Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет89/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

 
 
 
-147- 



Шығара алам.

Ал кел онда, көтер аяғыңды.
Қасым
оңтайлана берді, Қайрат аяғынан көтеріп, хауыз жақтауына бір
-
ақ шығарды.
Қасымның
көңілі орнына түсті. Енді Қайратқа көмектесу керек. Жақтау ернеуінде тұрып 
еңкейіп, Қайраттың қолынан тартып көріп еді, әлі келмеді. Бұл құларман болған соң, Қайрат 
қолын қоя бере салды. Қасымнан басқа қайран жоқ еді.

Қасым, жаңа айттым ғой, сен кішісің, мені тартып шығаруға әлің келмейді. Сен қайта түс. 
Сөйт те, менің аяғымнан көтер. Мен шығам да, сені қолыңнан тартып алам.

Неге түсем? Түспеймін.

Айттым ғой неге түсетініңді.

Түспеймін.
«Қап, мынау бір түкті түсінбейтін бала екен ғой. Жоқ, қу ма?»

Қасым, белдігіңді әкел бері.

Неге?

Көресің қазір, бере тұр. Сен өзі қандай адамсың?
Қасым
әшейінде
белдігін жан адамға ұстатқан ба, ал
қазір
Қайрат дігерлеп тұр. Белдігін лажсыз 
беруге тура келді. Қайрат
өз белдігін де ағытып алып, екеуін жалғады. Сөйтті де, үзеңгілік жасап, 
бір ұшын Қасымға
ұстатты.

Ал, Қасым, мынаны үзеңгілік
дейді. Жақтаудың арғы жағына шық та, тас қып ұстап, бері соз.
Қасым
Қайраттың айтқанын бұлжытпай орындады. Қайраттың аяғын үзеңгілікке салғаны да сол 
еді, жақтауға
ытқып шықты. Қасым қуанып кетті.

Қайрат, қалай тез шықтың, а?

Несі бар? Адам атқа осылай мінеді. Үзеңгіге аяқ тиісімен, ердің үстіне лып ете қалу керек.

Қызық екен.

Солай ма?

Мен де хауыздан үзеңгілікпен шығып көрейінші.

Көр.
Қасым
хауызға қарғып түсіп, Қайрат созған үзеңгілікке аяғын салып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет