Бірде осы ойының орайы келе кеткені. Қалай дейсіңдер ғой?
Шаңқай түсте екеуі ауыл алдындағы өзенге қарай үлкен сазды жарып өтетін жалғыз аяқ
жолмен жарысып бара жатты. Жолдың екі жағы —
тұтасқан шидей
-
шидей түп
-
түп бұзаушіңмен.
Кенеттен Марат сүрініп кетіп, етпетінен түсті. Қолындағы сым темірі бір жаққа, дөңгелегі бір
жаққа ұшып кетті. Бірталай жер озып кеткен Серікбек қайта айналып келді. Бұл кезде Марат
шұқшиып
көк дөңгелекті іздеп жүрген. Мараттың қолындағы сымның шошайып жүргенін
көргеннен
-
ақ, ол көк дөңгелектің жоғалғанын айтқызбай білді.
Әуелден
көк дөңгелекке ынтық болып жүретін Серікбек:
-
Тапқан —
тапқандікі, ешкі —
баққандікі, —
деп мәз
-
мейрам болып қуанып кетті.
Осыны айтып, жоғалған нәрсені тауып алғандардың бермей қоюы бұларда бұрыннан бар
әдет
еді.
Қалай
іздеудің тәсілін
Серікбек жақсы білетін
-
ді. Байқап
тұрып дөңгелегін қалыңға
қарай дөңгелетіп кеп жіберді. Ешбір дыбыс естілмеді. Ол өзінің дөңгелегін тауып әкеп, шөптің
арасына қайтадан жіберіп қалды. Осылай лақтыра берді, лақтыра берді. Бір кезде көк дөңгелектің
құлаққа жағымды қоңырау үні сыңғыр етті. Серікбек дауыс шыққан жерге жүгіріп барып, әй
-
шай
жоқ көк дөңгелекті, басын қысыңқырағанына
қарамай, мойнына кигізіп ала қойды.
-
Әкел, дөңгелегімді!
-
Иә, саған! Өзім таптым, өзім алам. Керек болса, менікін ал.
Серікбек осы сөзге ғана келді де, үйіне қарай зыта жөнелді. Марат жылаған бойы үйіне
қайтты
.
Серікбек өз ауласына кірген соң, көңілі
орнына түсіп, дөңгелек өзінікі болғандай бір сезімге
келді. Енді алайын десе, дөңгелек
шықпай, басына кептелді де қалды. Әрі
-
бері тартқылап көріп
еді, болар емес. Оған дөңгелек
өмір бойы мойнында жүретіндей болып көрінді. Қорқып
кетіп,
бақырып жылап жіберді.
Баласының даусын ести сала, шешесі далаға атып шықты
.
-
Кім тиді, күнім, саған?
Достарыңызбен бөлісу: