Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет43/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

АДАМНЫҢ АҚ ПЕЙІЛІ
 
 
Бауыржанның әжесі ауырып, қалалық ауруханаға түсіп қалды.
Қалалық
аурухана Бауыржандардың үйіне өте жақын, бар болғаны көшенің арғы бетіңде. Төрт 
қабатты үлкен сұрғылт үй көшені ұзына бойлап тұр. Бауыржанның әжесі сол ауруханада жатыр.
Адам ауырған екен, оның
көңілін сұрар бллар. Адамның ақ
пейілі науқасты жарты аурудан 
арылтады.
Бауыржан мұны жақсы біледі. Бұл —
әжесі құлағына талай құйған әңгіме. Әжесі бұл сөзді 
басқалар ауырғанда айтатын, сөйтіп, қайткенде де, сол адамның көңілін бір сұрап қайтпай 
тыншымайтын, енді, міне, өзі ауырып қадды.
Тезірек көңілін сұрап барып, әжесін жарты аурудан арылтуы керек. Аурудың көңілін сұрап 
адам өңкей жақ

 
-84- 


сы сөз айтуы тиіс. Не айтуды Бауыржан жақсы біледі. Әжесінің осындай кезде айтқандарын талай 
естіген,
көкейінде сайрап тұр: «Ештеңе емес. Сәл
-
пәл суықтап қалғансыз ғой. Мұндай
-
мұндай 
қыңқыл
-
сыңқыл болады десеңізші. Доғдырдың айтқанын істеп, берген дәрісін түк қалдырмай ішу 
керек. Доғдыр дегеніңіз —
бір айналайын. «Жақсы сөз —
жарым ырыс» деген, тез айығып кетіңіз».
Әжесінің
не дейтіні де белгілі. «О
-
о, Бажан келіп қалыпты ғой. Құлыным менің! Әжең сәл
-
пәл 
ауырып қалды. Сен көңілімді сұрап келдің болды, ауырғаңды қоямын енді. Доғдыр рұқсат
етсе, 
үйге қайтамын».
Жалпы, ауырған адам шынымен жазылды ма, жоқ па, оны тек дәрігер ғана біледі. Ал басқалар 
аурудың көңілін сұрауға асығуы керек.
Әшейіңде
Бауыржан көшенің арғы бетіне ойлана
-
ойлана 
өтер еді. Өйткені аурухана мен Бауыржандардың үйінің арасындағы Коммунист көшесі —
қаладағы
ең үлкен көше. Қашан болмасын бұл көшемен машина ерсілі
-
қарсылы дамылсыз жосып 
жатады, өту қиын. Ал қазір, амал қанша, арғы бетте —
ауруханада әжесі жатыр, өту керек, көңілін 
сұрау керек. Әрине, көше қиылысынан өткен дұрыс
-
ақ, бірақ ол қайда
-
а, талай жер. Айналып 
жүргенше көше жиегіне барып аңдып тұрып, машина легі саябырси бергенде, лып беріп өте 
шықса болғаны.
Машина әрлі
-
берлі
зуылдап тынбай, жол бермей, Бауыржан көше жиегінде бір қауым уақыт 
тұрды. Ақыры сирексіді
-
ау, Бауыржанның да күткені осы еді, арғы бетті бетке алып салып ұрды. 
Көшенің
ортан белінен аса берген, дәл өкпе
тұсынан зы
-
ың
-
ң еткен дыбыс шықты.

Бала, тоқта! Неге көшені рұқсат етілмеген жерден кесіп өтесің? Тоқта!
Бауыржан жалт қарады. Сарыжолақ «Жигулиден» бір милиционер ағай түсіп жатыр. Амал 
қайсы, Бауыржан милиционер ағайға қарай жүруге мәжбүр болды.
Бауыржан мен милиционер 
ағай бетпе
-
бет келді.
Сол сәт милиционер ағай оң қолын милығына апарып, қаздиып қалт тұра қалды да:

Старшина Саудабаев, —
деді.
Бауыржан бірдеңе деу керек екенін сезе қойды.

Б
-
ба, жо
-
жоқ... үшінші сынып оқушысы Бауыржан Смағұлов, —
деп саңқ ете қалды.
 
-85- 


Старшина Саудабаев мырс етіп күліп жіберді.

Жарайсың, Бауыржан! Бүйтіп нық жауап беруді қайдан үйреніп жүрсің?

Теледидардан. Солдаттардан.

Дұрыс
-
дұрыс. Солдаттан үйрену керек. Ал енді көше тәртібін бұзғанды кімнен үйреніп жүрсің?

Ешкімнен. Өзім бұздым.
-
Мұның да дұрыс. Ендеше, үш сом айып. Ақшаң бар ма?
-
Бауыржанның екі көзі тас төбесінен шықты.

Ақшам жоқ.

Жоқ болса, әке
-
шешеңнен әкел.

Олар бермейді.

Енді кім береді?

Әжем


Е
-
е, онда әжеңнен әкел.

Әжем
ауырып жатыр мына ауруханада.
-
Сен қайда бармақсың енді онда? Отыр үйіңде, бүйтіп тәртіп бұзғанша.

Мен әжеме барам. Көңілін сұраймын. Сонда әжем тез жазылады. Соған асығып бара 
жатырмын.

Өй, жолың болғыр, бағанадан бері сөйдемейсің бе? Әжемнің көңілін
сұраймын де. Сұра
-
сұра. 
Бара ғой. Әжең тез жазылсын!
Бірақ ендігәрі көше тәртібін бұзба. Қиылыстан өт. Әжесінің көңілін 
сұраймын деп бара жатқан балаға бағдаршам әр кез ашық —
жасыл көше. Сен барған соң әжең 
жарты ауруынан айығар, неғыпты?

Рақмет, ағай!
Мен кеттім.

Бара ғой, Бауыржан.
Бауыржан Смағұлов пен старшина Саудабаев алғаш қату болғанмен, өстіп, аяғы тату болып 
ажырасты.
Қанша
көріп жүргенмен, елең қылмапты, сөйтсе төрт қабатты сұрғылт үйдің есік
-
терезесі көп екен. Бәріне жұрт кіріп
-
шығып жатыр. Бауыржан қайсысына беттерін білмей, дел
-
сал 
болып біраз тұрды. Осылай тұра берер ме еді, кім білсін, дәл қарсыдағы есіктен ақ халатты ағай 
шықпағанда. Неге екенін ақ халатты ағай Бауыржанға бір сәт қадала қарап қалды. Содан соң:

Ия, балақай, кімге келдің? —
деді.
-
Әжеме


Әжең
кім?
-86- 



Әжем, әже. Ағай жымиды.

Әжең
әже екені рас қой. Фамилиясы кім дегенім де.

Фамилиясы кім? Біл... жо
-
жоқ. Білем. Тұра тұрыңызшы, ойланайын.

Өз
атың, фамилияң кім?

Бауыржан Смағұлов.

Е
-
е, болды. Әжеңнің фамилиясы —
Смағұлова.

Жоқ, олай емес.
Әжем көкемнің емес, ағамның мамасы. Олардың фамилиясы бөлек. Қалай еді? 
Т
-
т... Тасболатова.

Міне, жігіт! Жарайсың, таптың. Еңді әжеңнің ауруын айт, қай есікке кіретініңді көрсетіп 
жіберейін. Әжең немен ауырады?

Білмеймін.

О, о, оның қызық екен. Адам бізде ауруына қарай бөлім
-
бөлімге бөлініп жатады. Әжеңнің 
ауруын білмесең, болмайды. Мен көмектесе алмаймын.

Бауыржан қорқып кетті. Әжесін енді таптым
-
ау дегенде қарашы енді!

Ағай, білем
-
білем. Әжемнің белі ауырады, екі тізесі басқызбайды, сүйек
-
сүйегі сырқырап 
қақсайды, көзі жөңді көрмейді, құлағы жақсы естімейді.

Дәрігер ағай күліп жіберді.

Әй, Бауыржан, айтқаныңның бәрі дұрыс. Оларыңның диагнозы біреу
-
ақ. Оның аты —
кәрілік. 
Ал сенің әжең белгілі бір аурумен келген болуы керек бізге. Сен соны біліп кел.

Білем. Қазір.

Немене, үйлерің жақын ба еді?

Жақын. Әне, ана үй.

Е
-
е, бізге көрші екенсің ғой. Онда бар да, біліп кел. Сөйте ғой. Әжеңді іздеп
шыққан екенсің, 
тап, көңілін сұра. Сен көңілін сұрап барсаң, әжең ауруынан тез айығады. Аурудың көңілін аулаған 
жақсы. Адамның ақ пейілі —
шипа.

Мен оны білемін, ағай.

Қайдан


Әжем
айтқан.

Солай, ендеше. Бар, жүгір үйіңе.
Бауыржан жалт бұрылып, үйіне қарай жүгірді. Амал
 
-87- 


қайсы, старшина Саудабаевқа берген уәдесі бар, сонау қиылыстан барып өтеді. Кім білсін, 
көшені кесіп өтсе, старшина тоқтатпас та. Тоқтатса, әжесі үшін асығып жүргенін айтар еді. 
Уәденің аты —
уәде. Адам сөзінде тұруы керек.
Бауыржан жүгіре басып барады. Бүл әжесінің көңілін неғұрлым ертерек сұраса, ол 
солғұрлым жылдам жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет