта айт, —
деп, сасқанынан Маратты қолпаштай бастады.
Марат шын күйініп отырған, айта жөнелді. Дәл жаңылатын жеріне келе бергенде, Әбіл «білгісі
кеп» деп сүйемелдей қойып еді, Марат аяқ жағын іліп әкетті.
-
Міне, азамат! Енді
екінші шумағын жаттайық.
Ерегіскенде қазір Шолпаннан озып шықшы
осы.
Ұ
-
нат
-
пай
-
тын еш
-
кім
-
ді, Қал
-
са е
-
гер өк
-
пе
-
леп.
Ки
-
гі
-
зе
-
тін кеп
-
кем
-
ді
Көң
-
лі кел
-
се шөт
-
ке
-
леп, Қарындасым
бар менің.
-
Ал, кәне, бәріміз қосылып айтайық.
-
Ұ
-
нат
-
пай
-
тын, —
деп айта беріп, Әбіл Маратқа қараған
.
Марат көзінің қиығымен журналды тесіп отыр екен. Әбіл Мараттың жаңағы жолы жаңыла
беруінің сырын дереу түсіне қойды. Журналды жауып қойып, үш рет қайталап айтып шықты.
-
Марат,
өзің айтып көрші, ал.
Бұл жолы Марат та, Шолпан да жаңылмады.
-
Марат, сені Шолпаннан неге қалып қойды десем,
журналға ұрланып үңіліп, көңілің
бөлінеді
екен ғой. Бір
нәрсемен айналысып отырып, назарынды басқаға бұрмаған
жөн. Онынды көріп
қалғаным жақсы болды. Шолпаннан озып шықтың. Қалғанын ертең жаттайық, бүгінге
осы да
жетер, —
деп
Әбіл
журналды жаба салды.
«Ой, пәле
-
ай, қайдан біліп қойды екен! Біліп қалғаны да жақсы болды, озып шықтым» деп
ойлап, Марат әжептеуір көтеріліп
қалды. Әбілдің Маратқа «Шолпаннан озып шықтың» дегеніне
Шолпан:
-
Иә, озған жоқ. Сіз Маратқа бұрын айтқыздыңыз ғой, —
деп ашуланып бұртиды.
-
Жаңа сен бұрын айтқансың. Бұл жолы Марат бұрын айтты. Екеуің де бірдейсіңдер. Маратты
қайта
-
қайта қалдыра беруге бола ма? Еңдігі жолы алдымен сен айтасың, —
деді Әбіл Шолпанға.
Шолпан жадырап сала берді.
-11-