Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет114/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

 
 
-177- 


Шымшық торғайлар шыдамсызданып шыр
-
шыр етеді.
Алыстан мекеніне көкектен бұрын ұшып жеткенімен, жыланнан қорқып, тас қораға жолай 
алмай жүрген қос қарлығаш қанаттары сусылдап ұшып, ата көкекті екі
-
үш айналып өтті, 
соңғысында таңдайларын тақылдатып. «Бірдеңе істеңізші», —
деп асықтырған сыңайланды.
Ата көкек бәрін
түсінді, ана дәу қара шұбардың
көзін құртпай, тас қорада
тыныштық 
орнамайды екен. Өн бойын ашу кернеген ата көкек томар тасты теуіп ұшып, қара шұбарға қарай 
қалбаңдап бара жатты. Жан керек екен, қара шұбар шұғыл
ирелеңдеп қорым тастың арасына кіріп 
кетті.
Ата көкек қара шұбар жатқан жерді жанап өтіп, қайқаң етіп орнына барып, қанатын жайып, 
қона кетті.
Шымшық
торғайлар демнің арасында үйірімен дүр етіп ұшып келіп, тас қалаудың қуыс
-
қуысына зып беріп кіріп кетіп жатыр.
Қос
қарлығаш тас қора қалауының үстінде көлденең жатқан ұзын көк тастың
ернеуіндегі 
былтыр өздері балшықтан бұжыр
-
бұжыр етіп жасаған ұяларының
түтік іспетті аузы жабысқан 
жапсарға қонып алып, шаттық жырын төге бастады.
Тас қорада енді құстардың еңбекке толы бейбіт өмірі басталды. Құстардың жыландардан 
басқа жауы жоқ. Жыландарды ата көкек жолатпайды. Түн қатқан түлкі мен қарсақ
тас қалаудың 
қуыс
-
қуысындағы ұяларға жерден мойнын созып та, үстінен еңкейіп те жете алмайды.
Құстар
енді алаңсыз жұмыртқалап, ұя басып, балапан шығарып, оларға Қарасайдың қалың 
шегірткесін шетінен тасумен болады.
Ата көкек бейне бір қырағы сақшы тәрізді, күн көзі көрінген кезден томар тас үстіне шығып 
алып, «Кө
-
кек, кө
-
кек» деп ұзақ отырады.
«Кө
-
кек» деген үйреншікті үн естілісімен торғайлар бірінен соң бірі ұяларынан ұшып
шығып, 
шұғыл
іске кіріседі. Томар таста ата көкек отырғанда еш қауіп жоқ, шаңда бір жылан жыбырлай 
қалса, қалың торғай қырғи тигендей шырылдап қоя береді. Сол сәт ата көкек сап етіп келіп, томар 
тастың үстіне қона кетеді.
 
-178- 


Ата көкек ұзын біз тұмсығымен томар тасты шоқып
-
шоқып қалады. Ата көкектің 
шүйдесіндегі айдары адырайып, тұмсығымен тұтасып, ұзын жебеге айналады, желке жүні 
тікірейіп
-
тікірейіп шыға келеді. Іле зып беріп ұшып, шу шыққан жерге жетеді.
Балапандар тегіс жұмыртқаларды жарып шығып, шиқылдап, тамаққа аузын ашқалы қара 
шұбар жыландардың есіл
-
дерті тас қора жаққа ауған. Дүниеде қызыл шақа балапаннан асқан 
қылғытарлық
не болсын. Әсіресе, талай рет бірден он шақты балапанды өңешінен өткізген дәу 
қара
шұбарда дегбір қалмаған. Қара шұбар —
нағыз жырындының өзі, былтыр көкектің көзін ала 
бере, бір бүйірден тас қалауға жанап кетіп, бірталай торғайды сорлатқан.
Міне, бүгін де қара шұбар қалың шөптің арасымен мүлде ақырын, соншама сақ жылжып келе 
жатыр. Қара шұбар тас қалаудың көлеңкесі үзілмей түсетін болған соң шөп шықпайтын тақырдың 
жағасына іліге бере жермен
-
жексен болып жата кетті. Бұл
уақытта құстың бәрі —
сауысқаннан сақ, 
жылан тұрмақ, шаян қимылдаса, біліп қояды. Қазір де сөйтті, тас қалаудың бергі шетіндегі 
ұясынан шыққан шымшық қара шұбарды көріп қалып, бай
-
балам салды. Торғайлар, тегі, бір
-
бірін 
шиқылынан түсінеді, демнің арасында
айнала азан
-
қазан болды. Батыл шымшықтар, тіптен, 
жыланның басынан теуіп өтпек болып, ентеледі.
Торғайларға көмекке қарлығаштар да келді, жыланның алдын қайта
-
қайта кесіп өтіп, зымырап 
ұшып жүр.
Ата көкек тас қораны тасалап ұшып, қара шұбардың дәл алдынан шықты.
Қара
шұбар тайсалмады, басын қақшитып, айыр тілін сумаңдатып, «Келсең, кел», —
деп 
безерді.
Екпіндеп ұшып келген ата көкекке шегінер жер жоқ еді, қара шұбардың дәл алдына барып 
қона кетті.
Ата көкек пен қара шұбар бір сәт бірін
-
бірі аңди қалды.
Ата көкек көп аңдысудың түкке қажеті жоқ екенін қандай да бір түйсікпен сезе қойды да, ұзын, 
біздей үшкір тұмсығымен демде жыланның әуелі бір көзін, іле екінші көзін шұқып, ағызып 
жіберді.
Қара
шұбар қатты серпіп, қүйрығымен ата көкекті осып түсті. Ата көкек, мойны үзіліп кете 
жаздап, тақырға топ
 
-179- 


ете қалды. Содан
соң ата көкек пен қара шұбар опыр
-
топыр болып, айқаса кетті. Ата көкек, қара 
шұбардың басынан дамылсыз шұқи берді. Ал қара шұбар ата көкектің бөтегесінен тістеп, ішіне 
уын енгізіп жіберді.
Ендігі бір сәтте денесіне у жайылған ата көкек қылжиып, миы ойылып, екі көзі ағып түскен 
дәу қара шұбар жылан сұлап жатты.
Қалың
шымшық ата көкектің өздері үшін жанын пида еткенін елеген жоқ, дамыл таппай 
балапандарына шегіртке тасып жүр.
Қос
қарлығаш
біраз шырылдап ұшып барып тыншыды.
Көшбасшылары —
дәу қара шұбардың тас қораның
түбінде жайрап жатқанын қара шұбар 
жыландарға ешқандай
ой салған жоқ, бәрі қандай да ебін тауып қызыл шақа балапандарды 
қылғытқысы келіп емінеді.
Қазір
ертеңгілік томар тастың үстінде ұябасар көкек отыратын болған.
Кө
-
кек, кө
-
кек!
Ұябасар ата көкекті жоқтап сұңқылдап
отыр ма, төрт балапанының аман
-
есен өсіп келе 
жатқанына қуанып, жыр төгіп отыр ма, оны өзі болмаса, ешкім білмейді.
Кө
-
кек, кө
-
кек!
Ұябасардың ата көкектікінен нәзіктеу үні тас қалаудағы топ торғайға қуат береді, жылғаның 
арғы жағыңдағы
қалың жыланның берекесін алады. Өмір —
осы, сүйініш пен күйініштен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет